Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының пайда болу тарихы



Дата08.06.2018
өлшемі37,36 Kb.
#41167
Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының пайда болу тарихы

Этникалық қауымдастық, этнос, бір-бірімен әлеуметтік-экономикалық байланыстағы, өзара түсінікті тілде сөйлейтін адамдар арасындағы белгілі бір аумақта қалыптасады. Олар өмір сүру жолында белгілі бір мәдени тұтастықты сақтайды және өздерін жеке дербес топ ретінде сезінеді. Оның қалыптасуында ең алдымен аумағы мен тілі маңызды рөл атқарады. Кейде топтасқан сан алуан халықтардан да тұруы мүмкін (мыс., АҚШ, Австралия, Үндістан, т.б.). Этникалық көші-қондардың қалыптасуында дін, нәсілдік жақындық қосымша рөл атқарады. Этногенез барысында, әсіресе белгілі бір табиғи жағдайлар әсерінен жүргізілген шаруашылық қарекеттер нәтижесінде этникалық көші-қонның рухани және заттай мәдениеттері, тұрмысы мен топтық психологиялық келбеті қалыптасады. Қауымдастық мүшелерінің ортақ таным-түсініктері орнығады. Ортақ сана арасынан ең алдымен қауымдастықтың қалыптасуы жайындағы таным-түсініктері ерекше байқалады. Мұның сыртқы көрінісі тікелей этнониммен байланысады.

Қалыптасқан этникалық көші-қон әлеуметтік ағза ретінде ұрпақ жалғастығы арқасында сақталып отырылады әрі дамиды, неке, мәдениет, тіл, дәстүр, т.б. арқылы беріледі. Тарихи үрдістер нәтижесінде ол өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Этникалық көші-қон теориясы туралы пікір таластар әлі күнге дейін толастаған жоқ. Әсіресе этникалық топтарды түрге бөлуде көмескі мәселелер жеткілікті. Әзірге этникалық көші-қонның тарихи түрлері – тайпа, халық, ұлт деп есептелінеді. Сондай-ақ белгілі бір жерде (аумақта) тұратын тұтас және әлеуметтік ұйымы бар этникалық. қауымдастықтар да, территориялық жағынан бөлек-бөлек (әр жерде) этникалық көші-қондар да кездеседі. Аталмыш термин кейде бірнеше халықты, яғни этно-лингвистик. топтарды атау үшін қолданылады (мыс., орыс, украин, поляк, т.б. «славян этникалық қауымдастығына», ал қазақ, қырғыз, түрікмен, т.б. түркі халықтарының этникалық көші-қон тобына енеді). Сонымен қатар, бір халықтың ішіндегі этнографиялық топтарды белгілеу үшін де этникалық көші-қон термині қолданыла береді (мыс., орыс ішінде – поморлар, кержактар; қазақта – үйсін, қыпшақ, т.б.). Бұл айтылған екі жағдайдың екеуі де “этнос” деп аталады.

Қазақ - қазақ болғалы "Әлемдік кеңістікке дәл осы ХХІ ғасырдағы кезеңдегідей қанатты серпінмен көтерілген жағдайы болмағаны баршаға анық. Қазақстан үшін мемлекеттік орнықтылық. Тәуелсіздік мәселесі - айрықша маңызға ие мәселе.

Тәуелсіздігімізді жариялаған күннен бергі уақыт, егемен мемлекет ретінде орнығу, әлемдегі өз орнымызды иелену, бүкіл халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатында жүзеге асыруға арналды. Бейнелеп айтсақ, атымыз барда желіп, жүріп жер танумен, асымыз барда беріп жүріп ел танумен " өтті. Мұның өзі сыртқы саясатымыздың айқындығын аңғартса керек. Біздің сыртқы саясатымыз нарықтық реформалардың негізінде елдің ырғақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған[9].

Ғаламдану жүйесінде интеграциясыз даму жоқ. Өркениетке жетем деген ел интеграцияның тізгінінен мықтап ұстанғаны жөн. Ал бұрынғыдай "Мен үлкен аға, сен кіші інісің" дегенге ендігі жерде біздің қазақ халқы көнбейді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары қазақ халқының тарихындағы ең үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Ата-бабаларымыздың сан ғасыр аңсаған арманы орындалды.

Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Бүгінгі таңға бүкіл дүниежүзі қазақ деген Ұлт бар екенін, қазақтың жері, Отаны - Қазақстан екенін біледі, десе де, Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық қатынас мәдениетін азаматтық келісіммен ұштастыру негізінде алға басып, келесі даму биігінен көріне беруіміз керек.

ХХ ғасырдың 90 жылы мен 2005 жылдар аралығында қазақ халқының орташа жылдық табиғи өсімі Қазақстан бойынша 120-125 мың, бұрынға Кеңес Одағы көлемінде (ТМД) 140-150 мың, ал әлемдегі барлық жиынтық санымен 165-180 мың адамға өсті. Статистикалық агенттіктің жүргізген санағы бойыншы 2002 жылдың ортасында қазақ халқының барша саны яғни, әлемдегі исі қазақтың толық саны 13 миллион 500 мыңға жетті. Яғни әрбір жеті жылда қазақтар бір миллионға өсіп отырады.

Қазір 17 миллионнан асты. Шетелдегі қазақ диаспорасы мен ирреденттерінің жартысы өз елі Қазақстанға оралатын болса, онда қазақтар саны республикада аттай 20 миллионға дейін өсіп, ал барлық тұрғындар арасында олар 75-80% құрамақшы.

Қазақ халқының даму динамикасы әсіресе, өткен ХХ ғасырда өте күрделі болды.

Қазақ өз алдына шаңырақ көтерген соңғы бес ғасырда алты мәрте (1723 жылғы - ақтабан шұбырынды, 1750 жылғы - Керей көшкен, 1916 жылғы дүрбелең кезіндегі көш, 1929-1932 жылдардағы аштық пен жұттан, 1932-1937 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннен бас сауғалаған көш) жат жерге үдере көшуді бастан кешірген екен. Әрине, бұл қазақтың көшқұмарлығынан емес, әлем кеңістігінде ел болып қалыптасу кезіндегі қазақ халқына тағдырдың салған ауыртпашылығынан туған көш еді. Қазақтардың кейбір бөлігі қараптан-қарап өз елі шекарасының сыртында қалып қоюы да кездесіп отырған. Бұндай жәйттер қазақ мемлекетінің мемлекет есебінде әлсіз тұстарына сәйкес келеді. Мысалы, 1864 жылы Қытай мен Ресей мемлекеттерінің қазақты ту сыртынан екіге бөліп тастауынан өр Алтай қазақтары Қытайға, ал 1950-1960 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше аудандарында тұратын қандастарымыз кеңестік саясаттың кесірінен Ресей мен Қытайдың жасаған келісім шартының құрбандары болған ата-бабаларымыздың ұрпақтары[10].

Алыс шетелдердегі қазақ бауырларымыздың сол елге тұрақтап қалғанша бастан кешкен қиындықтары да әрқилы. Мысалы, Түркияның қол астына кірген қазақтардың қиын-қыстау сапарлары былай болған көрінеді: ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Кеңес Үкіметіндегі саяси науқанға шыдамаған жүз мыңнан аса отбасы алдымен Өзбекстаннан Тәжікстанға және одан әрі Тәркіменстаннан өтіп, Ауғанстанның Андхой қаласына жинала бастайды. Оларға Ауған Үкіметі шарасыздық танытып,қазақ көшпенділерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайды. Сол кездегі Үкімет басшысы Хашим хан олардың көпшілігін әскердің күшімен Чахнасор аймағына жер аударып жібереді. Осы аймақта қазақ көшпенділері 90 пайызынан айрылды. Тірі қалғандары ол аймақтан тезірек кетуді ойлап, Кабулға қарай жол тартады. Онда ел ақсақалдары Ауған каролі Закир шахқа жолығып, көрген қорлықтарын айтып шағынады. Ол қазақтарға егістік жер, ақшалай жәрдем және тұруға рұқсат алып береді. Қазақтар егіс егуден бас тартып, Ауғанстанның солтүстік жағына көшіп кетеді. Басқа бір тобы Балх қаласына жиналды. Сол жерде тағы да оба, шешек ауруларына ұшырап, жүздеген кісісінен тағы айрылады. Аман қалғандары Мазари-Шериф, Маймана, Херат, Акча, Шұбырған, Құндыз, Фейзабат, Сарекул қалаларына топ-топ болып тарайды.

1970 жылдан кейін жағдайы болғандары Түркияға (Стамбулға) кете бастайды. 1979 жылы Ауғанстанға Кеңес әскерлері кірген соң, қазақтардың көбі Пәкістан, Иран және Түркия мемлекеттеріне барып бас сауғалайды. Сол кездегі Түркия мемлекет басшысы Кенан Еврен 60 қазақ отбасын ұшақпен Пәкістаннан алып келіп, жергілікті халыққа теңестіріп, Қайсери облысына орналастырған. Кейіннен Иранға жүздеген Ауған қазақтары Түркия шекерасынан өтіп 1981-1993 жылдары арасында Стамбулдағы жақын туыстарының жанына көшіп келеді. Қазақстан Үкіметі 1993 жылы күзде Түркия, Ауғанстан, Ирандағы қазақтарды арнайы ұшақпен туған еліне әкеліп қосты.

Соғыстан соңғы 60 жылда (1945-2005) санымыз Республика көлемінде 4 еседен артық өскен (2,1-8,7 млн). Ал енді осы кезде проценттік үлес салмағымыз тың игерілген жылдардағы мен салыстырғанда (1955 жылы -27%) бүгінде екі есеге қайта көтерілді.

Қазақ халқының демографиялық дамуы туралы сөз болғанда, әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты оның аман қалған санының жан-жақтағы шоғыры мен шашырағаны жайлы, яғни, Қазақстаннан тыс жерлердегі қазақ диаспорасы туралы айтпай кете алмаймыз. Қазіргі диаспораларымыздың қиын мәселелерін көтеру тек мемлекеттік егемендігіміз, ұлттық мүддеміз, халықтық бірлігіміз тұрғысынан ғана қажет болып отырған жоқ. Ол - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, өткеннің қатесін түзету, адам құқын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мәселелерді қамтиды. Соған орай қазақтың шашыраңқы диаспорасы қанша, олар қалай қалыптасқан деген сауалдарға жауап берейік. Бұл - біздің жас мемелекет ретінде дербес демографиялық саясатымыздың басты мәселелерінің бірі.

Диаспора деген грек сөзі, шашыранды өсу деген мағынаны білдіреді. Басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендерді немесе шоғыр болып отырғандарды диаспора, ал өз атамекеніне оралғандарды репатрианттар дейді. Диаспораны қазақша "шашыранды" немесе "шоғыр", ал репатрианттарды "ізгі тілекпен еліне қайтқан майталман оралмандар" деп атаймыз. Ал екі халықтың ортасында отырып, не онда жоқ, не мұнда жоқ, сөйтіп ұлтаралық өтпелі жағдайда қалған дүбараларды – "маргиналдар" деп жүрміз. Екі ұлттың арасындағы аралас некеден туған шаталарды – "метистер" дейміз. Олардың саны 1989 жылы 450 мыңға жетіп жығылды. Ал енді іргелес мемлекеттерде тұратын, бірақ өз атақонысында отырғандарды - ирредент деп атаймыз. Өзбекстан, Ресей, Қытайда тұрып жатқандар - міне, осы ирреденттеріміз [11].

Кеңес Одағы ыдырап, біз өз жас мемлекетімізді құрғанда, саны қалың көрші елдердегі қандастарымыз мемлекеттік шекараның арғы бетінде қалып қойды да біздер үшін ирреденттерге айналды.

Қазақстанмен іргелес болса да тыс жерлерде саны қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай жерлерге тарыдай шашырап кеткен барша қазақ диаспорасының жалпы саны 6 млн 500 мың деп есептелінді. Олар барша саны 17 миллионнан асқан туған халқымыздың 40%-ын яғни, бестен екісіне жуыған құрайды. Қазақ халқының сырт елдердегі осыншама мол шашырандысын салыстыратын болсақ, туысқан қырғыз халқынан біршама көп, ал түркімендермен бірдей, башқұрттардан үш еседей көп[12].

Бәрінің басын қоссақ, бір қауым халық екені белгілі.

Қазақтардың 2014 жыл қорытындысы бойынша барлық саны: Қазақстанның өзінде 17 миллион 110 мыңға жетті, ал бұрынға Кеңестер Одағының құрамында болған Республикаларда 3 миллион 840 мыңдай қазақ бар.



Ресейде ұлт болып қалу үшін қазақ тілінде оқыту және ұлттық тәрбие беру мәселесі маңызды орынға ие болып отыр. Онда қазақ - орыс немесе қазақ- татар "метис" дүбаралар жеткідлікті. Қазақстанға миграциялық ағым осы Республика мен басқа елдер жағынан біртіндеп күшейе түсуде. Есептеулер бойынша соғыстан бергі соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың жартысына жуыға, ал Тәжікстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені бойынша, алдағы он жылдықта Қазақстанға миллиондай қазақ қайтуы ықтимал. Енді көші-қонның жаңа тобы Орта Азия жағынан, әсіресе, Өзбекстаннан күшеюде.

Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренаға шығып, өз еркіндігі мен азаттығын әлемге мойындатуы - бұл тарихи оқиға. Қазақстан өз тәуелсіздігін қолына алып дүниежүзіне өзін паш етуі қазақ ұлты үшін де үлкен мәре, зор жетістік болып табылады. Жалпы қанша ғасырлар бойында Тұран даласында жері мен елін аман алып, дамытуға тырысқан, азаттық деп үш жүз жыл бойында күрескен қазақ халқы үшін тәуелсіздік пен азаттық үлкен белестен асқанмен, биік шыңға жеткенмен тең екені күмәнсіз.
XX ғасырдың 90 жылдарында еркіндікпен енді ғана аяқ басқан еліміздің алғашқы таңдарында бірнеше жетістікті және табысты істермен толастағаны белгілі. Ең алдымен азаттық иісін барша жұртқа сездірту үшін кеңес өкіметімен өшуге шақ қалған тілінің және дінінің ерекшеліктерін, рухани дүниесінің құндылықтарын қайта жаңғыртып қолдап, қолпаштауды бастады. Халық жауы атанған қазақ ұлтының жанашыр ұлдарын қайта қарастырып атап алдық, сонымен қатар тарихи беттерімізге қайта қарап оң мен солды ұлттық көрініске орай қайта - қайта айыруды таныдық. Ал Қазақстан Республикасының көк байрақты желбіреткелі қазақ ұлтына деген ең басты атқарған ісі мен игі әрекеті 1992 жылы Дүниежүзі қазақтар ќұрылтайын ұйымдастырып өткізуі болып табылады. Сонымен қатар аталған Дүниежүзі қазақтар ќұрылтайында қазақ ұлтының жан - жақты өзекті мәселелерін қарастырып, бірегей мақсаттарын дамыту міндетімен Дүниежүзінің қазақтар қауымдастығы құрылды. 
Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт санасы, әдет ғұрпы - барша қазаққа тән, оның ғажап рухани қазынасын да бөліп жаруға жатпайтын ортақ байлық.
Қазақтар тығыз орналасқан Қытай, Өзбекстан, Ресей, Туркия, Монғолия тәрізді елдерден халық арасындағы мұражайларындағы қазақтың тарихына, мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне қатысты қазына байлық барша халқымыздың игілігіне қызмет етуі керек.
Бұл орайда Дүниежүзінің қазақтар қауымдастығы қолға алып, жүзеге асырған істері кеңінен қолдауға тұрарлық. Осылайша Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтан қолдау тапқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қызметінің негізгі бағыттарын анықтау және оның қандай мақсаттар мен міндеттер алдына қойғанын, оның бүгінгі Қазақстан дамуына сай жұмыс атқаратынын, қазақ ұлтының қоғамының талаптарына жауап бере алатындығын анықтау жұмыстың басты өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастығынан беделді орындарды иемденіп, дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатын алға қойған дәуірінде Дүниежүзі қазақтар қауымдастығына жан - жақты тарихи және ғылыми сипаттама беру ғылыми маңыздылықты иемденіп ғана қоймай, сонымен қатар отанымыздың дамуы барысында өзекті болып табылады. Осылайша ата-бабаларымыз аңсаған бірлік пен азаттық тізгінін қолға ұстағанымызды да байқатамыз. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы азаттық туын көкке көтерген сәттен мәдениетімізді, әдебиетімізді, өнерімізді жалпы айтқанда рухани құндылықтарымызды ашып дүниеге паш еттік. Осы кезден бастап тарихымызда шетелдердегі қандастарымызбен тығыз байланыс жасау, осы байланыстарды ғылыми тұрғыдан қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. 
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының құрылуындағы тарихи маңызы, оның 23 жылдық белесте қазақ диаспорасы және дүниежүзі қазақтарымен арасындағы байланысы қызметін, мақсатын және міндеттерін ашу. Жиырма үш жылдық көлемде атқарған іс-шараларын көрсету жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Қауымдастықтың қазақ диаспорасымен әлеуметтік, мәдени – рухани, саяси байланыстары туралы мәселелерді ашып көрсету.

«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз  мемлекеттер  қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге»  қосылды.

Республика аумағында бір неше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.

Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғызстан, Тәжікстан,Турікменстан, Өзбекстан мүше болды.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.

Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болды.

Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 24 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету — бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады.

Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды.

Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.

Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтынвалюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2015 жылға дейін алтынвалюта қорының көлемі 11 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқысаяси мақсаттар қойып отыр.

Сарапшылар көзқарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мумкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі мен мемлекеттің табиғи байлыкқары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуда.





  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9

  2. Жоғарыға көтеріліңіз Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т./ Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет. ISBN 9965-34-816-2

  3. Жоғарыға көтеріліңіз Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет