Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбековтің 2013 жылғы кезекті есеп берудегі баяндамасының тезистері қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»



Дата11.01.2017
өлшемі153,85 Kb.
#7203
Абай ауданының әкімі Т.Мүсәпірбековтің 2013 жылғы кезекті есеп берудегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауда өткен 2013 жылы ауданда біршама жұмыстар атқарылды.

Барлық ұйымдастыру, саяси жұмыстар Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіруге, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтауға, адамзат құндылықтарын дәріптеуге, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталды.

Елбасының биылғы жылғы «Қазақстан жолы – 2050 – Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жалпы халықтың кәсіппен айналысып, табыс табуына, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен азаматтарға көптеген қолдау көрсетілетіні жайында кеңінен айтылған.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берген бірқатар мемлекеттік бағдарламалар ауданның әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Үкіметтік бағдарламалар игілігін дұрыс пайдалана білудің нәтижесінде аудан экономикасы көтеріліп, елдің әл-ауқаты артуда.

Осы орайда Абай ауданы мал шаруашылығын кәсіп еткен өңір болғандықтан мал шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік бағдарламаларды мүмкіндігінше максималды түрде пайдаланып келеді.

Былтырғы жылғы есеп беру кездесуде бірқатар пікірлер, сын-ескертпелер айтылған болатын. Соған байланысты не істелді, соларға тоқталсақ.

Былтыр «Дерикар» кәсіпорнын іске қосуға байланысты ұсыныстар түскен еді.

Соған байланысты Үдемелі индустриялық даму картасына «Дерикар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінде «Дерикар-Ертіс» кәсіпорны құрылып, бірінші реттік қой жүнін жуып, өңдеу, ланолин өндіру жобасы іске асырылды. Жобаның жалпы құны 192,8 млн. теңге.

Бүгінгі таңда кәсіпорын 84 адамды жұмыспен қамтып отыр. Күніне 2,5 тонна жүн жуылуда. Бүгінгі күнге жиыны 600 тоннадай жүн жиналды. Ауданның 72 шаруа қожалығымен, сонымен қатар Жарма ауданының 30 шаруа қожалығымен жалпы жиыны 102 шаруа қожалығымен жүн сатып алуға келісім шартқа отырды.

Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан берілетін көптеген жеңілдіктерді ауыл халқы, шаруа қожалық иелері толық білмейді деп айтылған болатын.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша «Ірі қара малын жетілдіру және экспорттау» мақсатында Көкпекті, Жарма, Бородулиха, Бесқарағай аудандарындағы шаруа қожалықтарынан және аудандағы «Шалипан» шаруа қожалығынан, Павлодар облысынан былтыр 86 шаруашылық өз қаражаты есебінен қазақтың ақ басты ірі қараның 179 бас аналық малдарын және 142 бас бұқалар, жиыны 321 бас асыл тұқымды малдар алды.

Сонымен қатар 608 бас асыл тұқымды жабы текті жылқы малы және 8968 бас қой малы сатып әкелінді.

МІҚ малына селекциялық жұмыстарын жүргізу үшін 2012 жылы 63 шаруашылық қатысқан болса, 2013 жылы 131 шаруа қожалығына қаралған 109 млн. 746 мың теңге (1 бас аналыққа-14000 теңге) субсидия қаражаты игерілді. Яғни тұқымдық түрлендіруге қатысатын шаруашылықтар саны 2 есеге артып отыр.

Қысқы уақытқа МІҚ малына қатаң азықтың бағасын арзандату үшін берілген субсидияға аудан бойынша 128 шаруашылықтың құжаттары өткізіліп, 36 млн. 311 мың теңге көлемінде субсидия игерілді.

Аграрлық несие корпорациясы және ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы отандық мал шаруашылығын қайта жаңғырту мақсатында, малдардың генетикалық әлеуетін арттыруда «Сыбаға» бағдарламасымен 2011 жылы 10 шаруа қожалығы 103 млн. 600 мың теңгеге, 2012 жылы 13 шаруа қожалығы 578 басты 106 млн. 266 мың теңгеге, 2013 жылы 750 бас МІҚ 140 млн 710 мың теңге несие қаражатына сатып алды. Жалпы бұл бағдарлама іске асқалы бері 350 млн.580 мың теңге игерілді.
Аудан көлеміндегі асыл тұқымды шаруашылықтар облыс бойынша алғашқылар қатарында болып, 2013 жылы 355 млн. теңге субсидия алды. Саржал ауылындағы қымыз өндірушілерге маусымды уақытта 6 млн. 800 мың теңгенің субсидиясы берілді

Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен және өз төлі есебінен өсу арқылы мал шаруашылығы біршама жақсы деңгейге көтеріліп, мал басы жылма-жыл өсуде.

Аудан бойынша 283420 бас қой–ешкі малы (100,0%), 40347 бас ірі қара (100,0%), 18520 бас жылқы (100,0%), 145 бас түйе (100,0%) қолда бар.

Ауданда 2013 жыл бойынша мал өнімдері: ет - 15482 т.(113,5 %), сүт - 22893 т. (108,0 %) т, жұмыртқа өндіру - 916.5 мың дана (105,8%) орындалды.

Ауданда асыл тұқымды шаруашылық саны 41-ге жетті, немесе 4-еуге артып отыр. Оның ішінде қоймен - 25, ірі қарамен - 2, жылқымен - 14 шаруашылық айналысады.

Былтырғы жылғы «Агробизнес-2020» бағдарламасының еліміздегі айқын көрінісі – республикалық «Шыңғыстау» жәрмеңкесі болды. Ауданда өндірілген мал өнімін өткізу, мал тұқымын асылдандыру мақсатындағы жәрмеңкеге республиканың облыстарынан асыл тұқымды мал саудаға жіберілді. Шығыс Қазақстан облысынан 292 шаруа қожалық, Павлодар облысынан 8 қожалық, Ақмола мен Қарағанды облыстарынан 4 шаруа қожалықтың асыл тұқымды мал басы саудаға шығарылды.

Бұл жәрмеңкеде құны 1 млрд. теңгеге жуық 115 келісім шартқа қол қойылды. Сәйкесінше осы жәрмеңке арқылы 404 бас ірі қара, 53 мың қой, 56 бас жылқы малы саудаланды.

Сонымен қатар, облыстың әр аймағынан ауыл шаруашылығы өнімдері және қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды.

Ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілерден тұтынушыға делдалсыз жетуі үшін 2013 жыл бойы 21 жәрмеңке өтіп 14 млн 478 мың теңгенің өнімі саудаланды.



«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 4 жоба іске асырылды. Атап айтқанда, «Исламбек» шаруа қожалығы, «Қасқабұлақ» ЖШС, «Атамекен» «Қайсар», «Би ата» шаруа қожалықтары осы бағдарлама арқылы инженерлік инфрақұрылымын дамытты (электр жарығын орнату). Биылғы жылға тағы да екі шаруа қожалығының жобасы іске асырылып, инфрақұрылымын дамытады деп жоспарлануда.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 2011 жылы 53 млн. теңге, 48 адам; 2012 жылы 81 млн. теңге, 68 адам шағын несие алса, 2013 жылы 230 адамға 346,7 млн. теңгенің несиесі берілді. Яғни 230 жұмыссыз адам өз істерін ашуға мүмкіндік алды.

Еңбек әлеуетін дамыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы халықтың жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында 354 адаммен әлеуметтік келісімшарт жасалды.



Біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға 41 адам оқуға жіберілді. Абай колледжінде 15 адам ветеринар мамандығын алып, жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орнындарына орналасуға 37 адам жіберілді. (Қарауыл – 28, Кеңгірбай би – 5, Көкбай – 3, Архат – 1)

Жастар практикасына орналасуға 31 адам жіберілді.



Жыл басынан бері 172 (49(аймақтық даму бағд)+63(жұмыспен қамту)+60(тірек ауылдары) жұмыс орыны ашылды.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Тоқтамыс ауылындағы су-құбыры құрылысы іске асуда. Саржал ауылының су құбырын кеңейту жұмыстары ағымдағы жылға енгізілді. Қарауыл, Көкбай ауылдарындағы су құбырларын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жалпы 12820,0 мың теңге республикалық бюджеттен бөлініп, игерілді. Биылғы жылға аталған бағдарлама аясында Құндызды және Тоқтамыс ауылдарына шағын футбол алаңдарын салу, Тоқтамыс ауылын жарықтандыру жұмыстары жасалмақ.

Былтырғы жылы Қарауыл ауылындағы 27 пәтерлік үйді жөндеу туралы ұсыныс түскен болатын. «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау» бағдарламасы бойынша Қарауыл ауылындағы үш қабатты 27 пәтерлі тұрғын үй жөнделді.

Арнайы жоба арқылы Қарауыл ауылына ПРООН-нан арнайы қоқыс шығаратын автокөлік және 30 контейнер алынды. Кеңгірбай би ауылында бір көше жарықтандырылды.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 1394,4 млн. теңгені құрап, немесе 145,2 пайызға орындалды.

Жергілікті бюджет кірісі (салық) жоспар бойынша 233 млн. 985 мың теңге құраса, нақты 248 млн. 900 мың теңге түсіп, 106,4 пайызға орындалды. Жоспардан тыс 15 млн. теңге түсірілді.

Бюджет шығысының жоспары 2013 жылда 99,2 пайызға орындадық.

Аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 1 295,7 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артып отыр.

2013 жылы жерді пайдалану мәселесін тәртіпке келтіруді қолға алдық. Осыған орай аудан бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу мақсатындағы 4 конкурс өткізіліп, нәтижесінде 14 шаруа қожалығы құрылып, аудандық жер қорынан 17294 гектар жер алса, қосымша жалға 22 шаруақожалығы 27740 гектар жер алды.

34 шаруа қожалығы жабылып, 50698 гектар жер мемлекетке қайтарылса, оның ішінде 9 шаруа қожалығы жер заңдылықтарын бұзғаны үшін, 9098 гектар жерлері ауданлық арнайы жер қорына есепке алынды.

Қасқабұлақ, Көкбай, Саржал тірек ауылдарында атқарылатын жұмыстар одан әрі жалғасын табуда.



Қасқабұлақ ауылында жастар саябағы қайта жабдықталып, сахна, би алаңдары, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары істелді. Әуезов атындағы орта мектептің есік, терезесі ауыстырылып, жылу қазандығы ғимараты жөнделді. Мәдениет үйі, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараттары ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Көкбай ауылында жеке кәсіпкерлер есебінен азық-түлік дүкені, тойхана жасалды. Демалыс саябағы көркейтіліп, көгалдандырылды. Көкбай Жанатайұлы атындағы орта мектепті ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары жасалды. Кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен мал сою алаңы мен жиһаз жасау цехы іске қосылды.

Саржал ауылында апатты жағдайдағы мектептің орнына жалпы құны 778 млн. теңгелік 300 орындық жаңа мектеп ғимараты салынуда. Қымыз өндіру цехы жұмыс істеуде. Мемлекетке тегін қайтарылған, құрылысы аяқталмаған сауда үйін ауылдық клубқа қайта жаңғырту жұмыстары да аяқталу үстінде. Орталық саябақты абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жасалды. Ауылдық амбулатория ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тек, осы үш ауыл ғана емес, басқа ауылдарда да ауылды көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жалпы халықтық сипат алды.

Бүгінгі таңда барлық ауылдарда мәдениет ошақтары жаңартылды. Медеу, Саржал, Архат, Тоқтамыс, ауылдарында ауылдық клубтар қайта жаңғырса, Құндызды, Көкбай ауылдарындағы мәдениет ошақтары күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде тек Кеңгірбай би ауылында мәдениет үйі жоқ. Сол бағытта жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.

Ауыл клубтарының жабдықтары, музыкалық аппаратуралары, киімдері «Туған жерге тағзым» акциясы аясында қайта жаңғыртылып жатыр.

Аудан орталығындағы аудандық емханға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Нұр Отан» партиясының аудандық ғимараты жасалу үстінде.

Қарауыл ауылында әртүрлі ойын алаңдар, атракциондар, карусельдер орнатылған балалар саябағы ашылып, ауыл бүлдіршіндерінің сүйікті орнына айналды. Тәуелсіздік алаңы жаңа талапқа сай қайта жабдықталды. Орталық алаңға, аудандық мәдениет үйіне лэд-экрандар орнатылды. Аудандық бюджеттен Абай, Молдағалиев көше жолдары толықтай асфальтталып, Баян, Мұхаметхан, Құнанбай көшелерінің жолдары ретке келтіріліп, жарықтандырылды.

Қарауыл, Көкбай, Саржал, Қасқабұлақ, Архат, Кеңгірбай би ауылдарында шағын футбол алаңдары жасалды.

Тоқтамыс, Көкбай ауылындарындағы мектептерге теплофон арқылы жылыту мәселесі шешілді.

Былтыр, облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен облыстағы барлық қала-аудандар Абай ауданына демеушілік көрсетті. Бұл бастама ауданымыздың әлеуетін арттыруға үлкен септігін тигізді. Осы бастама аясында облыстағы қала-аудандардың демеушілігімен аудан орталығындағы Зере, Сүндетбай, Көкбай, Құнанбай, Шәкәрім көшелері толықтай асфальтталды. Сондай-ақ, Медеу ауылындағы негізгі көшелердің бірі жарықтандырылды, Кеңгірбай би ауылында шағын футбол алаңы жасалды.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясындағы игілікті іс-шаралар ауданда жылма-жыл жалғасын табуда. Ауданымыздың тумасы, белгілі меценат Медғат Құлжановтың демеушілігімен аудан орталығында болашақ ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай туғызатын жалпы құны 120 млн. теңгелік арнайы спорт кешені бой көтеруде. Ашылуы биыл наурыз айында деп жоспарлап отырмыз.

Кеңгірбай би атамызға арнайы қор құрылып, ескерткіш орнатылып, алаң жабдықталды. 155 жылдығы аталып өткен Шәкәрім бабамызға арнайы ескерткіш орнатылды.

Ауданның жалпы білім беретін 11 мектептерінде 412 мұғалім, қосымша білім беру саласында Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі, балалар көркемсурет мектептері жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім беру мақсатында 3 балабақша, 15 шағын орталық жұмыс істеп тұр.

Мектепке дейінгі білім беру көрсеткішін 87,0 пайыздан 100 пайызға көтеруге Қарауыл ауылында 140 орындық балабақшаның құрылысы басталады.



Ұлттық Біріңғай тестілеу нәтижесі бойынша жылма-жыл аудан түлектерінің білім деңгейі өсуде. 2011-2012 жылғы оқу жылында орташа балл 60,6 болса, былтырғы 2012-2013 жылында 70,4 балл болды.

«Топжарған» үздіктер слетін қайта жаңғырттық.



Денсаулық сақтау саласы бойынша көрсеткіштері қанағаттанарлық деңгейде. Ауданда 1 орталық емхана, 1 аудандық поликлиника, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, жалпы 218 медицина қызметкерлер бар, оның ішінде 40 дәрігерлер, 97 орта буын қызметкерлері, 81 төменгі буын қызметкерлері, «Дипломмен ауылға!» биыл 2 жас дәрігер келді.

Дәрігер мамандарға қажеттілік жойылды, ана өлімі тіркелген жоқ, сәби өлімі көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда бірқалыпты, онкологиялық аурулармен аурушаңдық өткен жылмен салыстырғанда төмен, туберкулез ауруымен аурушаңдық өткен жылғыдан 2,5 есеге азайды, туберкулез ауруының асқынып анықталуы 2 жылда да тіркелген жоқ.

Өткен жылы негізгі демографиялық көрсеткіштер бойынша туғандар саны 240 бала, қайтыс болғандар 121 адам, табиғи өсім + 119 адам.

Аудандық емхана бірлестігінің дәрігерлері барлық ауылдық округтерге барып, скринингтік тексеруден өткізуде. Осының нәтижесінде тұрғындардың ауру-сырқау көрсеткіштері біршама жақсарған.

Скринингті 2014 жылы жалғастыру керек. Алдымызда тұрған 2014-2016 жылдары аудандағы барлық ауылдық амбулаториялар мен ФАП-тарды жаңғыртуымыз керек. Мысалы былтырғы жылы Қасқабұлақ пен Саржал ауылдарының амбулаторияларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл тағы да екі амбулаторияны жөндеуіміз керек.

Ауданда өткен жылы 129, оның ішінде: Ұрлық жасау бойынша тіркелген 59 қылмыстық істің 47 пайызы ашылған. Қылмыстың ашылу деңгейінің өзгерісінің пайыздық көрсеткішінен облыстың рейтингісінде 17 орында қалып тұрмыз. Құқық қорғау қызметкерлері осы бағытта жұмысқа тың серпін беріп, кемшілікті жою керек.



«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы 2013 жылы ауданға 21 жас маман келіп, еңбекке араласуда.

Аудандағы Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіруге, насихаттауға бағытталған

барлық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар, мемлекеттік атаулы күндер жаңа идеялық мазмұндылығымен ерекшеленді.

«Қаламқас» халық ән-би ансамблі қайта жаңғырып, репертуарын жаңалауда. Өнерпаздарға жаңадан киім тіктіріп, мәдениет үйіне свето-диодтық лэд-экран орнатылды.

Ансамбль құрамы да жаңа жас буын өнерпаздармен толығуда. «Айгөлек» балалар ән-би ансамблі қайта құрылып, облыстық көркемөнерпаздар байқауында өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Ендігі мақсат, осы ансамбльді республикалық тележобаларға қатыстыру.

Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің аудандық іріктеуі Абай ауданынан бастау алды. Қазақ күресінен Манарбек Таутановты еске алуға арналған республикалық, Мағауия Оразбеков атындағы жүлде үшін оқушылар арасында облыстық турнирлер жылма-жыл өткізілуде.

Қазақстан футболының 100 жылдығына орай аудан әкімінің жүлдесі үшін аудандық спартакиада өткізілді. Биыл тұңғыш рет үлкен футболдан аймақтық жарыста аудан құрамасы 3 орынды иеленді.

Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінде Абай елінің қос палуаны Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов Шығыс Қазақстанның намысын қорғап, Айбек Нұғымаров «Қазақстан Барысы» атанды. Минск қаласында өткен Әлем чемпионатында Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов екі дүркін әлем чемпиондары атанып қайтты.

Ауылдық округтер мен аудан мекемелері арасында дәстүрлі өнер байқауы әр тақырыппен жылма-жыл өтуде.

Ауданда Жастар орталығы құрылып, облыстық, республикалық шаралардың ұйытқысы болуда. Жастар орталығы бүгінде өз ғимараты бар, жұмыс күші бар бөлек мекеме ретінде жұмыс жасайды.

Биыл бірінші рет Абай ауданының құрамасы «Серілер» КВН командасы Республикалық жоғарғы лигаға шығады деп жоспарлап отырмыз.

Барлық мемлекеттік мерекелер, атаулы күндер жұртшылықтың белсенді қатысуымен өтті.

Ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдығы аталып өтті. Облыс ақындарының мүшайрасы ұйымдастырылды.

«Қазақстан барысы» жеңімпаздарымен кездесуге арналған шаралар, қазақ күресінен Манарбек Таутановты, Мағауия Оразбеков еске алуға арналған республикалық, облыстық турнирлер ауданда спорттың дамуына игі ықпал еткені сөзсіз.

Аудан жастары арасында үлкен қызығушылық тудырған «Шыңғыстау серісі» сайысы, ақын Дулат Аюбаевты еске алуға арналған кеш, «Риясыз әңгіме» отырысы, «Шыңғыстау жұлдыздары» байқауы, республикалық «ШАМ – ШЫРАҒЫМ» акциясы, республикалық КВН фестивалі – жастардың жаңалыққа, өнерге құштарлығын, отаншылдық сезімдерін ұштады.

Былтыр үздік еңбектері үшін ауданымыздың бірқатар азаматтары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Бұл марапаттар барша аудан халқының жетістігі, халық болып атқарған жұмысы деп білеміз.

Облыстық аудан-қалалардың әлеуметтік-экономикалық рейтинг көрсеткіштері бойынша 3 орында қорытындыладық.

Өткен жылғы есеп беру кезеңдерінде аудан тұрғындарынан 34 түрлі, ұсыныс, сұраныс, пікірлер түскен болатын. Бүгінгі таңда олардың 30-ы орындалды.

Ал қалған 4-уі орындалу үстінде. Олар:


  • Медеу ауылдық округінің кіреберіс жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

  • Тоқтамыс ауылдық округіндегі клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

  • Тоқтамыс ауылдық округіне су құбырын тарту жұмыстарын жүргізу

  • Саржал ауылдық округіндегі сауда үйін ауылдық клубқа қайта жаңғырту

Атқарылған жұмыстарға талдау жасай отырып, алдағы уақытта ауқымды істерді жүзеге асыруға тиістіміз.

Биылғы жылы батыр бабамыз Мамай батырдың 300 жылдығын жоғарғы деңгейде атап өтуіміз керек. Республикалық «Шыңғыстау жәрмеңкесі», облыстық «Шығыс әуендері» шаралары өз мәнінде ұйымдастырылуы тиіс.


2014 жылы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары:

  • Қарауыл, Көкбай ауылдарындағы таза ауыз су мәселесін шешу үшін жобалық сметалық құжаттарын дереу дайындап, республикалық бағдарламаға енгізу;

  • Кеңгірбай би ауылындағы ауылдық клуб үйінің жобалық сметалық құжаттарын әзірлеп, облыстық құрылыс басқармасына өткізу;

  • «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына ұсынған жобаларды табандылықпен іске асыру;

  • Ауданға тұрғын үй салу мәселесін шешу, тиісті органдарға дәлелдеу;

  • Тірек ауылдарында белгіленген жұмыстарды орындау;

  • Қарауыл ауылындағы жоспарланған балабақша салу жұмысына «Нұр Отан» партиясы, тиісті мекемелер бақылау жасау;

  • Қарауыл ауылындағы орталық стадионды жөндеу мәселесін шешу;

  • Білім саласы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруда жанды жұмыстар жасалыну керек. Білім саласының сапасын арттыруға тиіспіз. Биылғы жылғы ҰБТ-да облыстың орташа көрсеткішінен асуымыз керек.

  • Денсаулық саласында ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу керек;

  • Ауданның бас дәрігері әр жыл сайын 2 ауылдық амбулаторияны жөндеуден өткізуді назарда ұстасын;

  • Ауданның жастар қауымы белсенділікпен қызмет етуі қажет, жаңа идеялар, жаңаша жобалар жасалынуы керек;

  • Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жалғастыру;

  • «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жаңа жобаларды іске асыру арқылы  ауылдарды абаттандыру, жарықтандыру;

  • спорт пен дене шынықтырудың бұқаралығын арттыру;

  • қылмысқа қарсы күресті күшейту, әсіресе, ұрлықтың ашылуы, ауылдық учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыру және материалдық-техникалық базасын арттыру керек;

  • Аудан, ауыл мекемелерін, көшелерін талапқа сай безендіру керек.

Осынау ауқымды істерді атқаруда еліміздің ұлылар елі екендігін, халқымыздың тектілігін, аса жауапты істе бір кісідей жұмылатын ұйымшылдығын көрсетуіміз қажет.

Елбасы биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет» деп атап көрсетті. Сол жолда барлықтарыңызға сарқылмас күш-қуат, береке-бірлікпен жұмыс істеуіміз керек.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет