Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі


Қорағаты ауыл округі әкімінің 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы қорытынды есебі



бет35/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Қорағаты ауыл округі әкімінің 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы қорытынды есебі

2018 жылы Қорағаты ауылдық округі әкімі аппараты округтің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамытуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарды.

Әкімдік аумағында 276 отбасында 1596 адам тұрады. Ауыл округінде 5 елді мекен бар. Округ бойынша 1 орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, пошта және фелшерлік пункт халыққа қызмет көрсетуде.

2018 жылы 13 шешім 62 өкім қабылданды,ауыл тұрғындарынан 20 шағым түсіп, қабылданып барлығы өз шешімін тапты. Биылғы жылы 266 шығыс 234 кіріс құжаттары тіркелді.

Есепті жылы ауыл әкімдігі 4 ауыл жиындарын, 12 аппарат мәжілісі,өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша 44 қызмет көрсетілген.

Ауыл округ бойынша 1 намазхана бар. Қорағаты ауылынан Астана қаласының тұрғыны ауылдың тумасы «СпецСтройГруппKZ» құрылыс компаниясының бас директоры Досмайлов Марат барлық құжаттарын заңдастырып жаңа мешіт құрылысын жүргізуде

Сонымен бірге қоғамдық негізде округ бойынша құрамында 7-адамнан тұратын Қорағаты ақсақалдар кеңесі жұмыс істеп ауылымыздың әлеуметтік қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша қатысып көмегін беріп тұрады.

Ауылдық округтің 2018 жылғы жалпы бюджеті 20 млн 234 мың тенге оның ішінде, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бюджеттен бөлінген 1,343 мың тенге қаржыға Қорағаты стсансасындағы Теміржолшы көшелеріне орта жөндеу жұмыстары толығымен жүргізіліп шағал тас төселінді. Қалған үнемделген қаражатқа Бесікбай көшесіне бильборт жасалынып орнатылды.

Бүгінгі күнге ауылдық округтің негізгі салық түсімдерінің бірі көлік салығынан 1млн 110 мың теңге, табыс салығынан 303,8 мың тенге және мүлік салығы 33,4 мың теңге, жер салығы 66,1 мың теңге алынды.

Округтегі аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жұмыстары бойынша құрамында 5 адамнан тұратын комиссия мүшелері жұмыс істейді. 2018 жылың 1 қаңтарынан бастап атауылы әлуметтік көмек 13 отбасына 115 адамға 3 млн 318 мың теңгеге тағайындалды. 4 отбасы шартсыз және 9 отбасы шартты атауыл әлуметтәк көмек алды.

Мемлекетіміздің ең үлкен өзекті және негізгі бағыттағы алға қойған мәселелерінің бірі халқымызды жұмыспен қамтамасыз ету. Округ бойынша 718 жұмыс жасындағы адамдардың 31-адамы теміржол мекемелерінде, 125 адамы мектеп және мемлекеттік мекемелерде, 25 адамы ЖШС шаруа қожалықтарында, 15 адам вахталық жұмыстарда, 85 маусымдық жұмыстарда,қалғаны өз бетінше жұмыс істеуде. Ресми жұмыссыздыққа жыл басынан бері тіркелген адам саны 29 адам.Оның ішінен 13 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 12 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Округ бойынша мүгедек азаматтар саны 28 адам. Оның ішінде 1- 2 топта - 18, 3 топта- 10 адам. Бағдарламаға сәйкес 2-3 топтағы мүгедектердің – 1 тұрақты жұмысқа 2 адам қоғамдық жұмысқа тартылды және 3 адам кәсіпкерлік дамыту бағдарламасы бойынша оқды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын орындау мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып жұмыстар жүргізілуде атап айтсақ «Туған жерге туыңды тік» «Латын әліпбиіне көшу заман талабы», «Рухани жаңғыру болашақтың кепілі» «Қазақстандық патриотизм-ел бірлігінің кепілі», «Рухани жаңғыру барлық жаңғырудың өзегі» және «Қазақстанның киелі рухани құндылықтары» атты іс шаралар өткізіліп,жұмыстар жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көленкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ауыл округінде іс-шаралар жоспары жасалып жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында нақты шаралар қабылданып,осы салада жаңадан қабылданған заңнамалар бойынша мекемеде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қайрымдылық көмек және демеушілік туралы атап айтатын болсақ. Мектепке жол акциясы аясында ауылдағы тұрмысы төмен көп балалы отбасыларының мектеп жасындағы балаларына кәсіпкерлер Сұлукүл Дәлебаева 6 балаға, Малик Отарымбетов 10 балаға, Роза Бақтыбаева 6 балаға, Ғани Омаров 3балаға, ауылымыздан шыққан өнер қайраткері Азамат Сатыбалды 6 балаға және ауылдық мешіті 6 балаға мектепке қажетті құралдарын алып беріп демеушілік және қайырымдылық көмектерін барлығы 37 балаға көрсетті. Жаңа жыл мерекесіне орай ауыл тұрғындарына бал масқарад өткізуге «НұрТау Әулие-Ата» ЖШС-ның басшысы Отарымбетов Малик 50 мың теңгеге демеушілік жасаса, тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың 26 баласына Бахтыбаева Роза және Мектепбаев Қанат 10 баласына сыйлықтар жасады. Жас кәсіпкер Дүкенбаев Ерғали тұрмысы төмен отбасыларға 15 мың 700 теңгеге көмек берді.

Ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануда кітапхана, жұмыс істейді. Мәдениет үйінде бүгінгі күнге 20 іс шара, кітапханашы- 8 іс шаралар өткізді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында және Т.Рысқұлов ауданының 80 жылдығына орай ауылымыздың ардақты азаматы Бесікбай Ажихановке арнап «Өмірін өлкеге арнаған» атты кеші облыс көлемінде өткізілді. Жастардың басын қосып әртүрлі ойындар, үйірмелер ұйымдастырып мерекелік кештер және 15 іс шара өткізді. Елбасымыздың бұхаралық халықтың 30 пайызын спортпен қамту мақсатында ауылдағы мекемелер арасында спорттық ойындар өткізіліп тұрады. Мектепте үлкен спорт зал бар, сенбі кұндері ауыл тұрғындары волейбол, баскетбол, теннис ойнайды. Ауылымызда мерекелік мәдени іс шаралар жоғары деңгейде өткізіліп тұрады . 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен үлкен мәдени іс шара өткізілді. Ауыл сыртындағы көгалға киіз үйлер тігіліп қазақтың ұлттық ойындары көкпар, бәйге күрес өткізілді. Концерттік бағдарламаға аудандық маслихатының депутаты Далибаев Серікбайдың демеушілігімен облыстық филармонияның әншілері келіп өнерлерін көрсетті. «Туған жерге туыңды тік» атты акциясы бойынша 30 жылдық мектеп бітірушілердің бемеушілігімен ауылға қақпа орнатылды.

Жалпы білім беру және мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесін іске асыратын мекемелер бойынша Қорағаты орта мектебі, мектеп жанындағы интернат және шағын орталық жұмыс істейді. Мектеп жанындағы интернатта ауыл округіндегі елді мекендерден 38 оқушы жатып оқиды. Қорағаты стансасынан орта мектепке күнделікті 35 оқушы 6 мұғалім автобуспен тасымалданады. Аулымыздағы «Мөлдір бұлақ» шағын орталығында 50 жас бүлдіршін тәрбиеленуде. Шағын орталықта 4 қызметкерлер жұмыс істейді.

Қорағаты орта мектебінде 37 мұғалім, 41 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды. Негізгі кабинеттер компьютермен жабдықталған. Бір кабинет интернет желісіне қосылған. 3 кабинетте интерактивтік тақта бар және мултимедиялық кабинет жұмыс істейді. Мектепте 231 оқушы оқиды. Жылу жүйесі қатты отынмен яғни көмірмен жылытылады.

Аулымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауыл тұрғындарының ден саулығын қорғау, емдеуде аулымыздағы фельдшерлік пункті қызмет жасайды. ФАП ғимаратының әбден тозығы жеткендіктен биылғы жылы жаңадан ауылмызға Медпункт салынады. 4 медбикелер жұмыс жасайды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 32 шаруа қожалықтары егін және мал шарушылғымен айналысуда, оның ішінде 12 шаруа қожалықтары тұрақты жүмыс істейді. 2018 жылы егістік жерлердің 4982 гектарына күздік бидай 1690 гектарына жаздық арпаны 5 шаруа қожалақтары сеуіп орта түсім 21,7ц/га өнім алды Қысқы мал азығына 5750 тн пішен шөп, 3200 тн сабан дайындалды. 2019 жылдың өніміне 3835 га күздік бидай және күздік арна 200 га себілді.

Мал шаруашылығы саласы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 2018 жылы қой 14650 басқа жетіп, мүйізді ірі қара 1712 басқа, жылқы 749, құстар 2181 басқа жетіп малдың өсімі байқалып отыр. Жалпы алғанда мал басы шаруа қожалықтарында көбейуде.

Мал басының өсіп өнуіне ветеринариялық жұмыстарды атқарудың маңызы өте зор. Үкімет тарапынан әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы 23 түрлі емдеу тегін жүргізіледі. Округ бойынша ветеринариялық жұмыстарды атқаруға «Құлан» мал дәрігерлік бөлімінің бір мал дәрігері және келісім шартпен 4 адам жұмыс істейді. Түрлі ауруларға қарсы сібір жарасы, ящур,туберкулезге ірі қарадан 1200 бас, ұсақ малдан ящур,сібір жарасы,оспа,чума, құтыру ауруларына қарсы 13500 бас, 500 бас жылқы сібір жарасына емделді. 8 мың бастан қан алынды.

Ауылымыздың ажары – оны көгалдандыру көгеріштендіру абаттандыру ауыл тұрғындарының белсенділігіне тікелей байланысты. Аудан әкімінің қаулысымен жылына екі рет көктемгі және күзгі тазалық айлығы өткізіліп тұрады. Ауылдағы көше бойындағы бордюрлер,электр қарағайлары және талдар ақталып ретке келтірілді.Өткен жылы көктемде Луговой орман шаруашылығынан 550 түп қарағаш көшеттерін алып ауылдағы мекемелердің мәдениет үйі, мектеп, ФАП аулаларына отырғызылды. Көктем күз айларында арнайы күл-қоқыс тастайтын орындардын төңірегін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Қорағаты-Мамыртобе ауылдары арасындағы 23 км автожолына 250 миллион тенге қаражат бөлініп жөндеу жұмыстары толық аяқталып бітірді.

Ауылдық округте қоғамдық тәртіпті сақтау аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтау және қадағалау жұмыстары бойынша учаскелік полиция қызметкері полиция лейтенанты Қиялбеков Елужан Кенжебекұлы 2017 жылдың 22 желтоқсанан қызмет атқарып келеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында учаскелік полиция инспекторымен бірігіп ауыл округіне қарасты елді мекендерге рейдтер жүргізіп тұрамыз. Біздің ауыл округінде 5 елді мекен орналасқан, сол үшін учаскелік полиция инспекторына автокөлік қажет. Жыл басынан бері 3 қылмыс тіркелді, 2 қылмыс ашылды 1 мал ұрлығы ол Тойқұдық ауылындағы Н.Абденбаеваның өрістен 2 бас сиыры ұрланған сол қылмыс ашылмай отыр.

Қоғамдық негізде округ тарапынан ақсақалдар алқасы,мектептерде ата-аналар комитеті де өз жұмыстарында қоғамдық тәртіптің сақталуына ауылдық округпен байланыста жұмыс істеп ,көмегін беріп тұрады.

Баяндама аяқталды.Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет