Абай атындағы ҚазҰпу-нің хабаршысы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №3(71), 2020 139 мрнти



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата20.05.2024
өлшемі0,87 Mb.
#202533
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
74-Текст статьи-700-1-10-20210612
643122f79b2b2, 11 макала
 
Қорытынды.
Физикалық есептерді әр түрлі белгілері бойынша жүйелеуге болады. Ал, қойылған 
сұрақты зерттеу сипаты мен әдісі бойынша сапалық есептер -математикалық амалдарсыз, физикалық 
теориялар мен заңдарға негізделген ой-тұжырымдар арқылы шығарылатын есептер. Кез-келген 
есептерді шығару үрдісі белгілі бір мақсатқа бағытталады. Сондықтан, біз білімгерлерге есеп 
шығарудың айқын мақсатын қойған дұрыс деп есептейміз. Қазіргі кезде физиканы қолданбалы 
бағытта оқытуды жүзеге асыру, оқытушы үшін сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта 
пайдаланатын дидактикалық құралдар жүйесі жеткілікті деңгейде деуге болады. Физика оқытушысы 
арнайы дайындықсыз-ақ қажетті материалдарға сүйене отырып, физикадан практикалық маңызы бар 
есептерді шығаруды үйрете алады. Білімгерлердің алған ғылыми білімдерін қолданбалы бағытта 
дамытуға қажетті негізгі шарттарды атасақ:
- пәнді оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру, физикалық теорияларды оқып үйренуге көңіл 
аударуды күшейту, физикалық құбылыстар мен денелердің қасиеттерін түсіну үшін кеңінен 
пайдалану; 
- білімгерлерді физика жөніндегі ғылыми-зерттеулерде қолданылатын әдістермен (теориялық 
болжам, бақылау, эксперимент, эксперименттік фактілерді талдау және олардан шығатын 
тұжырымдар, тұжырымдарды практикада тексеріп көру) таныстыру; 
- зерттеу элементтерін физиканы оқу үдерісіне, білімгерлердің оқу қызметінің әр түріне үнемі 
араластырып отыру (оның ішінде есептер шығаруда), физиканың жекелеген тақырыптары мен 
мәселелерін оқып үйренуге зерттеушілік тұрғыдан қарауды жүзеге асыру. 
Болашақ физика мұғалімдерін қолданбалы бағытта дамытудың маңызды құралы – зерттеу 
элементіне қатысты есептерді шығару. Есептерді шығарған кезде білімгерлер есептеулер мен 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №3(71), 2020 г. 
144
өлшеудің ұтымды әдістерін тауып, техникалық қондырғылардың жұмысы қандай жағдайларда 
неғұрлым тиімді болатынын анықтайтын есептердің маңызы ерекше зор екендігін айқындайды. 
Қазіргі таңда білімгерлердің физикалық білімдерін практикалық маңызы бар есептерді шешуге 
қолдана алмау себептерін анықтадық. Біздің пікірімізше, мұның себебі – оқытушы білімгердің іс-
әрекетін ұйымдастыра алмауында. Ендеше, болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби даярлығын 
жетілдірудің міндеттерінің бірі – білімгерлердің сапалық қолданбалы есептерді шешуге үйрету іс-
әрекетін ұйымдастыруды қалыптастыру [5].
Педагогикалық іс-әрекет кезінде есептер шығаруда осындай жаңа әдістерді пайдалану, бірнеше 
маңызды төмендегідей әдістемелік мәселелердің шешімін табатынын анықтадық.
Біріншіден, сапалық қолданбалы есептерді шешу арқылы білімгерлердің шынайы әлемнің нақты 
объектілерін зерттеуде ғылыми түсініктері қалыптастырылады. Егер, білімгер тек қана нақты 
техникалық объектілерді пайдаланып есеп шығаратын болса, онда физика пәні бойынша білімдері 
тек оқулықпен ғана шектелуі мүмкін. Физикалық білімдерін бұлай қалыптастыру дұрыс емес. Физика 
– есептерді қалай шығару туралы ғылым емес, ол табиғат туралы ғылым. Шынайы әлемнің нақты 
объектілерін оқып үйрену кезіндегі ғылыми түсініктер обьективті түсініктер сияқты біздің 
информациялық технологиялар заманымызда маңызды және өзекті болып табылады.
Екіншіден, білімгерлер объектілермен емес, нақты құрылғылармен жұмыс жасайды. Сондықтан, 
оларды абстракциялаудың әр түрлі деңгейлерін игеруілерін қалыптастыру қажет. Мұндай қабілет 
күрделі техникалық жүйелерге әсер ететін маңызды факторларды бөліп алуға, ал ықпалын ескермеуге 
болатын маңызды емес факторларды алып тастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нақты 
обьектінің алдымен физикалық мәнін айыру, математикалық аппаратын түсіну, оны шешу, алынған 
шешімдерді құрастырылатын техникалық жүйелерге пайдалану қажет. Осындай дағдыларды 
қалыптастыру «құзіреттілік» ұғымымен тығыз байланысты. Сапалық қолданбалы есептерді шығару 
осындай біліктерді қалыптастырады және білімгердің білім деңгейін, түсінуі мен қолдана білу 
деңгейін арттырады.
Үшіншіден, сапалық қолданбалы есептерді пайдалану білімгердің оқылатын пәнге деген 
танымдық қызығушылығын арттырады. Алған білімдерінің көкейкестілігін және оқылатын пәннің 
мотивін, қолданбалылығын пайдалану қажеттілігін түсінеді. Мысалы, білімгерге сұйықтар мен 
газдардың механикасы тарауындағы тұтқыр ортада қозғалатын дененің қасиеттерін қарастырғаннан, 
кеме мен парашютист туралы есепті шығарған қызығырақ көрінеді. Ал, алған білімдерін практикада 
қолдануға мүмкіндік алатындығын ескерсек, бильярд туралы есеп шығару екі дене соқтығысының 
импульсін есептеп табуға қарағанда анағұрлым қызықты болары сөзсіз. 
Төртіншіден, білімгер үшін танымдық ойлау арқылы оқу үдерісінде қолданбалы есептерді 
пайдаланудың маңызы зор. Сонымен қатар, есептерді шығаруға қажетті физикалық модельдер мен 
заңдылықтарды қолдана алу қабілеті артады. 
Білімгерлердің сапалық есептерді саналы тұрғыда шығару дағдысын тәрбиелеу үшін оқытушының 
олармен белгілі бір жұмыс жүйесі және ойластырылған оқыту әдістемесі болуы керек. Есепті дұрыс 
таңдап алудың маңызы да аз емес. Есептің алғашқы кездерінде білімгерлерге өз тәжірибесінен белгілі 
құбылысқа немесе фактілерге түсінік беретін есептерді ұсынған дұрыс болады. Олар мұндай 
есептердің өмірмен байланысы барын көреді. Білімгерлердің ой-өрісін кеңейту мақсатында 
есептердің шартына жаңа деректерді, техникалық мәліметтерді енгізген жөн. Есептерді таңдап алуда 
өндірістің сипатын және жергілікті жағдайларды ескерудің маңызы зор.
Оқу үдерісінде қолданбалы бағдарланған зертханалық және практикалық сабақтарды енгізу 
тәжірибесі де кеңейтілуде. Бұл үдеріс көбіне оқу процесіне оқу экспериментінің көмегіне АКТ 
кеңінен ендірілуіне байланысты.
Қазіргі таңда қолданбалы физика бойынша факультативті курстар жүйесі даму үстінде 
(О.Ф. Кабардин, 
В.А. Орлов). 
Қолданбалы 
тақырыптар 
бойынша 
элективті 
курстар 
ұйымдастырылған. 
Қазіргі таңдағы физиканы оқытудың қолданбалы бағдарлылығын жүзеге асырудың әдістері мен 
түрлерін саралай келе, осы түсініктердің ауқымы кеңейіп, нақтылану үстінде екенін анықтадық. 
Сонымен қатар, осы ұсынылып отырған оқытудың қолданбалы бағдарлылығының әдістері мен 
түрлерінің жиынтығын тереңірек саралау мәселелесі бар екенін және оның құрылымының пәндік 
ерекшеліктерін айқындау қажеттілігіне көз жеткіздік.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқытушы инновациялық білім ортасын құруды қамтамасыз етуі 
қажет. Сол үшін оқытушы оқытудың қоданбалы бағдарлылығын жүзеге асырудың дәстүрлі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет