Шумақ саны: 7
Тармақ саны: әр шумағы 4 тармақтан
Бунақ саны: 3
Буын саны: 11
Ұйқас түрі: қара өлең
Құрылысына қарай талдау:
Өлсем, орным //қара жер //сыз болмай ма? 11а
Өткір тіл// бір ұялшақ //қыз болмай ма? 11 а
Махаббат,// ғадауат[1] пен //майдандасқан, 11 б
Қайран //менің жүрегім// мұз болмай ма? 11 а
Жамбыл Жабаев
Кәрілік
Жасықтан асыл шықпас қайрағанмен,
Жабыдан жүйрік шықпас байлағанмен,
Жасарып Жамбыл қайта жігіт болмас,
Жағасын үш қайтара майлағанмен.
Сақалым темір күрек борға малған,
Селеудей шашым селдір зорға қалған.
Аузыма ақ жабағы жапсырғандай,
Кәрілік немді қойды қорламаған?
Құлпырған қызыл шырай түсімді алды,
Аузымды опырайтып тісімді алды,
Босатып буынымның шегелерін,
Сыпырып тұла бойдан күшімді алды.
Кәрілік екі көзді қызартады,
Сүйектің етін сылып, ұзартады.
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,
Батпандап шонданайға тұз артады...
Достарыңызбен бөлісу: |