1* | Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз? |
2* | Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз. |
3* | «Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Сүйінбайдың: ...Іздегенім осы еді, Өз-өзінен қағынып, Қатаған сөзден жаңылды. Қызып тұрған темірге Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз. |
4 | Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз. |
5* | Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз. |
6* | Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз. |
7* | «...дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» дегены. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па? |
8* | |