Абай атындағы №31 жалпы орта мектебі Шығармашылық жұмыс



бет1/8
Дата07.01.2020
өлшемі0,79 Mb.
#55499
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мөлдір шығармашылық

Абай атындағы № 31 жалпы орта мектебі

Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланып оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру



Міндеті: Жаңа технология түрлерін қолдана отырып, оқушыларға ағылшын тілін өз бетінше үйренуге ықпал жасау, шығармашылық қабілетін жетілдіруге көп назар аударады.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі: М. Джунусова

№ 31 Абай атындағы жалпы орта

мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Джунусова Мөлдірдің

«Ағылшын тілі сабағында ақпараттық

технологияларды пайдаланып оқушылардың

сабаққа деген қызығушылығын арттыру»

тақырыбына жазылған баяндамасына



Пікір
Джунусова Мөлдірдің «Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланып оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында жазылған баяндамасының басты мақсаты ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдана отырып көру және тыңдау арқылы оқушыладың интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. XXI ғасыр-қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету –еліміздің болашағына қызмет ету. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай оқушыларға білім беру менің негізгі мақсатым.

Міндеті: Жаңа технология түрлерін қолдана отырып, оқушыларға ағылшын тілін өз бетінше үйренуге ықпал жасау, шығармашылық қабілетін жетілдіруге көп назар аударады.

Мектеп директоры: Ш. Тилеубергенова

АЙҚЫНДАМА
Бұл баяндамада «Ағылшын тілі сабағында ақпараттық - коммуникативтік технологияны қолданып оқушылардың ынтасын арттыру» жайлы айтылып; қазіргі өмір талабына сай компьютерлік технологиямен

сабақты байланыстырып, оқушылардың тілді жылдам меңгеруіне ықпал ету.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдана отырып көру және тыңдау арқылы оқушыладың интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жаңа технология түрлерін қолдана отырып, оқушыларға ағылшын тілін өз бетінше үйренуге ықпал жасау, шығармашылық қабілетін жетілдіруге көп назар аудару.



АННОТАЦИЯ
Этот доклад «Исползовать ИКТ и усилить мотивацию учеников в английских уроках» рассказали о компьютерные технологии, отвечающим всем современным требованиям и связывть это уроку, влиять ученикам быстро изучить английский язык.

Используя ИКТ с помощью слушание и визуализацы можно развивать

творческое и интелектуальные стороны в английских уроках.

Используя новые виды техники можно влиять ученикам самостоятельно изучить язык и развивать творческое стороны.



ANNOTATION
It’s report in «To use ICT in English lessons and to increase learners’ motivation» told about computer technology, meets all modern requirements

and use it in English lessons influence to learn language quickly.

To use ICT with aid listening and visualization can develop their creative and intellectual sides.

To use new forms of technology increase to learn language themselves and to develop their creative sides.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға

Абай Құнанбайұлы

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекеттаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күтірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де ықылас та жылдан жылға артып , оны оқытудың тиімді әдіс –тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстарын, тәжірбиеге енгізу шаралары қолға алынды . Елбасымыз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » атты Халқына жолдауында : «Тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуда ұсынды » яғни Қазақстан халқы бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс екендігін айтты. Қазіргі кезде тек ағылшын тілі сабағында ғана емес физика , информатика , химия ,биология пәндеріне де ағылшын тілін енгізу қарқынды жүзеге асып келеді.

Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр, негізгі талап-оқушылардың белсенділік, іс- әрекеттік сезімін оята отырып, жұмыс жасау. Осы орайды мен өз шығармашылық жұмысымды «Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланып оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру» тақырыбын таңдап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып бірнеше сабақ өттім. Оқушыларға сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану. Сабақты мазмұнды да, қызықты өткізу мұғалімнің жеке басының интелектісін оқу іс- әрекетін, өтілетін тақырыбының мазмұнын аша білу. Яғни, жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі деп білем.

Қазіргі кезде негізгі талап-оқушылардың белсенді іс- әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. « Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес» – деген екен.

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту , өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу, лингвистикалық білім көлемінің артуы.

Оқушылaрдың сабаққа деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Білім aлу процeсіндe ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушының тыңдау,сөйлеу, көру арқылы түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Оқушыларға оқыту  бaғдaрлaмaлaры, дәрістeрді қолдaнуғa aрнaлғaн элeктронды оқулықтaрды, дыбыстарды, интернет желісін пайдалана отырып сабаққа деген қызығушылығын арттыру Оқыту процeсін компьютeрлeндіру үрдісі мұғaлімдeрдің қызығушылығын, шығaрмaшылық іздeнісін, элeктронды оқулықтaрды жaсaу тeориясын жәнe олaрды іс-тәжірибeлeрдe қолдaну әдістeрін игeругe ұмтылысын тудырудa. Элeктрондық оқулықтың eрeкшeлігі модульдіккe сәйкeстігі, жоғaры мобильдігі мeн оқуғa, үйрeнугe икeмділігі. Қaзіргі зaмaнғы aқпaрaттық тeхнологиялaрды пaйдaлaну өз білімін көтeру тиімділігін дe aрттырaды. Мeнің өзім информaтикa пәні мұғaлімі болмасам да, әрбір сaбaғымдa AКТ тиімді қолдaнып отырaмын. Мысaлы, сaбaқтың мaғынaсын aшудa элeктрондық оқулықты, білімдeрін тeксeрудe тeст, т.б. түрлі тaпсырмaлaр орындaудa, мәлімeттeр іздeстірудe компьютeрді жиі қолдaндым. AКТ қолдaнa отырып жұмыс жaсaғaндa бaлaлaрдың қызығушылықтaры жоғaры болды, сыни ойлaу көзқaрaстaры қaлыптaсты.

Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:



  • Үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

  • Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады;

  • Сабаққа пайдаланатын көрнекіліктердің саны артады;

  • Оқушылардың шығармашылығын арттырады;

  • Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

  • Грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

  • Оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады.

  • Пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады.

Көбіне мен ағылшын тілі пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Компьютерде және ақпаратты пайдалану заман талабы.  Жаңа замандағы – жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процесінде жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.
Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын қолдану, жаңа әдіс - тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы.

Сабақтарымда оқушыларға тіл көрнекілігі дегеніміз - сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру.


Сөздің мағынасын түсіндіру үшін қолданылатын контекстке мынадай талаптар қолданылады. Контексттерге грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөзге аударылады.
Сөйтіп сабақта шетел тілі атмосферасы жасалады. Бірақ бұл тәсілдің кемшілігі – оқушылар жаңа сөздің мағынасы ана тілінде оған балама тапқандай түсінеді, яғни оны бәрібір ана тілінде аударады. Мысалы, ағылшын тілі сабағында 1 - 11 сыныптар үшін арнайы электронды әдістемелік құралдың құрылымы мынадай: оқушы мектеп бағдарламасындағы «Саяхат», «Білім», «Денсаулық», «Қоршаған орта», « Жастар және уақыт» деген негізгі тараулармен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. Әрбір тараудан оқушы мынадай мәліметтерді жеңіл және шұғыл түрде таба алады.
Тақырыпқа байланысты мәтіндер
Тақырыпқа қатысты суреттер мен сызбалар және компьютерлік анимация элементтері
Сөздік қорды толықтыруға жаттығулар
Грамматикалық тестер
Бұл оқулықтармен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады. Мұғалім олардың өздік жұмысына бағыт беріп, оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады да, оқушы белсенділігі артады. Уақытты пайдалануда тиімді.
«Ана тілін сабақта аластату мүмкін болғанымен оны оқушының сана – сезімінен аластату мүмкін емес»,- деп ғалым Л. В. Щерба өте дұрыс айтқан.
Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, азық түлік, сауда, киім, т. б.
Сөйлеу жұмыстары:
Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым - қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп - тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:
Жазуды оқыту.
Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс - әрекетті бір уақытта біріктіреді.
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық - грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио - визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. 
Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды - машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Ал мақал - мәтел дегеніміз қандай тіл болмасын, сол тілдің көркемдігін, нақышын беретін шұрайы. Сол себепті шет тілінде сөйлеуді меңгеріп қана қоймай сол тілде әдемі, шебер, көркем сөйлеу білуіміз керек. Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал - мәтелдерді беріп, одан бүгінгі өткен грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп орысша, қазақша аударып келуге берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады. Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын қолдану, жаңа әдіс - тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы. Біздің мақсатымыз рухани дүниесі бай, озық ойлы, айналадағы өмірге ғылыми көзқарасы қалыптасқан адамдар тәрбиелеу. Мысалы: ағылшын грамматикасында мақал мәтелдерді қолдануға болады.
The plural of nouns.
1. So many countries, so many customs. Что ни город, то народ. Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа.
2. Many words cut more than swords. Злые языки - острый меч. Сөз сүйектен өтеді.
Modal verb “Can”
I love learning English,
I can read,
I can write,
I can speak English too.
I love learning English
And what about you?
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымды құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал бітімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Қазіргі заманда ғылымсыз жан - жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр. Аталған мәселені өзіміздің тәжірибемізге жүгіне отырып шешкіміз келеді. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады.

Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. 


Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Білім шыңы» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал .

2. «Педагогикалық шеберлік» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал.

3. «Мектептегі шет тілі» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал.


4. А. Иманбаева, «Оқу - тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі». Қазақстан мектебі.


Ашық сабақтар




Long term plan unit: Unit 4.

School:

Date:

Teacher name:

Grade: 5

Number present:


Absent:


Theme of the lesson: Profession 1.


Learning objectives (s) that this lesson is contributing to

5W3. Write with support factual descriptions at text level which describe people, places and objects.

5UE2. Use quantifiers many, much, a lot of and a few on a limited range of familiar general and curricular topics.

Lesson objectives

All learners will be able to:

-To write short sentences about profession with support;

- describe professions with support using much, many, a lot of and a few.

Most learners will be able to:


  • To write sentences about professions with some support;

  • describe professions with some support using much, many, a lot of and a few.

Some learners will be able to:

  • To write sentences about professions;

  • describe professions without support using much, many, a lot of and a few.

Assessment criteria

To write descriptions about professions using much, many, a lot of, a few .

Value links

V5. Universal Labor Society.

Cross curricular links

Kazakh language.

Previous learning




Plan

Planned timings

Planned activities

Resources

Start
3 min

2.06 min

1. Greeting.

- Good morning children. How are you?

- Good morning teacher. We are fine.

2. Dividing the groups with white and red balloons.


Teacher: you are going to take only one balloon and sit the white or red balloons image is sticky in your desk.

3. Warm – up.

Lead-in Guided discovery task.

Watching the video about “ Professions” and explaining the theme of the lesson.

- What was the video about?




Red and white balloons

https://www.youtube.com/watch?v=VnP-Q7Y9bI0


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет