Тассай селолық округі әкімінің 2014 жылғы есеп-беру баяндамасы.
Құрметті жерлестер!
Тассай селолық округінде 4 елді мекен бар: «Қайнар», «Тассай», «Ақсу», «Үшкөмей», ауылдары. Осы елді мекендерде 356 аула бар, бүгінгі күні 1450 адам тұрады. Экономикалық белсенді халық 818 адам оның ішінде жұмыс істейтіндер 393 адам, өзін – өзі жұмыспен қамтығандар 415 адам зейнеткерлер – 161 адам. Негізінен округ тұрғындары мал шаруашылығымен және балық аулаумен шұғылданады. Былтырғы жылы селолық округ бойынша 19 шағын шаруа қожалығы тіркелген олар бұл күнде жан –жақты жетілуде мал басын көбейтуді жолға қойған. 13 сауда дүкендері мен дүңгіршектері, балық қабылдайтын екі тоңазытқыш, жұмыс істейді. Округтегі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2014 жыл бойынша ет өнімі 4350 центнер, сүт 460 центнер, жұмыртқа 130 мың дана. Мал басы жеке меншіктегі және жауапкершілігі шектеулі серіктестікте, шаруа қожалықтарындағы, Ірі қара 5517 бас, қой-ешкі – 5314 бас, жылқы - 1210 бас. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалуда (30 бастан жоғары аналық сиырлары және асыл тұқымды бұқалары бар және мал басын аман сақтаған қожалықтар субсидия алуға қол жеткізіп отыр Осы субсидия алу ережесіне сәйкес жұмыс жұмыс жасаған біздің шаруа қожалықтары да субсидия алу үшін құжаттарын аудандық ауыл шаруашылық бөліміне өткізген. Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы жүзеге асырлуда ол үш бағыттан тұратынын білесіздер. Осы бағытта 2014 жылы алты ауыл тұрғыны шағын несие алуға ниет білдіріп құжаттарын өткізген алтауы да мал басын өсіру үшін бұл азаматтар бүгінгі күні несиелерін алып жұмыстарын атқарып жатыр. (7,0 млн тг) 2015 жылға 3 адам құжат тапсырып отыр олар біреуі мал өсіру, асханау ашу, балық қактау цехн ашу үшін бұл азаматтар өз-өздерін жұмыспен қамтиды. (5млн тг)Мемлекеттік «Өрлеу» бағдарламасы бойынша өтініш берген азаматтар бүгінгі күні ақшаларын алып өз кәсіптерімен шұғылдануда. (12адам)
Білім беру саласы бойынша:
Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте адами капиталдың сапалы өсуі бұл ең алдымен білім берумен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біздің селолық округте 1 (бір) орта, 1(бір) бастауыш мектеп бар. 2014 - 2015 оқу жылына мектепте 224 /10 оқушы оқиды. Мектеп бойынша білім сапасы 2014 жылға осы ҰБТ –дан 82,0 пайыз балл алған. Жыл сайын өтіп тұратын «Мектепке барар жол» акциясы аясында күн-көрістері төмен отбасыларының балаларына көмек көрсетіледі. Мектепке үнемі демеушілік көрсетіп отыратын ауыл азаматтары Оразбаев Архат, Бопабаев Еркеш, Оразбаева Айтжамал, Бопабаев Амантай, Тлебалдин Канат, Ибрагимов Жанат тағы басқа демеушілеріміз үнемі қол ұшын беріп отырады. Қосымша білім беруде мектепте 21 үйірме, секциялар жұмыс істейді, оған 147 оқушы қатысады. М.Әуезов орта мектебінің ұстаздарымен оқушылары болашақта жақсы жетістіктерге жете берулерін тілеймін. 2014-2015 оқу жылында оқушыларды ыстық тамақпен қамтуда жалпыға білім беру қорынан қаражат бөлініп Тамақтанатын бала саны 149 бастауыш сыныптан 85 оқушы.
Интернатта 32 бала тұрып оқиды «Балбөбек» шағын орталығында 37 бала тәрбиеленуде кезекте тұрған балаларымызда бар. Мектепте арнайы медициналық кабинет жабдықталған медбике Кожаева Мансия балалармен ұстаздарға үнемі көмек көрсетеді.
Денсаулық саласы бойынша.
Селолық округте бір дәрігерлік емхана халыққа қызмет көрсетеді. Дәрігерлік емханада 10 емдеу бөлмелері бар. 2015 жылы осылай жоспар бойынша тексерулер өткізіледі Дәргерлік емхана қызметкерлеріне ауыл тұрғындарынан түскен арыз шағымдар жоқ. Ауыл тұрғындары ақ халатты жандардың жұмыстарына дән риза.
Мәденит және спорт салалары бойынша
Ел іші өнер кеніші демекші өткен бес айдың ішінде үлкен кішілі мерекелер атаусыз қалғаны жоқ. Ауылымызда Мемлекеттік және кәсіби мейрамдар жоғарғы деңгейде аталып өткізіледі.Биылғы Жаңа-жыл мерекесіне демеушілік көрсеткен «Табыс» шаруа қожалығы басшысы Маутбеков Архат мереке өте жоғарғы деңгейде өтті, 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Ұлы Жеңістің 69 жылдығы мерекесі. «Балықшылар күні», Рәміздер күні «Қарттар күні» Тұнғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні мерекелері жоғарғы деңгейде аталып өткізіледі осы мерекелердің өтуіне ауылымыздың жеке кәсіпкерлері демеушілік көрсетті. Ауылымызда А. Изгуттиновтың жеткешілігімен «Қазақ күресі» жақсы жолға қойылған спортшы жас балуандар өз ауданымыздан асып басқа жақтарға барып жүлделі орындарға ие болып жүр. Тәуелсіздік мерекесі қарасыңында облыс көлемінде өткізілген «Қазақша қүресінде» 3 шәкірті Кабсадыков Алдияр 1-орын, Ногайбаев Азамат, Амангельдин Ерасыл жүлделі екінші орындарға ие болса, «самбо» күресінен 13 шәкірті «Қызыл кесік» облыстық турниріне қатысып жүлделі орындарға ие болды Арманның өзі «Көкпекті Барысы» «Қызыл кесік» атағын жеңіп алған. Биылғы жылы ауылымызда жаңа мешіт салынды оны салған «Қалиханұлы» шаруа қожалығы басшысы Марат Каликов қазан айында арнайы ашылу салтанаты болды, бүгінгі күні тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Телекоммуникация бойынша.
Тассай селолық округінде жаңа цифрлық АТС жұмыс істеуде, 275 телефон ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. 205 телефон сыммен тартылған 70 телефон сымсыз. «Ақсу», «Қайнар», «Үшкөмей» ауылдарына және басқа ауылға қарасты учаскелерде ВЛЛ сымсыз телефондар қойылған, 83 интернет қойылды. Қазақ телеком монтері Қазыбаев Сайболат қызмет көрсетеді.
Ауылымызда «Казпошта» бөлімі халыққа қызмет көрсетеді. Бөлім меңгерушісі Чакилева Александра Васильевна. Газет журналдар уақытында таратылады бұл жөнінде тұрғындардан арыз шағым түскен жоқ.
Мал дәрігерлік қызмет саласы жөнінде
Тассай селолық округінде ауыл тұрғындарымен шағын шаруа қожалықтарында 5517 бас ірі қара, 5314 бас қой – ешкі, 1210 бас жылқы бар
Округте 3 дәрігер - жұмыс істейді. Ветеринарлық жұмыстардың барлығы уақытында атқарылады. Ветеринарлық жұмысқа тұрғындардан арыз-шағым түскен жоқ. Ауыл тұрғындарымен мал сату, сатып алу туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады, 2014 жылы біздің округте қой -ешкі 4300 бас және ірі қара 5500малдарынан қан сынамасы алынған оның ішінде Ірі қара малынан 7 оң нәтижелі, ұсақ малдан 44 бас оң нәтиже көрсеткен. Оң нәтиже көрсеткен 7бас ірі қара малдарының барлығы сойып, ет комбинатына және шұжық цехтарына өткізуді ескертілді, 44 бас қой – ешкі малдарының басы жойылды . Ауру шыққан үйлердің барлығына нұсқама беріліп ДУК орнатылған автомашинасымен ауру мал тұрған қораларына, аулаларына дезинфекция жасалды. Тассай ауылында 2 скотомогильник біреу орталықта екіншісі Үшкөмей ауылында. Округте 2 мал сою алаңы жұмыс істейді. Бруцеллез ауруын жою алдын алу мақсатында ауылдағы иесіз қанғыбас 60 бас ит атыу арқылы жойылды. Бруцеллез ауруымен күресу тек қана мал дәрігерінің ісі емес, онымен барлық жұртшылық күресу қажет, сондықтан, ветеринарлық талап орындалғанда ғана жақсы нәтиже болады деп білулеріңіз керек. Алдағы уақытта Бруцеллез індетінен сақтау алдын –алу жою мақсатында ветеринариалық –санитарлық шаралар қатаң қадағаланады. Атап айтқанда басқа аймақтан келген малдардан сақ болу.
Салық жиналымы.
Ауылдық округ бойынша өзіндік және қосымша салық көздерін іздестіру және алгоритімді орындау мақсатында 2014 жылы түскен жалпы салық алымы.
Мүлік салығы – 27 841тенге
Жер салығы – 66 013 тенге
Көлік салықтары – 1 млн 631мың 335 теңге
Селолық окру бойынша жер астын сатып алудан түскен салық – 1 млн 515 мың 833тенге.
Өткен жылдарға салықтары төленбей жүрген көлік құралдарынан түскен салық – 791 мың 135 тенге.
Жыл басынан жиналған барлық салық – 4млн 032 мың 157 теңгені құрайды. Барлық шаруа қожалықтарымен жеке кәсіпкерлер аудандық салық басқармасында тіркеуде, жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілер паттентік жүйеде жұмыс істейді. Селолық округте жерлерді бекітіп алып нысаналы пайдаланбай жүрген жер пайдаланушылар жоқ.
Тәртіп сақтау бойынша
Ауылдық округте қылмыстық құқық тәртібін бұзушылыққа қарсы комиссия құрылған, комиссия төрағасы учаскелік инспектор полиция капитаны Ахметкалиев Серік Қайрқанұлы комиссияда маскүнемдікке салынған және бұзақылыққа салынған, әртүрлі әкімшілік тәртіп бұзған адамдар қаралады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2014 жылдың қортындысы бойынша 6 қылмыстық іс тіркеліп 2-і ашылды 4-факті бақылауда, 98 әкімшілік іс материалдары тіркелген, 10 материалдық іс Көкпекті аудандық сотында қаралған. Округте құрылған «Сарбаздар», ерікті жасақшылар тобы жұмыс істейді. Учаскелік инспектор ауылдық әкімшілік пен ақсақалдар алқасы және әйелдер кеңесімен тығыз байланыста жұмыстар атқаруда. Ауылдық әкімшілікке ауыл тұрғындарынан 9 жазбаша 29 ауызша өтініштер түсті. Өтініштер мен арыздар өз уақытында шешімін тауып, оларға қанағаттанарлық жауаптар берілді. Ауызша өтінімдерге, өтініштерге уақытында жауаптар беріліп отырады.
Жарықтандыру бойынша
Ауылды жарықтандыру бойынша айта кетейін дегенім, Былтырғы жылы Булгак көшесіне аудандық бюджеттен қаражат бөлініп жарықтандыру жұмысы жүргізіліп 9 шам орнатылған, 2014жылы «Аймақтарды дамыту 202» бағдарламасы арқылы аудандық бюджеттен 1млн 207мың тенге қаражат бөлініп 11шам орнатылды. Келешекте қалған көшелер осылай жарықтандырылатын болады.
Ауыз сумен қамтыу
Селолық округке 2013 жылы мамыр айында Ақбұлақ бағдарламасы бойынша «Земстрой» ЖШС- і су құбыры жұмысын жүргізген қараша айында аяқтаған. Қазылған канализация аумағы – 9 км. Қазылған каналдың тереңдігі екі жарым метр. Жоспар бойынша 205 су қажет деп қолқойған. Былтыр 239 үйдің қашасына дейін су құбыры тартылды. Соның ішінде биылғы жылы 197 үйдің ішіне су кіргізіліп қазіргі уақытта толық пайдаланып отыр. Биыл Үшкөмей ауылына тұрғындарды таза сумен қамту мақсатында құдық орнатылды, бүгінгі күні жұмысы толық аяқталған жоқ.
Тассай ауылы ауыз сумен қамтылуы 84пайыз, Қайнар 73 пайыз, Ақсу 21пайыз, Үшкөмей 50 пайыз.
Бүгінгі күні Тассай селолық округінде осындай жұмыстар атқарылуда. Өткен жылға көз жүгіртсек атқарылған жұмыстар аз емес Дегенімен әліде шешімін табуды қажет ететін келелі мәселелер баршылық. Әкімшіліктің алдағы іс-әрекеті Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауында көрсетілген азаматтардың әл –ауқатын жақсартуға бағытталған дамудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асады. Ең маңызды мәселелерді қоса отырып, ағымдағы жылы келесі міндеттерді қоямын: 1. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауын ақпаратты-насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізу.
2. Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін 100пайыз орындау
3. Салық салу базазын анықтау және жеке меншік нысандарын толық есепке алу жолмен кеңейту.
4. Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар мен жұмыссыздардың санын азайту «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын белсендіре отырып, жұмыссыздықты жою.
5. Білім беру оқытудың заманауи бағдарламалар мен әдістемелеріне қол жеткізу, сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасау.
4. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлуолардың мәселелерін шешуге азаматтық қоғамдастықтарды тарту.
5. Денсаулық сақтау саласындағы басты бастамдық – алғашқы медициналық – санитарлық көмекті дамыту.
6. Ауыл тазалығы - ауылды көріктендіру бойынша тұрғындар аулаларын көркейтіп жеке меншік үйлерінің қоршауларын қалыпқа келтіру аулаларына көшеттер отырғызу жұмыстарын жандандыру.
7. Бағаны тұрақтандыру бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағаларын 10 пайыздан асырмау туралы.
8. Жастарды патриоттық, адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, жастар саясаты маманының жұмысын жандандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |