Абай қалаға келе алмаған жағдайда ғажап ертегіші, елгезек, сырға берік атқосшысы Баймағамбет арқылы Е.П.Михаэлис пен Н.Я.Коншиннің жіберген хаттарын, кітаптарын, қоғамдық кітапханадан өзіне керекті шығармаларды ауылға алдырып, өзі оқығанын місе тұтпай, ауылдастарына әңгімелеп беруді әдетке айналдырған.
Сондай бір сәтті М.О.Әуезов: «Ас ішіп болған соң үйдің іші жатпай, күндегі әдеті бойынша «Абайдан тағы бір әңгіме шығар ма екен» - дегендей боп ұзақ отырды... Сонымен түн ортасына дейін міз бақпай, қадала қарап, бұны тыңдаған мәжіліске осы кеште Абай француз жазушысы Александр Дюманың атақты романы «Үш мушкеткерді» қызық әңгіме етіп ұзақ баяндап отырды»,- деп сипаттаған.

Белгілі абайтанушылар зерттеулерінен Абайдың орыс классиктерінен Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин т.б. шығармаларын терең үңіліп, танысқанын білеміз.