Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі


Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі О. Танкеевтің есебі



бет34/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі О. Танкеевтің есебі

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 6 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы арқылы еліміздің алдағы бағыт-бағдары мен міндеттері айқындалды. Бұл Жолдаудың ең басты ерекшелігі- халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғаны болып отыр. Сол себепті де оны елдің игілігіне бағытталған тарихи құжат деп қабылдауға болады. Біздің ауылдық округте де Елбасымыздың әрбір Жолдауы мен сындарлы саясатын қолдауға бағытталған жұмыстар халық игілігі үшін атқарылуда.

Қарақыстақ ауылдық округі 1997 жылы құрылған. Ауыл аймағында тұратын халықтың жалпы саны- 4 915, түтін саны-835. Аз қамтылған отбасылар саны- 4, оның ішінде адам саны- 35. Кедейлік деңгейі- 0,5. Жұмыссыздар саны - 16. Жұмыссыздық деңгейі-1,1 пайыз. Зейнеткерлер саны-369.

Ауылдық округте бүгінгі күнде 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 186 шаруа қожалығы тіркелген. Қазіргі таңда 176 шаруа қожалықтары жұмыс істеуде. Оның ішінде 21 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 115 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады. Қазіргі таңда 39 ұсақ шаруа қожалықтары бірікті.

Ауылдық округтегі мүйізді ірі қара - шаруа қожалықтарында және жеке меншіктерде - 3600; Жылқы- 1432; Ұсақ мал - 23000; түйе - шаруа қожалықтарында - 40 бас, үй құсы- 7 644. Барлық ауыл шаруашылғы жері 31 914, 63 гектарды құрайды. Күздік бидай 1 196 гектар жерге егілді, өнім 30 центнерден айналып, 3 591 тонна жиналып алынды. Арпа- 4 011 гектар жерге егілген, өнімі 26 центнерден айналып, 10 428,6 тоннаны құрады. Мақсары- 1 454 гектар жерге егіліп, өнім 7 центнерден айналып, жалып өнім 1 017,8 тонна болды, жүгері 20 гектар жерге егілді. Қант қызылшасы 60 гектар жерге себілді.

Қарақыстақ ауылдық округінде «Береке», «Аспан», «Сенім» кооперативтері құрылды. «Береке» кооперативінің 22 мүшесі осы кезге дейін 63 млн. теңге несие алып, кооператив мүшелерінің барлығы мал бордақылаумен айналысуда. «Аспан» және «Сенім» кооперативтері несиелерін әлі алған жоқ.

Ал, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалығы 3-4 млн. теңгеден 16 млн. теңге несие алды. Бұл несиелердің барлығы 6 пайызбен берілді.

Қарақыстақ ауылдық округі бойынша 2018 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны- 63. Адам саны-387. Жыл бойында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы мүшелерінен 15 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Ауыл аймақта 2 орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 2 бастауыш мектеп, 2 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

2017-2018 оқу жылында Б. Момышұлы атындағы орта мектепте 598 оқушы білім алып, 77 мұғалім дәріс береді. 2018 жылы ҰБТ нәтижесі 84 пайызды құрады. Әлеуметтік жағдайы төмен 67 бала және 1-сыныптағы 87 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Тасшолақ, Жалпақсаз ауылдарынан 124 бала көлікпен тасымалданады.

Қазақ ауылындағы М. Әуезов атындағы тірек мектебінде 190 оқушы білім алады, 30 мұғалім сабақ береді. 2018 жылы ҰБТ нәтижесі 80,2 пайызды құрады.

Каменка ауылындағы Тубсанаторий негізгі мектебінде 80 бала білім алып, 21 ұстаз еңбек етеді.

Жалпақсаз бастаушы мектебінде 6 мұғалім жұмыс істейді, 40 оқушы білім алады. Тасшолақ бастауыш мектебінде 8 мұғалім жұмыс істейді, 70 оқушы білім алады.

Қазақ ауылындағы «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасында 25 бала тәрбиеленіп, 18 адам жұмыс істейді. Каменка ауылындағы «Күншуақ» бөбекжай бақшасында 54 адам жұмыс істейді, 109 бала жолдама алып тәрбиеленуде.

Ауыл аймақта 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт жұмыс істейді. 3 білікті дәрігер, 12 медбике халыққа қызмет көрсетеді. 2018 жылы 85 сәби дүниеге келді, 4 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді.

Каменка ауылында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ауыл тумасы, жеке кәсіпкер Т. Қабылбековтың демеушілігімен спортзал құрылысы басталды.




Каталог: app -> uploads -> sites
app -> Таќырыбы: Јділбай Табылдиев “Аппаќ бала”
app -> Бекітілді шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған арналған кешенді даму жоспары
sites -> Құрметті Бекболат Серікбекұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!
sites -> Т. Тысқұлов ауданында 2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
sites -> Баспасөз баяны қР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары
sites -> Зейнетақы жүйесінің деңгейлері туралы әңгімелеп берсеңіз, базалық және ортақ зейнетақы дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет