Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз1845 жыл – 6 шілде1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы
Абайдың "Толық адам" ілімі бізді аласапыран дүниеде адастырмай, тура жолға бастайды.
Абайтанушы ғалым, профессор М.Мырзахметұлы.
«Толық адам» сатысын Абай отыз сегiзiншi қара сөзiнде: «Бұл айтылмыш үш қасиеттiң иелерiнiң алды – пайғамбарлар, онан соң – әулиелер, онан соң хакiмдер, ең ақыры – кәмiл мұсылмандар» деп төртке бөледi.
Бұлардың бастапқы екеуi таза құлшылық жолындағылар. Ал соңғы екеуi – аралас құлшылықта, себебi ниеттерi таза болғанымен, болмыстары әлi толық тазаланып үлгермеген. Олар сый-құрмет, атақ-даңқ тәрiздi адамның жүрегiн құрсаған құмарлықтардан әлi де болса толық арыла қоймаған.