Абай іліміндегі Хауас мәселесі және иманигүл Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты


Студент Нұғыманова Айдана: «Өлсе өлер табиғат адам өлмес» (1895) өлеңін оқиды



бет4/6
Дата16.05.2020
өлшемі23,7 Kb.
#69016
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
хауас кмж

Студент Нұғыманова Айдана: «Өлсе өлер табиғат адам өлмес» (1895) өлеңін оқиды.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.

Мені” мен “менікінің” айрылғанын

Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

Мұғалімнің сөзі:

Хауас ұғымы Абай шығармасында үш түрлі мағыналық қырымен көрініс беретіні бар.
Біріншіден, «хауаси хамса заһири» ұғымы қазақша айтқанда сыртқы бес сезім (хауас) мүшесін танытады. Адам осы сыртқы бес сезім (көз, құлақ, мұрын, тіл және дененің суық, жылылықты сезінуі)  арқылы сыртқы объективті дүниеден хабар алу әрекеті жатады.
Екіншіден, осы сырттан хабар алып, ішкі сезім мүшелеріне жеткізетін бес сезімнің бәрі де қызметін мүлтіксіз орындауы үшін кеселге, кедергіге ұшырамай сау, саламат болуын «хауас сәлим»  деп атайды.
Үшіншіден, сыртқы бес сезім берген хабарды жанның жибили қуаты арқылы ішкі бес сезімге жеткізіп, осы он сезімді әрекетке түсіруін де хауас деп атай береді.


Әулие хакім Абайдың Құдайға ғашық болуының куәсі әрі діни-теологиялық көзқарастары тоғысқан басты мұра - 38-қарасөз болып табылады. Біреу біледі, біреу білмейді, қазіргі «38-қарасөз» деп жүргеніміз шындығы 1899-1902 жж. дүниеге келген теологиялық трактат, оған Абайдың өзі қойған төл аты - «Ғақлиат-тасдиқат» (Мүрсейіт көшірмесінде қысқа түрде «Тасдиқ» делінген) еді. Аталмыш даналық шығарма қазіргі «38-қара сөз» деген бүркеншік атауды 1933 жылы алды. Қайтіп? Оған себепкер қылышынан қан тамған қызыл идеология. Дін исі аңқыған трактатты тасқа басу жалаң аяқ шоқ басумен бір еді. Әйтсе де, ғұлама Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Тасдиқты» өзге ғақлиялар арасына тықпалап жариялап-ақ жіберді. Дана Абай ақыл-ойын сарқа жұмсаған ғажайып туынды осылайша бүгінгі күнге аман жетті.
Ал, Абай 38-қарасөзінде Алланың бойындағы сегіз сипатқа: бірінші - хаят (өмір), екінші - ғылым, үшінші - құдірет, төртінші - басыр (көру), бесінші - сәмиғ (есіту), алтыншы - ирада (тілек),  жетінші - кәлам (сөз), сегізінші - тәкин (болдыру), өз тарапынан нақылия, ғақылия дәлелдерге сүйеніп екі сипатты, яғни әділет пен рақымды қосып 10 сипатқа  айналдырады.
Слайд-3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет