3. Курстың академиялық тұсаукесері:
Курс студенттердің болашақ мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие технологиясы бойынша кәсіби дайындау саласындағы өзекті бағыттармен танысады.Құзыретті МДҰ педагог тұлғасын қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптары мен ерекшеліктеріне бағытталған. Болашақ мектепке дейінгі педагог иелерін дайындауға қойылатын талаптарға сай, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қызметі жөніндегі негізгі білімдермен студенттерді қаруландыру- студенттерге ұстаздық шеберлік және педагогикалық іс-әрекет бойынша негізгі білімдер жүйесін меңгерту.Студенттердің педагогикалық тәрбиелік іскерліктері мен дағдыларын дамыту.
Оқу курсының түрі: МК
Пәннің мақсаты.
Болашақ мектепке дейінгі ұйымдарда студенттердің балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу саласына кәсіби құзыреттілігін, тәрбиеленушілермен өзара іс – әрекетінде тұлғаға бағдарланған позициясын қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
1.Қазіргі педагогика ғылымының теориялық негізімен, тәрбие саласы, мәні, заңдылығы, мазмұны, тәрбие үдерісінің құрылымы туралы білімдерін жинақтау;
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие үрдісін ұйымдастыру формасын және әдістерін, ұстанымдарын, мазмұнын түсіндіру;
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және даму заңдылықтары туралы педагогикалық білім жүйесін игертіп,шешім қабылдауды түсіндіру;
Кәсіби дамуы мен жетілуіне бағытталған педагогикалық мамандықтарына құндылық қатынасын қалыптастыру.
Бітірушінің жалпы құзыреттілігінің сипаттамасы:
ЖҚ1- талаптардың жеке деңгейін қалыптастыруға және объективті бағалауға қабілетті, ойлау мәдениетіне ие, ақпаратты жалпылауға, талдауға, қабылдауға, мақсат қоюға және оған жету жолдарын таңдауға қабілетті.
ЖҚ8- Әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың негізгі ережелері мен әдістерін қолдана алады, өзін-өзі дамыту және кәсіби өсу үшін өмір бойы өзінің білім траекториясын құра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |