ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 52 отбасыға 9406551 теңге төленді. Жыл бойында қоғамдық жұмысқа 20 жұмыссыз азаматтар тартылып округ бойынша тазалық жұмыстарын атқарды. Ауылдық округ бойынша 2 жалғызбасты қарт мемлекеттің қамқорлығында, арнайы бөлінген маманмен қызмет көрсетілуде.
Жыл бойына әкімшілікпен құрылған іс-шаралар жоспары бойынша атаулы мерекелер тұрақты түрде кәсіпкерлердің демеушілігімен аталып өтіледі.
2018 жылы ауылдық округ бойынша жалпы сомасы 150000 теңгеге қайырымдылық көмегі көрсетілген.
Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының 3 бағытын жүзеге асыруға негізделген.
2018 жылы Бағдарламаның 1 бағыты бойынша «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» мақсатында округте осы бағдарламаға қатысушы болып 3 нысан белгіленген. Белгіленген нысандарға жұмыспен қамту орталығы арқылы 11 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданып, жоспар толығымен орындалды.
«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында Қайыңды ауылдық округінде 4 адам несие алды. Олар: Р.Асанов – 2 млн.теңге.С.Скендеров 2 млн. Теңге, Т.Калматаев- 2,5 млн теңге, Ш.Сугирбаев – 2,5 млн теңге. Барлығы – 9 млн теңге. Аталған тұрғындар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, қосымша жұмыс орындарын ашқан. Жеке кәсіпкер Кәмілжан Сәуле шаштараз ашып жұмысын жүргізіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |