Абай мұрасының танымдық – тағылымдық МӘні кіріспе


Жұмыстың зерттеу әдістері



бет3/8
Дата22.12.2021
өлшемі55,3 Kb.
#127560
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жоба (1)

Жұмыстың зерттеу әдістері: Абайдың Толық Адам туралы өлеңдерін, Абайтанушы ғалымдардың еңбектерін оқып, талдау, пікір жинақтау.

-пайымдау, байқау

-талдау, саралау, қорытындылау

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:

Жалпы орта білім беретін мектептерде қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытатын сыныптарда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.



Күтілетін нәтиже:  (ғылыми болжау)

Егер Абайдың Толық Адам туралы өлеңдерін, негізгі ұстанымдарын оқушылар толық, жете түсініп меңгергенде, тәрбие үрдісінде белсене қатысқанда төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

-Абай туралы, оның асыл қазынасы туралы білімдері толығады.

-Білім сапалары артады.

-Поэзияны сүйетін, эстетикалық сезімдері, дүниетанымдары жетілген тұлғалық қасиеттері дамиды.

-Адамды құрметтеу, оны бағалау сезімдері артады.

-Толық адамды үлгі тұтады, оған ұқсағылары келеді, алдарына мақсат қояды.

-Ұлтжандылық, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасады. Азаматтық позициялары беки түседі.

-Адамзат баласын құрметтеу, ізгілік пен имандылықты өмірінің мақсаты ете білетін әділ, «халық» деп соққан жүрегі бар жан-жақты тұлға қалыптастыруға қол жеткізуге болады.

Негізгі бөлім.
Абай (1845- 1904 ) - ақын, жазушы, қоғам қайраткері,қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым – білім үйренуде, адамгершілік мінез -құлықта деп ұқты. Ол елін еңбекке, өнерге үндеді, мінез –құлықтағы ұнамсыз көріністерге қарсы күресті.

Атамыз өзі армандаған толық адамдыққа жеткізетін ең басты қасиетке әділетті жатқызады. Ақынның тікелей басшылығымен жазылған «Қарамола Ережесінің » заңдық, әділеттілік бағасымен қоса, жас жеткіншекке азаматтық- құқықтық тәрбие беру ісінде тәлімдік мәні зор төлқұжат болып табылады. Оның жеке тұлғаны демократиялық, құқықтық мемлекеттің белсенді де саналы мүшесі етіп тәрбиелеуге қатысты үлесі зор.

Бүгінгі таңда, біріншіден, Абай шығармаларын тұтас алғанда толыққанды оқыту мен пайымдауды қоғамдық тұрғыдан қажет етсе, екіншіден , Абайдың тәрбие мен оқыту саласындағы көзқарастары мен пікірлері жас ұрпаққа оқыту дәрежесінің жеткіліксіздігі айқын сезіледі. Осы қайшылықтарды ескере отырып, Абай атамыздың әлі де ашылмаған қырларын таныту ісі зерттеу мәселесін айқындап, «Абай мұрасының танымдық – тағылымдық мәні» атты тақырыпты таңдауыма себеп болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет