Байназарова Шынжан Каржаубаевна А есебі
Ақтөбе қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы
Мектептегі мұғалім көшбасшылығы 03.03.2020ж
Түйінді идеяларды білуі және түсінуі
А1 Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлекциялық есеп
Білім сапасының кілті – мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында – «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және мұғалімдер оқушыларды «ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген маңызды мәселе қойып отыр. [1.4б.] Бұдан түйіндегенім, мұғалім табысты оқыту мен табысты оқуды жақсартуы үшін осы сұрақтарға жакап беруге тұрарлық ұстаным, көзқарас, шешім мен нақты іс-әрекет болуы шарт деп санаймын. Қазіргі кезде білім беру саласында оқушылар үшін терең білімінің де, соған сәйкес тәжірибелік дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі тұжырым қалыптасты. Заманауи оқыту тәсілдерінің негізгі ерекшелігі оқушылардың білімді тек меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде орынды қолдана білуіне басты назар аударуы – ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мән-маңызына барынша сәйкес келеді. Бiлiм берудi сапасын арттыру үшiн мaңыздырақ бoлып тaбылатын қазiргi eң негізгі пeдaгогикaлық ұғым – сыни тұрғыcынан ойлау. Бұл мoдуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауын дамытуды саналы оймен қабылдауына негіздейді. Сол себепті мен өзімнің тізбектелген сабақтар топтамамды жоспарлауда осы сын тұрғысынан ойлау модулін негізге алдым. Аталған модулде бақылау, тәжірибе, талдау және пайымдау нәтижесінде оқушылар берліген ақпаратты ұғады, бағалайды, талдайды, және соны әрекет жасауына түрткі болады, талдауда қолданады. Сын тұрғысынан ойлау модулі балалардың бiр затты елестетуге бaлaмалы шeшiмдер қабылдауына, ойлау және iс-әрекеттiң жаңа тәсiлдерін енгізуге дайын болуын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасқан оқушылар проблемаларды анықтап, оны шешуді көздейді, тиісті ақпаратты жинап, нақты, анық және түйсініп қолданады, шынай қорытындылар жасап, сараптап күнделікті шынайы өмірде қолдана алады. [1.41] «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы курс барысында мен оқушылардың сыни ойлауына ықпал ететін тапсырмаларды алып, курс барысында меңгерген жаңа стратегияларды қолдандым. Оқушыға тапсырма бергенде «оқушы қалай орындауы керек?» және «орындап болған соң талдауды қалай жүзеге асыруы керек?» деген мәселелерді басшылыққа алып жасадым. Қысқа мерзімді жоспарымды 5 класқа жоспарладым. 5 класс оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, тапсырмаларды да сын тұрғысына ойлауларына тиімді етіп дайындадым. Яғни, тапсырмаларды оқушылар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағыттадым. Мұғалім оқушылардың не білетінін және қандай жаңа ақпарат қосу керектігін анықтаған жағдайда кіші жастағы балалардың назарын аударуға болатынын атап өткім келеді. Сол кезде балалар өздерінің болжамдарын өндіру мен зерделеуге, сондай-ақ бағалау негізінде өз идеяларын қайта құруға мүмкіндіктері болады. Қысқа мерзімді жоспарлауды мақсат бойынша саралаудан бастадым. Яғни сабағымнан барлық оқушылар, оқушылардың басым бөлігі, кейбір оқушылар не меңгеруі керек деп мақсаттарға бөлдім. Сонымен қатар қысқа мерзімді жоспарды құру барысында оқушылардың бойында қалыптастыруға қажетті құндылықтарға жету үшін топтық оқыту әдісін пайдаландым. Топтық жұмыс және жұппен жұмыс жасау барысында оқушыларды өзара сыйластық, сенімділік қарым-қатынасты оқушылардың бойына қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы арқылы дарытамын. Топқа бөлу барысында сабақ тақырыбын назардан тыс қалдырмай, оқушылардың бір-біріне деген достық қатынасын нығайтуға, өзгелердің пікірі мен таңдауына құрметпен қарауға қалыптастыратын етіп бөлуді жоспарладым. Топтық жұмыс кезінде оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды топ ішінде бір-біріне көмек бере отырып, бір-бірінің қателерін түзеп, әрқайсысы өздеріне жүктелген міндеттерді орындайды. Сол арқылы олар өздерінің де, мұғалімнің де уақытын үнемдейді деп ойлаймын. Топтық жұмыс кезінде топтау арқылы саралау жүргіземін. Сонымен қатар топтық жұмыс кезінде оқушылар берілген тапсырманы өзге топтарға қарағанда жақсы, әрі тез орындау шығуы үшін талпынады. Қорыта айтқанда, топтық жұмыс жасауда оқушылар арасында жағымды атмосфера қалыптасып, белсенді оқуға қалыптастыруда рөлі зор. Сын тұрғысынан ойлау жайына келсек, біз көп жағдайда оқушының «меніне» аса назар аудармаймыз. Олардың өзгенің ойын тыңдауын және ортада өз ойын айтуын дамыта алмағанын ұғып жатамыз. Осы аталған қателіктерді өз сабағымда жібермес үшін, сабағымда жұптық жұмысты осы сын тұрғысына ойлау модулін басшылыққа алып отырып дайындадым. Яғни жұптық жұмыста дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды, тиісті ақпарат жинауды, болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды талап етеді. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулі бойынша тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағымда БЛУМ таксономиясы негізінде жоспарладым. Білу, түсіну бөлімдерінде оқушыларға проблемалық оқыту қағидасын қолдандым. Оқушыларға тақырыпты өздері анықтап, өз бетінше түсініп, білуіне бағыттадым. Содан кейін оқушылар өздері тақырыпты талқылап, түсінеді деп ойлаймын. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қолдана отырып оқушыларға сұрақтар беремін. Ал оқушылар сұрақтарға жауап беруге көшеді. Яғни сұрақтар қоя отырып, оқушылардың қызығушылығын оятуды қарастырамын. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына арқылы оқушылар миға шабуыл жасап, оқушылар бір-біріне спираль тәрізді бір-біріне сұрақтар қоя алады. Осы жерде оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады деп санаймын. Топтардан бір көшбасшы шығып басқаларға түсіндіре алады. Ал қолдану, талдау, жинақтау бөлімдеріне сәйкес топтық және жеке тапсырмалар беремін. Сабақты бекітуде берілген тақырыптың өмірдегі маңыздылығы қандай деген сұрақ қойылып, бағаланады. Көп жағдайдa cыныптағы талқылау мұғалiмнiң басқаруымен тақырып төңiрегiнде, оқушының дұрыстaп және орнымен ненi, қашан және қалай aйту қaжеттiгi сипaтында болaды. Көптeген сыныптaрдa оқушылaрдың әңгiмеге қатысуға құқықтaры шaмaлы. Мәселен, мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтады-ау деп оқушыдан күтуге болмас. Мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.[1.83б] Сол себепті сабағымды жоспарлау барысында жаңа сабақты меңгерту үшін диалогтық оқытуды басшылыққа алдым. Көп жағдайда мен өз сабақтарымда үй тапсырмасын сұрау мақсатында ғана диалогты пайдаланып келіппін. Алда жоспарлаған сабағымда диалогты жаңа сабақты меңгерту, сонымен қатар рефлекция кезінде «Сіз бүгінгі сабақта не үйрендіңіз?» , «Бүгінгі сабақтағы алған біліміңізді болашақта қандай жағдайда қолданамын деп ойлайсыз?» деген сияқты сұрақтарды қоямын деп жоспарладым. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатына сенемін. Диалогтық оқыту арқылы, яғни оқушыны диалогқа түсіре отырып, оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, өз сабақтарымды соған сай өзгертіп отыруға тиістімін деп ойлаймын. Табысты оқытудағы тағы бір маңызды мәселе бағалау екені бәрімізге аян. Қазіргі таңда оқу мен оқытуда көп мұғалімдерге қиындық туғызатын осы бaғaлaу процесі. Мeн үшiн дe бaғaлaу әрдaйым күрдeлi мәсeлe болатын. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.[1.88] «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы аясында оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша меңгергенім бойынша, алдағы сабақтарымда «Жетістік баспалдағы», «Табыс жолы», «Қол сигналдары» әдістері арқылы бағалауды жоспарлап отырмын. Мақсатым оқушылардың оқуына ықпал ету, Оқушылaрдың өз оқуын қалaй дамыту қажеттігін ұғыну үшін өздерін өздері бағaлай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын сыныптастарымен жұмыла жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Қорыта келе курста алған білімім алдағы уақытта сабақ процесін ұйымдастыруда жақсы нәтижеге жеткізеді деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» ҚР педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы «Мұғалімге арналған нұсқаулық»
Бекітемін:_________________
Мектеп директоры Г.Аманкускызы
Достарыңызбен бөлісу: |