Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия Қалыптасу және даму кезеңдері



бет1/12
Дата25.08.2017
өлшемі7,79 Mb.
#27066
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия
Қалыптасу және даму кезеңдері:


  • 1990-1991 оқу жылы. №14 орта мектепте алғашқы қазақ сыныбы ашылды. Бірінші ұстаз – Жүсіпова Сәкен Дәулетқызы.

  • 1996 жылдың 1 қыркүйегінде қазіргі «Аққу» балабақшасының ғимаратында қазақ орта мектебі болып қайта ашылды. Ұлы ақын Абай Құнанбаев есімі берілді. Тұңғыш директор – Тезекбаева Рабиға Кәкімқызы.

  • 1998 жылдың 1 қыркүйегінде оқу-тәрбие үрдісі №2 орта мектеп ғимаратында жалғастырылды.

  • 2000-2001 оқу жылынан бастап Қарағанды облыстық мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының қолдауымен даму бағытындағы жұмыстар басталды.

  • 2001 жылдың қыркүйегінен эксперименттік алаң мәртебесінде жұмысын жалғастырды.

  • 2003 жылдың қазан айынан мектеп-гимназия мәртебесі берілді.

  • 2007 жылдың желтоқсанында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен салынған қала ортасындағы жаңа ғимаратқа ауыстырылды. Мектеп директоры – Ашаева Айжан Орынбасаровна.

Өмірбаян
Тезекбаева Рабиға Кәкімқызы 1945 жылы 18 маусым айында Целиноград облысы, Алексеевка ауданы, Кеңес ауылында өмірге келді. 1962 жылы 10 жылдықты аяқтап, 1963 жылы Қарағанды қаласындағы пединститутқа түскен, 1967 жылы бітірген. Кеңес ауылына барып, мектепте оқу-тәрбиесінің меңгерушісі және қазақ тілі және әдебиеті пәнінен мұғалім қызметін атқарған. 1968 жылдан 1978 жылға дейін Абай қаласындағы «Синичка» балабақшасында тәрбиеші, 1978 жылдан 1994 жыл аралығында қаладағы №2 орыс мектебінде қазақ тілінен дәріс берген. Еңбегі бағаланып «Аға оқытушы», «Әдіскер мұғалім», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған. 1994 жылдан 1996 жыл аралығында қалалық оқу бөлімінде әдіскер қызметін атқарған. 1996 жылы қыркүйектің 1-де қалада тұңғыш Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп ашылып, мектептің директоры болып тағайындалған. 2005 жылы аудандық маслихаттың, оқу бөлімінің ұйғарымымен Абай ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. 2007 жылдан бастап зейнеткер.






1990 жыл 1 қыркүйек. 14 орта мектеп жанында ашылған тұңғыш қазақ сыныбының табалдырығын аттаған алғашқы бүлдіршіндер.

Бірінші ұстаз – Жүсіпова Сәкен Дәулетқызы.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет