Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі


«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы



бет33/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы

2018 жылы Қайыңды ауылының Төлбаев Жорабек көшесіне  602000 теңгеге бильборт және 729 теңгеге 7 жарнамалық тақтайшалар орнатылды.



240000 теңгеге Мамай ауылының Ш.Уалиханов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.

2018 жылы мүлік,жер,автокөлік,табыс салықтарын бюджетке түсіру жұмыстары 100 пайызға орындалды.



Жергілікті қауымдастық мүшелерінің шешімі бойынша салықтан түскен 2 382 900 теңгеге төмендегідей жұмыстар атқарылды:

- 3 елді мекен бойынша су мұнаралары залалсыздандырылды;

- ауыз су анализі алынды;

- Абай және Даулет көшесінің қиылысына көпір орнатылды

- Көктемгі,күзгі тазалық жұмыстарына әк және әктеу құралдары сатылып алынды.

- көшелерге ілуге баннерлер жасалынды

2019 жылы атқарылатын жұмыстар төмендегідей:

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Қайыңды ауылына Абай бұрылысына көше жарығын орнату

Мектеп көшесіне элект бағаналары мен көше жарығын орнату бильборт жұмыстары.

Сөгеті ауылына көше жарығын орнату жұмыстары.

Сөгеті ауылына таудан келетін канал арықты ағымды жөндеуден өткізу жұмыстары.
Құрметті тұрғындар! Қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында тиісті жұмыстарды атқара отырып, ауылдық округтің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласына инвестиция тартуымыз керек. Сол арқылы жаңа жұмыс орындарын аша отырып, салық базасын кеңейтуіміз қажет. Сонда бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер артып, әлеуметтік мәселелер де өз шешімін табатын болады. Ол үшін тиянақты жұмыс істеп , тынбай еңбек етуіміз керек. Осындай жұмыстарды өз деңгейінде орындау біздің сіздердің алдарыңыздағы міндетіміз деп санаймын.

Ел еңсесін еңбек биіктетеді. Ауылымызды абырой асқарына шығарамыз десек, табысымызды тірнекті тіршіліктен, жасампаздық жолымызды бірлік пен татулықтан табайық.

Осылайша, озар елдің керуен – көшін алға жетелеуге қажыр- қайрат төсейік. Баршаңызға бақыт, мықты денсаулық, отбасының амандығын және игілік жолында сәттілік тілеймін.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет