Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі


Құмарық ауылдық округі әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстарының есебі



бет36/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
Құмарық ауылдық округі әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстарының есебі

2018 жылы Құмарық ауылдық округі әкімі аппараты округтің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамытуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарды.

Әкімдік аумағында 630 отбасында 3685 адам тұрады. Округ бойынша 2 орта мектеп, 1 балабақша , 1 ересектер 3 балалар кітапханасы, мәдениет үйі, пошта және дәрігерлік емхана, өнер мектебі, Е.Ыбраимов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және екі мешіт халыққа қызмет етеді.

2018 жылы 26 шешім 88 өкім қабылданды 12 іс-шаралар жасалды, ауыл тұрғындарынан 35 арыз түсіп ,қабылданып барлығы өз шешімін тапты.Округ көлемінде құрамында 7 – адамнан тұратын балалар жәрдемақысын тағайындайтын,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы,діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда ақпараттық- түсіндіру топтары комиссиялары жұмыс атқарады. Биылғы жылы 366 шығыс құжаттары , 119 кіріс құжаттары келіп тіркелді.

Сонымен бірге қоғамдық негізде Құмарық ,Қаракемер,Алғабас ауылдарында бастауыш ақсақалдар ұйымының алқасы ал,округ бойынша құрамында 7-адамнан тұратын Құмарық ақсақалдар кеңесі жұмыс істеп ауылымыздың әлеуметтік қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша қатысып көмегін беріп тұрады.

Есепті жылы ауыл әкімдігі 6 ауыл жиындарын, 12 аппарат мәжілісі,

8 іс-шаралар жасап өткізді. Ауыл жиындарында және аппарат мәжілістерінде 12 әлеуметтік, 4 қызметкерлердің ішкі тәртібі және қоғамдық тәртіп, 8 ауыл шаруашылық жұмыстары туралы мәселелер қаралды.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша 217 қызмет көрсетілген.Оның ішінде 7 жасқа дейінгі балалар бақшасына – 35, балалар тасымалына – 182 қызмет көрсетілген.

Ауылдық округтің 2018 жылдың жалпы бюджеті 58 млн 886 мың тенге оның ішінде, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша бюджеттен бөлінген 3,5 млн тенге қаржыға Алғабас ауылына Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне ескерткіш орнатылды

Бүгінгі күнге ауылдық округтің негізгі салық түсімдерінің бірі көлік салығынан 6млн 505844тенге,жеке кәсіпкерліктен 1млн 822671 тенге

түсіп отыр. Жер және мүлік салығы бойынша2018 жылы берілген тапсырма мүліктен 78909 тенге болса 81134 тенге жиналып 103 пайызға,жер 673874 тенге 100 пайызға орындалды.

Округтегі аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жұмыстары бойынша құрамында 7 адамнан тұратын комиссия мүшелері жұмыс істейді. Бүгінгі күнге 56 отбасының 310 баласына 15 млн 399 мың теңге тағайындалып, төленіп берілді.

Жалпы бүгінгі күнге 22 адам қоғамдық жұмыстарға екі мерзімнен тартылды.

Бүгінгі күнге өз кәсібін ашуға және қайтадан мамандық алып оқытуға 7 адам даярлықтан өтіп несие алып, бизнес жоспарларына сәйкес жұмыс жасауда.

Қайрымдылық көмек және демеушілік туралы атап айтатын болсақ «Бай Алғабас» шаруа қожалығы басшысы Қораласбаев А, «Жидек» шаруа қожалығы басшысы Байсақалов А, «Ұзақ» шаруа қожалығы басшысы Жұдырықов Т, кәсіпкерлер Сейсебаев Д, Туленбаев А, Түйебаев М және т.б ауыл тұрғындары - 22 наурыз, 1-9 мамыр, 1 –маусым балалар күні, 30 – тамыз күндеріндегі атаулы мерекелердің жақсы өтуіне демеушілік және қайрымдылық көмектерін көрсетті.


Каталог: app -> uploads -> sites
app -> Таќырыбы: Јділбай Табылдиев “Аппаќ бала”
app -> Бекітілді шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған арналған кешенді даму жоспары
sites -> Құрметті Бекболат Серікбекұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!
sites -> Т. Тысқұлов ауданында 2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
sites -> Баспасөз баяны қР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары
sites -> Зейнетақы жүйесінің деңгейлері туралы әңгімелеп берсеңіз, базалық және ортақ зейнетақы дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет