Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз



бет50/58
Дата02.02.2023
өлшемі164,75 Kb.
#167189
түріПоэма
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58
Байланысты:
, Создать Документ Microsoft Word, проведение челленджа видеороликов Мой тревожный чемоданчик

Көп елді күтінбеген қырды, жойды,

Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды, —

 деген жолдармен баяндайды. Бұл да ақиқаттан алшақ емес. Филипп өліп, Ескендір таққа отырғанда не бәрі жиырма жаста ғана болған екен. Оның таққа отыра сала, көршілеріне қырғындай тиюі де – тарихи шындық. Міне, осы жайлардың ұзын ырғасын Абай ақын әлгіндей жолдармен баяндайды да, оның жорықтағы табыстары арта түскен сайын, аранының ашылып, күллі әлемді жеке билемек болған ниетін былайша хабарлайды:

Ескендір елде алмаған хан қоймайды,

Алған сайын көңілі бір тоймайды.

Араны барған сайын қатты ашылып,

Жердің жүзін алуға ой ойлады.

Бұл да шындық. Ақын пікірінде, осылардан арылмаған адам – өзін қаншама ақыл, ерліктің, шексіз биліктің иесімен деп түсінсе де, төңірегі солай деп бағаласа да, оның шамасы белгілі, ол «есер» адам. Сондықтан да Абай оқырманына бағыштаған негізгі ойын:

Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,

Мұны бір өзге сөздің бірі деме.

Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,

Тоймас көзің толар деп қайғы жеме, —

деген сөздермен бітіреді.

Бұл сөздер – қазақ ақынының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі адамгершілікке үндейтін насихаттарымен тамырлас. Бірақ, поэма сюжетінің оқырманын «бес асыл іс», «бес дұшпан» туралы өлеңге қарағанда көбірек ойлантары хақ. Абай соны тереңнен ойлап, тап басқан, сондықтан да осындай әрекетке барған. Оған жоғарыда келтірілген бір шумақ дәлел. Онда «тоймас көз» сюжетінің не үшін әңгіме болғанын және оның «өзге сөздің бірі» емес, мағынасы терең әңгіме екенін айқын аңғартады. Сөйтіп, ерте дүние билеушісі Ескендір жайында Абай игерген тарихи материалдар мен фантастикалық сюжет ақынның оқырманына жоғарыда айтқан пікірлерді жеткізу үшін, сол арқылы ғибрат алуға үндеу үшін қызмет еткені анық. 




ген Начало формы
Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние–ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде 1841 жылы ауқатты жанұяда туған. Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада да ойнау өнерінде меңгерген. Мұхит жас кезінен — ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Оның дарынының Жан – жақты ашылып оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық – дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын – жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той – думанның сәнін, халық мұрасын дәріптеуші насихаттаушы болып, “әнші Мұхит”, “сал Мұхит” атанды
Әндерін тыңдау: “Айнамкөз”, “Кіші айдай”, “Зәуреш”
Мұхиттың жүрегінен жарып шыққан күйінішті шығармасының бірі -“Зәуреш әні”. Қайғылы көңілдің зарын, жоқтауын баян ететін бұл әннің әуені аса терең, үні мұңды. “…Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады. Елге келген ауру – апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей қайтыс болып, жалғыз Зәуре деген қызы қалады. Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенінде, Зәуре де дүниеден өтеді. Тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңіренеді. Міне, осы трагедия Мұхитты қатты қобалжытады. Ол домбырасын алып, “Медет айтыпты” деген сөздерге ән шығарады. Әннің аты халық арасында “Зәуреш” болып тарайды. Мұхитты толқытып, оның шығарған әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.” Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да «Айнамкөз» болсын дейді. Бұл ән халық арасында көп тараған, « Айнамкөзді» айтпайтын адам аз. Әсіресе жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатын әннің бірі — « Айнамкөз». Бұл Мұхитқа тән диапазонды, үлкен дауыс шеңберңн тілейтін ән. Басынан аяғына шейін лирика, ешбір қайғының ұшқыны жоқ, сүйгенін, жақсы көргенін сағынған әуен бар. Әннің кеудесі мен қайырмасы бірімен бірі жалғасып кетеді. Ән байсалды, орнықты екпінде жүреді. Әрбір дыбысы қатталып, орындаушыдан дауыс регисторінің тегістігін тілейді. «Айнамкөз» — үлкен, жылы жүректен шыққан ән.
Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі сал Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Соның бірі – байтаққа жақсы таныс әйгілі «Зәуреш» әні. Өрнегі бөлек. Бітімі өзгеше. Қалың қарындасқа Ғарекеңнің, Ғарифолла ата Құрманғалиевтің (1903 – 1993) орындауында тарап еді. Бірегей орындаушысы-тын.
Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек. Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ. Әкенің бар үміті, бар жұбанышы – Зәуреш-ті, өмірімнің шырағы болар деген. Тағдыр оны көп көреді. Ажал тырнағына ілінеді. Саулы інгендей боздап келіп, суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мұхит кейін өлеңге айналдырып, зар – әнге қосқан дейді. Сөздері қамырықты. Эмоциялық бояуы өте күшті.
Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,
Баяғы өзің өскен жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп бір сүйейін деген едім?
Құланның жонда көрдім шоқырағын,
Қайыңның жаста көрдім жапырағын.
Қарамай кетіп қалып әкең сорға,
Бір уыс көп көрді ме топырағым.
Ән терең психологиялық тебіреніске құрылған. Бейжай қалдырмайды.Өлең шумақтарында қаралы жанның көрініс тапқан ішкі сезімі тыңдаушы жүрегінен орын алып, оның қоғамдық санаға айналуының бір сыры мелодиясына тығыз байланысты-тын. Эстетикалық танымы да, мәні де осында жатыр. «Зәуреш» әнінің тарихы терең.Философиялық тербеністерге толы Мұхиттың “Дүние – ай” әні музыкалық мазмұнының тереңділігімен ерекшеленеді.
Мұхит жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға, ғажайып дарында талант иесі.

 



Начало формы
Конец формы

Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз!

Заты даңқты, тумысынан текті, кесек жаратылған Арқаның арысы Ыбырай Сандыбайұлының өлең-жырларының нәзік кестесі, өрнек-нақышы, сыр- сымбаты да сан қилы, нешеме алуан поэзиялық, музыкалық құбылыстарға бай. Саз-келісім жағынан алғанда, біресе жігерлі, серпінді, отты, ойнақы, бұрқыраған, қуатқа толы яки жұмсақтығы жібектей әсем әуенді, қоңыр үнді, терең сезімге құрылған, я болмаса салтанатты шадыман… Сондай әндерінің қатарына «Қарақат көз», «Гәкку», «Мақпал», «Алтыбасар», «Жиырма бес», «Желдірме», «Сүйгенім», «Арарай», «Қалдырғандарды» жатқызуға болады.
Ыбырай Көкше өңірінде, Володар ауданы, Қызыләскер ауылында дүниеге келіп, жастайынан өлеңге, әнге кұмар болып, молдадан оқып, арабша сауатын ашып өсіп жетіледі. «Сандыбайдың әнші баласы, өлеңші баласы» атанып, ауыл-аймақтағы жиын, той-думаннан қалмай, атақты ақын-әншілер: Орынбай Бертағұлы, Арыстанбай Табылбайұлы, Шөже Қарнаубайұлы, Біржан Қожағұлұлы, Ақан Қорамсаұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Тезекбай Шоктыбайұлы, т.б. ұстаз тұтып, үлгі-өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүріне еліктеп, Көкше өлкесіне әйгілі бола бастайды. Осылай ән мәдениетінің ортасынан өсіп жетілгеп сылқым, өнерпаз жас жігіт Ыбырай алдыңғы ағаларының Біржан сал, Ақан сері секілді әшекейленген киімімен атқа мініп, тазы, қаршыға ұстап, аңшылық, ойын-сауық ортасынан көрініп «Үкілі Ыбырай» атанады. Үкілі домбырасын тастамай, жас әнші — Ыбырай халық әндерін, халық композиторларының әндерін шебер орындаушылық шеберлігіне жетіп, өзі де ән, өлең шығарумен айналысады. Ыбырай әндерінің кұрылысында өз ерекшеліктерімен, қайырмасыз әннің күрделі түрі романс бағытына жақындайды. Дауыска жайлы, қиын емес ырғақтардан құралып, көңілге тез қонатын әуеннен тұрады. Композитордың 40-қа жуық әндері бар.

«Қалдырған» әні дуралы дерек….

…Тайга ішінің аязы бүгін ерекше шаңытып тұр. Барактан барынша жылы киініп шыққан қария қуаты қайта бастағанын бойының лезде қалтырап қоя бергенінен аңғарғандай болды. Қалың оппа қардан малтығып, бірер аттап үлгергені сол еді, жайдың оты түскендей әлде не жақын маңнан шатыр етті. Қарағай, самырсындар селк етіп, ағаштардың өн бойларынан қар ұшқыны саулап қоя берді. Еңсегей бойлы қария өзін басып қала жаздаған ақ ұлпадан үсті-басын қағынып, арылысымен-ақ қарсы алдына көз салды. Әлгінде ғана тұлғасы аспандай зорайған алып қарағай аязға шыдамай қақ айырылған екен. Өзегінің қызғылт беттерінен сары алтындай шырыны бұлақ болып ағып жатыр. “Ғұмыры біткен соң, қарағай да жылайды екен-ау” – деп, тебіренді ақын жаны. Дұшпандарының жаласымен Қиыр Шығысқа айдалып келгелі Үкілі Ыбырай болмысы боркеміктікке ауысқандай ма қалай. Көзіне жас алды. Жо-жоқ! Ақынның Айыртаудай ардағын, Көкшетаудай қымбатын, өзін әз көтерген асыл жұртын сағынғаны бұл.
– Шіркін бір дүние кең едің,Біраз күн алдап бөгедің.Өкпеледім, дүние-ай,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет