Тест
1.Етістік дегеніміз не?
А)Заттың не құбылыстың атауын білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
В) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін сөздер.
С) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
Д) Заттың сапасы мен сынын, көлемі, түр- түсі, сипатын білдіретін сөздер.
2. Төмендегі сөз таптарының ішінен етістікті ажыратыңыз.
А) Әдемі, жақсы, жалқау, қызыл В) Адам, табиғат, қар, үй
С) Бес, алтыншы, төрттен бір, жетеу Д) Бар, кел, ойна, оқы
3. Дара етістікті табыңыз.
А) Жауып тұр, бара жатыр, ойнап жүр
В) Жауды, ұқпа, үтікте, сана
С) Тарсылдады, тәрбиеледі, айдап келді, басқарып отыр
Д) Барып еді, келген екен, жүріп келе жатыр, айтып барған еді
4. Туынды етістіктерді ажыратыңыз.?
А) Ойна, шегеле, басқар, арқала
В) Ал, айтқыз, келер, тұр
С) Оқы, ақ, айт, жаса
Д) Айтып тұр, білді, тындырады
5. Есім сөздерден етістік тудыратын жұрнақтарды табыңыз..
А) –мақ, -мек, -ғалы,- гелі, -у
В) –ын, -ін, -с, -тыр, -тір
С) –ғыз, -гіз, -ар, -ер, -ып, -іп
Д) –ла, -ле, - да, -де, -ық, -ік, - қар, -кер
6. Үнемі көмекшілік қызмет атқаратын көмекші етістіктерді табыңыз.
А) айт, сөйле, отыр, жүр
В) е, де, ет, жазда
С) жатыр, тұр, бар, қайт
Д) ер, бара жатыр, келіп отыр, жаз
7. Болымды етістік дегеніміз не?
А) Іс- әректтің болмауын, орындалмауын, жүзеге аспауын білдіретін етістіктер
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістік
С) Күрделі етістіктің құрамында келіп, көмекшілік қызмет атқаратын етістік
Д) Іс- әректтің болуын, орындалуын, жүзеге асырылуын білдіретін етістіктер
8. Болымсыз етістіктер қалай жасалады?
А) Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ба, -бе, -па, -пе, -ма, -ме жұрнақтарының жалғануы арқылы және белгілі шақ тұлғасындағы болымды етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы
В) ) Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер жұрнақтарының жалғануы арқылы және болымды етістікке еді, де сөздерінің тіркесуі арқылы
С) Негізгі етістікке –ын, -ін, -н жұрнақтарының жалғануы арқылы
Д) Туынде етістікке –дыр, -дір, тыр,-тір, ғыз,- гіз жұрнақтарының жалғануы арқылы
9. Сабақты етістік дегеніміз не?.
А) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістік
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістік
С) Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік
Д) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі
10. Салт етістіктерді ажыратыңыз.
А) сөйледі, сұра, жаз, көр
В) баста, секірді, құлап қалды, ұшып түсті
С) бардым, сырласты, шықтың, мақтанды
Д) құйды, айтты, бар, келіс
11. Етістің түрлерін табыңыз.
А) Жалпы, болымсыз, көмекші, негізгі
В) Дара, күрделі, негізгі, туынды
С) Салт, сабақты, болымды, ортақ
Д) Өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ
12. Өзгелік етіс жұрнақтарын ажыратыңыз.
А) –ын, -ін, -н, -ыл, -ыл, -л
В) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір,-ыр, -ір, -т
С) –ыс, -іс, -с, -ын,-ін,-н
Д) –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р
13. Есімше дегеніміз не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктің түрі
С) Есімдер сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын
етістіктің түрі
Д) Негізгі қимыл- амалды және негізгі қимылды айқындайтын, қосымша қимылды білдретін
етістіктің түрі
14. Көсемшенің жұрнақтарын табыңыз.
А) –ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі
В) –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с
С)-атын, -етін, -йтын, -йтін
Д) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір,-ыр, -ір, -т
15. Тұйық етістік дегеніміз не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі
В) Зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс – әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі
С) Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік
Д) Іс- әректтің болуын, орындалуын, жүзеге асырылуын білдіретін етістіктер
16. Дұрыс жазылған тұйық етістікті табыңыз.
А) Оқыұ, йіру, бұу, жүу, байыу
В) Оқу, йру, бууу, жұу, баию
С) Оқыу, іиіру, бу, байу
Д) Оқу, иіру, буу, жуу, баю
17. Өзге етіс формаларына таяныш болатын, мағыналарын, қызметтерін салыстырып айқындайтын форманы етістің қай түріне жатқызамыз?
А. Негізгі етіс
В.Ортақ етіс
С. Ырықсыз етіс
Д.Өздік етіс
18.Өзгелік етістіктің жұрнағын табыңыз?
А. –Дыр,-гіз,-т
В. –Ыс,-іс,-с
С. –Ған,-кен,-ген
Д. –Ын,-ін,-н
19.Өздік етісті табыңыз?
А.Арай өзі киінді
В. Үй жыйналды
С. Сурет ілінді
Д. Анасымен сырласты
20. Негізгі етісті табыңыз?
А.Сұрап қой, түсініп ал
B. Көріс, келіс
С. Жастар ойласты
Д. Іздеу салыс, ат салыс
21. Ортақ етістің жұрнағы?
А. –С (-ыс, -іс)
B. –Лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес)
С. –Т; -тыр, (-тір, -дыр, -тір)
Д. -Лас,-лес,-та,-ма,-ме,
22.Іс-әрекеттің қимыл иесіне тікелей қатыстылығын анықтайтын етіс түрі қайсы?
А.Өздік етіс
В. Негізгі етіс
С.Ортақ етіс
Д. Ырықсыз етіс
23.Ырықсыз етістің жұрнағы төмендегілердің қайсы қатарында дұрыс көрсетілген?
А. -Ыл (-іл, -л)
В. -Ын (-ін, -н)
С. -Ын (-ін, -н)
Д. -Да(-та,-те)
24. «Қой қамалды; үй жиналды; жіп үзілді» -деген мысалдар қайсы етіске мысал бола алады?
А.Ырықсыз етіске
В.Өздік етіске
С.Өзгелік етіске
Д.Негізгі етіске
25.Қазақ тілі етістіктерінің грамматикалық семантикасымен байланысты қалыптасқан құбылыс?
А.Салт және салалас
B. Cалттық пен сабақтылық
С.Етістер
Д. Сын есім