43* |
Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романының кейіпкері Демежан авторға не үшін қажет? |
44* | Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз. |
45 | ХІХ ғ. ІІ жартысында өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма? |
46* | Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз. |
47* | Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз. |
48* | Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман»өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз. |
49* | Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың«Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат»өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз. |
50* | Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз. |
51* | Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе»өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз. |