Ааж құрылымы мен түсінігі, даму тарихы Ақпараттық жүйе туралы ұғым


Ақпараттық жүйелердің түрлері мен негізгі сипаттамалары



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі16,84 Kb.
#80786
1   2
Байланысты:
ААЖ құрылымы мен түсінігі

Ақпараттық жүйелердің түрлері мен негізгі сипаттамалары. Қазіргі кезде қолданылатын ақпараттық жүйелердің түрлері мен орындайтын функциялары әртүрлі болады. Осыған байланысты ақпараттық жүйелердің де көптеген түрлері болады.
Ақпараттық жүйелердің классификациясын олардың сипаттарына байланысты жасауға болады:
- көлемі (ауқымы) бойынша;
- пайдалану саласы бойынша;
- ұйымдастыру тәсілі бойынша.
Ауқымы бойынша информациялық жүйелер үш түрге бөлінеді: жеке, топтық және корпоративтік.
Жеке ақпараттық жүйе дербес компьютерде құрастырылып, тек бір ғана пайдаланушы жұмыс істей алатындай болады. Олар локальді деректер базасын басқару жүйелеріне (ДББЖ) негізделеді. Мұндай ДББЖ-лерге жататындары: Clarion, Clipper, FoxPro, Paradox, dBase, Microsoft Access.
Топтық ақпараттық жүйелер ұжымдық пайдалануға арналған; олар локальді есептеу желісіне негізделеді. Бұл жағдайда деректер базасының сервері (немесе SQL-сервері деп аталынатын) қолданылады. Мысалы, іс жүзінде Oracle, DB2, Microsoft SQL Server, InterBase, Sybase, Informix деп аталынатын деректер базасының серверлері жиі қолданылады.
Корпоративтік ақпараттық жүйе ірі компанияларда қолданылады; оның кең тараған тораптары мен желілері болуы мүмкін. Олар көбінесе бірнеше деңгейден тұратын иерархиялық құрылымды болады. Мұнда пайдаланылатын серверлер: Oracle, DB2, Microsoft SQL Server.
Пайдалану саласы бойынша ақпараттық жүйелер төртке бөлінеді: транзакцияларды өңдеу мен шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелері, анықтамалық - ақпараттық және офистік ақпараттық жүйелер. Транзакцияларды өңдеу жүйелері дестелік (пакеттік) және оперативтік болып екіге бөлінеді. Мұнда көбінесе транзакцияны оперативтік өңдеу (OLTP-OnLine Transaction Processing) жүйесі қолданылады. Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелері (DSS-Decision Support System) әртүрлі күрделі сұраныстардың көмегімен деректерді алу мен талдау жасауды қамтамасыз етеді. Анықтамалық-ақпараттық жүйелер гипермәтіндік құжаттар мен мультимедиаға негізделген. Мұндай жүйелер Интернетте кеңінен қолданылған. Офистік информациялық жүйелер қағаздағы құжаттарды электрондық түрге келтіруге, іс қағаздарын автоматтандыруға және құжат айналымын басқаруға арналған.
Ұйымдастыру тәсілі бойынша топтық және корпоративтік ақпараттық жүйелер келесі кластарға бөлінеді:
- файл-сервер архитектурасы негізінде;
- клиент-сервер архитектурасы негізінде;
- көп деңгейдегі архитектура бойынша;
- Интернет/интранет негізінде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет