Абай атындағы Қазақ Ұлттық
Педагогикалық университінің
4 курс студенті Жамбыл Құралайдың
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік- есебі
« Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғылыми кеңесінің 2021 жылдың 27 тамыздағы №1 хаттама шешімімен бекітілген Академиялық саясатының 239-тармағына сәйкес бұйрықпен 07.11.2022-24.12.2022 аралығында Алматы қаласы, Медеу ауданы Ж.Жабаев атындағы №161мектеп лицейде педагогикалық практикадан өттім. Осы уақыт аралығында төмендегі қызметтерді атқардым.
Педагогикалық практиканың бірнші аптасында 07.11- 13.11 лицейдің оқу бағдарламасымен, оқушылармен, ұстаздармен таныстым. Алгебра және геометрия сабақтарға қатысып тәлімгерлерден тәжірибе жинадым.
Алгебра пәні бойынша 7«В» сыныпқа келесі тақырыптарда сабақ өтілді:
-
Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы
-
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
-
у= ах^2; у=ах^3; у=k/x түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері
-
Бас жиынтық және таңдама
-
Абсолюттік жиілік және салыстырмалы жиілік т.б
Геометрия пәні бойынша үшбұрыштар бөліміне тоқталдық. Үшбұрыштың бииссектрисасы, медианасы, биіктігі, үш теңдігі тақырыптары өтілді.
07.12.2022 күні 7«В» сыныбына ашық сабақ өттім. Тақырыбы: у=k/x түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері
Достарыңызбен бөлісу: |