Сабақ «Геометриялық пішіндер»



бет1/6
Дата07.05.2017
өлшемі0,6 Mb.
#15875
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Пухальск негізгі мектебі

«Айналайын» шағын орталығы



Математика пәнінен ашық сабақ

«Геометриялық пішіндер»

2012-2013 о.ж.



Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Мақсаты:

Білімділік:

- геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.



Дамытушылық:

- логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту

- тапқырлығын арттыру.

Тәрбиелік:

- зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.



Әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.

Көрнекіліктер: Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй суреті, геометриялық пішіндердің суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

- балалармен амандасу;

- сабаққа дайындау;

Шаттық шеңбер: Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.

Тәрбиеші: – Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті,сондықтан балалар шуағын төккен «күнмен», «мейірімді аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық:

Шеңбер болып тұрамыз,

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық!


Тәрбиеші: Сендердің алдарында «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» жатыр, қолдарына алып сабақты қандай көңіл-күймен бастайтыңдарын бір-біріне көрсетіңдер.

Тәрбиеші:Сабақты санамақпен бастаймыз:

1,2,3


Сынып іші тып-тыңыш

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? (суреттерін тақтаға ілу).



Дұрыс, балалар, олар бізге бос қолмен келген жоқ. Бізге тапсырмалары бар екен, қалай, орындаймыз ба?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет