Белгілі абайтанушылар зерттеулерінен Абайдың орыс классиктерінен Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин т.б. шығармаларын терең үңіліп, танысқанын білеміз.
Қайым Мұхамедханов Семейдің қоғамдық кітапханасының орыс және әлем әдебиеті классиктері шығармалары, әртүрлі ғылым салаларынан кітап қорының мол болып, «Вестник Европы», «Русский вестник», «Русская мысль», «Исторический вестник»
т.б. ресей мерзімді басылымдарын алып отырған сол замандағы Сібір кітапханаларының ішіндегі ең қоры бай кітапхана болғанын жазады.