Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназия мектебінде Қазақстан Республикасы халқының ТІЛДЕР КҮНІ мерекесіне орай атты онкүндіктің өткізілуі жайлы
Мемлекеттік тілім менің
Көркейіп өсіп келеді.
Катя, Маша, Сашалар –
Қазақша сөйлей біледі - дегендей, елімізде тіл мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Біз бүгін Қазақстанның бір елі болып,осында тұратын халықтардың «Тілдер күнін» тойлағалы отырмыз.
Қыркүйек айын «тіл маусымы» деп атауға болады, өйткені еліміздің барлық жерінде тіл мерекесіне арналған дәстүрлі сайыстар мен байқаулар өткізілу жоспарланды.
Бұл іс-шаралардың мақсаты - жастарды қазақ тіліне баулу, тілге деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, қазақ еліне сүйіспеншілігін ояту, үштілділік саясатын жүзеге асыру.
Жастар қазіргі кезде орыс,ағылшын тілдерінде сөйлегенді ұнатады.
Біздің мектебімізде де балалар орыс, ағылшын, қазақ тілінде өлең оқып, ән айтып тілдер күні мерекесінің маңызы туралы барша оқушыларға мәлімет беруде. Тілдер апталығына арналған жоспарға 5 – 11 сыныптар үшін қабырға газетін дайындау, шығарма жазу, мүшәйра, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым сияқты іс-шаралар енді.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: М.Ж.Токенова 3 сыныптар арасында «Сен білесің бе?» , Б.Ж. Макеева 4 сыныптар арасында «Сөйлей-сөйлей шешен боласың» атты сайыстар өткізсе,ал Ж.Д.Айбатырова 1-3 сыныптарда «Өлең сөздің патшасы» сынып сағатын ұйымдастырды.
Орта және жоғары сыныптың оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері: Г.Қ. Мұқанованың 6 сыныптар арасында «Тіл – достықтың көпірі», Г.Қ. Бекішеваның 7 сыныптар арасында «Тәуелсіз Қазақстан – ғасырлар арманы», Г.Қ. Тұрғанбаеваның 8 сыныптар арасында «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25-жыл», Г.К. Қасенованың 9 сыныптар арасында «Қазақтың бас ақыны – Абай» атты сайыстары мен байқауларының белсенді қатысушылары болды.
Сондай - ақ А.Т.Жакишеваның оқушыларды қызықтыру мақсатында өткізген «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны керемет әсер қалдырды.
Мектеп оқушыларының халықаралық тілде сөйлеу деңгейі ағылшын тілінде өткізіліп жатқан іс - шаралардан айқын көрінді.
Ағылшын тілі мұғалімдері төмендегідей түрлі сайыстар, байқаулар жүргізуде: Е.В.Акимова 5 сыныптарда «My favourite teacher» «Менің сүйікті ұстазым», В.В.Осадчая 7 сыныптарда «Өз ойыным», Г.Т. Халитова 8 сыныптарда «Абай шығармаларын ағылшын тіліне аудару», Н.М. Польченко мен Л.Н.Рудская 9 сыныптарда «Досыңа хат жаз», Г.Т.Халитова, Н.В.Кинцель, В.В.Осадчая 7-9 сыныптарда «Ағылшын тілінде физика, география, биология бойынша эрудит» Е.Ю.Галех, О.М.Башлыкова, Н.В.Кинцель, Г.Т. Халитова «Жұлдызды калейдоскоп.
Әсіресе Н.М. Польченконың көрсеткен саусақ қуыршақтарымен театрландырылған қойылымы балаларда ерекше әсер қалдырды.
Орыс тілі мұғалімдері де бірнеше іс-шараларды өткізуді жоспарлаған екен. С.И. Зозуля 5,6,11-сыныптарда «Тіл – әлемге ашық» шағын - шығармалар көрмесін ұйымдастырса, Н.П. Добрынина 6 сыныпта «Ұлы Абай», Г.К. Каиркенова 5 сыныпта «Қос жұлдыз» атты сынып сағаттарын өткізді. С.И. Зозуляның 11 сыныптарда Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» атты викторинасы оқушыларды ынталандырды.
В.А. Руцкая 9 сынып оқушыларымен «Абай – қазақтың Пушкині» тақырыбы бойынша конференциясын өткізді.
Біздің бастауыш мектептің мұғалімдері «Менің сүйікті қазақ ертегім», «Қазақ және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу», «Полиглот» деген сайыстар дайындаған. Е.В.Науменко, Т.Е.Крупко, О.Л. Вишнякова «Бақытты сәт» деген іс-шараларды көрсетті.
Осындай іс - шаралар өткізу арқылы балалардың тілге деген қызығушылығын арттырамыз, мемлекеттік тіліміздің абыройын көтереміз деп үміттенеміз.Жақсы істер жалғасын таба берсін!
Мұқанова Г.Қ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Достарыңызбен бөлісу: |