Абай Құнанбаев Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?


Жанры: Философиялық лирика Тақырыбы



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі20,41 Kb.
#95700
1   2   3   4
Байланысты:
Кенжебай.Л өлең талдау

Жанры: Философиялық лирика


Тақырыбы: Адам өмірі


Идеясы: Өмірдің өткенші екендігі, қанша жас болсаңда бір күні кәріліктің де келетіні жайлы. Сонымен қатар жастықты қанша қайрасаңда асыл болмасын, жабыны қанша байлағанымен жүйрікке айналмасын әр жаратылыс бастапқыда қалай болса да солай қалатыны туралы.


Өлеңнің поэтикалық тілі:


Теңеу:
Селеудей шашым селдір зорға қалған;
Аузыма ақ жабағы жапсырғандай;
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей;


Риторикалық сұрақ:
Кәрілік немді қойды қорламаған?


Аллитерация:
Жасықтан асыл шықпас қайрағанмен,
Жабыдан жүйрік шықпас байлағанмен,
Жасарып Жамбыл қайта жігіт болмас,
Жағасын үш қайтара майлағанмен.


Эпитет:
Құлпырған қызыл шырай түсімді алды,


Шумақ саны: 4
Тармақ саны: әр шумақта 4 тармақтан
Бунақ саны: 3
Буын саны: 11
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы


Құрылысына қарай талдау:
Жасықтан// асыл шықпас// қайрағанмен, 11 а
Жабыдан// жүйрік шықпас// байлағанмен, 11 а
Жасарып// Жамбыл қайта //жігіт болмас, 11 б
Жағасын// үш қайтара// майлағанмен. 11 а


Сырбай Мәуленов


КҮЙ

Бұлтсыз күндей жайып тастап жанымды,


Ту ғып ұстап адамшылық арымды,
Арманым жоқ көкірегімді кең ашып,
Туған елге тарту етсем барымды.

Кең даланың кезіп еспе құмдарын,


Қыран болып қанат қақса жырларым.
Асқар таудың, айдын шалқар көлдердің
Жүрегіме сыйғыза алсам сырларын.

Сахараның сайран салып желіндей,


Жанартаудың жалын атып лебіндей,
Ұшса жырым жазғытұры будақтап
Туған жердің алып жатқан деміндей.

Армансыз боп онда өмірден өтер ем,


Үмітімнің жұлдызына жетер ем.
Туған жердің топырағын шөлдетпес
Өлеңімнен өзен жасап кетер ем.


Жанры: Табиғат лирикасы


Тақырыбы: Туған жер


Идеясы: Туған жерге деген сағынышты көркем тілмен кестелеген өлең.


Өлеңнің поэтикалық тілі:


Теңеу:


Бұлтсыз күндей жайып тастап жанымды,
Сахараның сайран салып желіндей,
Жанартаудың жалын атып лебіндей,
Туған жердің алып жатқан деміндей.


Эпитет:

Ту ғып ұстап адамшылық арымды,




Метафора:
Қыран болып қанат қақса жырларым.

Шумақ саны: 4


Тармақ саны: әр шумағында 4 тармақтан
Бунақ саны: 3
Буын саны: 11
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы


Құрылысына қарай талдау:

Бұлтсыз күндей// жайып тастап// жанымды, 11 а


Ту ғып ұстап// адамшылық// арымды, 11 а
Арманым жоқ// көкірегімді //кең ашып, 11 б
Туған елге// тарту етсем// барымды. 11 а

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет