Абай іліміндегі Хауас мәселесі және иманигүл Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты



бет6/6
Дата16.05.2020
өлшемі23.7 Kb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Мұғалімнің сөзі:

Мен жасымнан көп көрдім
Мұсылманды, кәпірді.

Абыралыдай көрмедім

Намаз білмес пақырды.

Қираәтін1 оқытып

Көріп едім, шатылды.

Ниет қыла білмейді,

Не қылады нәпілді2.


Намазшамның3 артынан

Құржаң-құржаң етеді.

Жер ұшық4 берген кісідей,

Тоңқаңдай ма, не етеді.

Нәпіл түгіл намазы –

Бәрі желге кетеді.


Осы оқумен намаздың

Қай жерінде сауап бар?

Тегін ойлап байқасаң,

Мұнда ми жоқ, құлақ бар.


Сөздік
1 - Қираәт (арабша) – оқу, құран оқу.

2 - Нәпіл (арабша) – міндетті бес уақыт оқылатын намазға қосымша оқылатын намаз.




Тулебай Жанерке: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңін оқиды.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл.

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына, малың түгіл.

Дін де осы, шын ойласаң, тағат та осы,

Екі дүние бұл тасдиқ- хақтың досы.

Осыларды бұзатын және үш іс бар:

Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы.

Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Мұғалімнің сөзі:

Абайдағы иманигүл 
(үш сүю)

1902 жылы жазылған «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңіндегі мораль философиясына соғатын үш сүю (иманигүл) деп аталатын ақын танымының мағынасы терең өзекті желілеріне айрықша назар аударады. Себебі, осы өлеңдегі үш сүюде алға қойылған бастапқы пікір:
«Махаббат пен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», -
деп жаратушы түп иесін, жаралған пендесінің махаббатпен сүюі қажет дейтін бірінші сүюді көреміз.
Екінші сүю - ақын шығармаларында желілі түрде таратылатын басты ой желісі «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» айдар тағып, ерекше бөліп көрсетуінде жатыр. 
Үшінші сүю - «Және сүй хақ жолы деп әділетті» деп 38 сөзінде Алланың бойындағы 8 сипаттан құдірет пен ғылымды біріктіріп алатын ғақылға (ақылға) Абай нақылия, ғақлия дәлелдерге сүйене отырып ұсынатын ғәділетке (әділетке) ерекше мән беретін үшінші сүюді көреміз. Абай танымындағы әділетті, яғни үшінші сүюді М.Әуезовтің мұсылмандық танымдағы әділеттен өзгешелеу жатады деп ескертуі көп нәрсені аңғартады.

Жаңа сөздермен танысу слайд-4
Мантикин – астарлы сөз;

Мұтәкәллимин – Алланың сөзін жеткізуші;

Қираәт (арабша) – оқу, құран оқу.
Нәпіл (арабша) – міндетті бес уақыт оқылатын намазға қосымша оқылатын намаз.




Рефлексия (сабақ жөнінде өз ойын үлгі бойынша айта білу керек) 

Мен бүгін ....... ........ білдім. 

Маған ......... қызық болды. 

Мен үшін ..... ...... қиын. 



Үй тапсырмасы:

«38 қара сөзді» әңгімелеу, жаңа сөздерді жаттау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет