Абай Құнанбайұлы поэзиясындағы экологиялық тәрбие



Дата11.09.2020
өлшемі19,33 Kb.
#77707
Байланысты:
Абай шығ.экол.тәрбие.


Абай Құнанбайұлы поэзиясындағы экологиялық тәрбие
Дүниенің көрінген һәм көрінбегенсырын түгелдеп, ең болмаса денелеп

білмесе, адамдықтың орны болмайды.

(А.Құнанбайұлы)

Экология тақырыбы өркениет дәуірінде тіпті өзекті мәселеге айналып кетті.Адам мен табиғат егіз ұғым» деген салыстырмалы түрде қарайтын бірі-бірінен ажырамас бөлік сияқты саналатын ұғым бар.Демек адамзат бер жерде табиғат бөлінбейтін қажеттілік және заңдылық. Табиғатты асыраушың, қорғаушың десең де болады.  Ата-бабамыз: « Жер — қазына, су — алтын, мал-байлық» деп, өсиет айтып кеткені тегіннен тегін емес.

Адам табиғатпен ғана мәнді толыққанды тіршілік иесі, онсыз дені сау, денесі шымыр, салаутты өмір салты жоқ.Осындай тұжырымыды түсіне отырып кез келген адам қоршаған ортасын өмірінің бөлшегі ретінде қарау керек деп ойлаймын.Ол бір жағынан азаматтық парыз екінші жағынан табиғатқа деген сүйіспеншілік дер едім. Ал қазір бұл тақырып мектеп қабырғасында өзекті тәрбиенің біріне айналды.Экология тақырыбын ұрпақ бойына жеткіншек жасынана бастап сіңіру қажет.Бұл тақырып мектепте тәрбиенің тоғыз бағытына енгізіліп, жақсы жолға қойылып келеді.

Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.

Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады, айналасына қамқорлық жасау, аялау сезімі пайда болады.



Жалпы экологиялық тәрбиені балалар тек қана мектептен алуы щарт емес, ол отбасынан,қоршаған ортасынанан,түрлі ақпараттардан, көркем әдебиеттен ала алады.Соның бір айғағы қазақтың ұлы ақыны, данышпаны Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасынан табуға, алуға болады.Ақынның табиғат лирикасына ерекше қалам сілтеуінің өзі табиғатқа деген сүйіспеншліктен, көркем табиғаттан алған әсерінен туындағаны анық.Сұлу табиғат, көркем қоршаған орта адамға еріксіз шабыт сыйлайтыны рас.Біле білсек, ұлы ақынның қаламының ұшы алғаш табиғат лирикасына өрілді.

Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.

           Абай Құнанбайұлы табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді.Ақын поэзиясындағы табиғатқа деген сезімді, аялауды терең түсінетін болсақ,экологиялық тәрбиенің шыңын көрер едік.Адам табиғаттың құдіретін, сұлулығын сезіне алғанда ғана жақсы көреді, жанына ләззат алады емее пе?! Мәселен, «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіндегі:

Желсіз түнде жарық ай,


Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны - терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі,-жолдардағы жазғы түннің әдемі суреті, желсіз тамаша тымық түннің, айлы түндегі су бетіндегі жарық айдың керемет бейнесінің, гүрілдеген мөлдір судың дауысының жанға рахат сыйлайтын тылсым күшіне тәнті қылады.Міне, осылай адамзаттың табиғатқа деген махаббаты еріксіз оянады. Өлеңді оқыған оқырман қоршаған ортаның қадір –қасиетін сезінеді.

  Ақын «Жазғытұрым» өлеңінде қазақ даласындағы жазғытұрғы кезінің барлық суретін толық берумен бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күресінің қайнар көзі деп таниды.

 Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,

Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,

Бір сараңнан басқаның пейілі енер.

Тамашалап қарасаң, тәңір ісіне,

Бойың балқып, ериді іште жігер, -  деп, жаздың суретін өзі де сүйеді және оны жалпы жұрттың көңілін шарықтатып, жігерін туғызатын маусым деп ұғады.                      

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып сылаңдап ағады су.

Осы бір ғана шумақтағы мамыражай, жаймашуақ «елжіреген күннің көзі», «кілемнің түгіндей», «масатыдай құлпырған жердің жүзі» – үлкен суреттің бір-бір бөлшегі десек, «гүл мен ағаштың майысып қарауы», «судың сылаңдап ағуы» – осы сөздердің барлығы қосылып сұлу табиғаттың әсем бейнесін – образды суретін беріп тұр. Осындай сұлулыққа бала, оқушы еріксіз елітері сөзсіз.Әдемі қиялға беріледі.Жағымды әсер алады.Ақын поэзиясы осындай ерекшелігімен табиғат пен адам арасындағы нәзік байланысты ашып көрсетеді.Адамды табиғаттқа нәрлі сөзбен тәнті етеді. Бұл –экологиялық тәрбие

СҚО, Уәлиханов ауданы,

КОМ №1 қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі Майрагүл Шайзадақызы





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет