Мінездеме Малик Дилназ 10.11.2021-16.11.2021 ж. Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 2”Ә” сыныбында “Мектептегі байқау практикасы” іс-тәжірбиесінен өтті. Осы уақыт аралығында өзінің білімділігін және біліктілігін іс жүзінде көрсетті. Алғашқы күннен бастап оқушыларды кішіпейілділігімен, мейірімділігімен өзіне тарта алды.
15.11.2021ж “Бақытты отбасы” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларға тәрбие сағаты барысында топтық тапсырмалар қолданылды. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты-оқушылардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алтын қазығы өз туған ұясы екенін ұғындыру.
Дилназ сынып оқушыларымен және ұстаздарымен жақсы тіл табысты. Болашақта білікті ұстаз шығатынына сенемін. Малик Дилназдың педагогикалық практикасын «5» (өте жақсы) деп бағалаймын.
№45 қазақ классикалық гимназиясының директоры: Шортанбекова Ф.С. ДҒӘІЖО: Маталиева А.Е.