Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет187/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

ОӘЖ 378.183
 
 
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
 
 
Оралханов Е.Е 
Ғылыми жетекші: Кадирсизова Ш. Б.
 
 
КеАҚ «Семей медицина университеті», Семей қ. Қазақстан Республикасы
 
 
Өзектілігі: 
Тәрбие

тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы болып табылады. 
Халық даналығында: «Баланы әуелі мейір шапағатқа, онан соң ақыл парасатқа, ақырында 
еңбек пен ғылымға баулы» 

дейді.
Тәрбие
-
халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп 
алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін
жас ұрпақтың бойына
сіңіру, баланың қоршаған 
ортадағы қарым
-
қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез
-
құлқын қалыптастыру.
Жеке тұлғаны жан
-
жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі 

Абай Құнанбаев, 
Ыбырай Алтынсарин,
Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов 
және т.б. шығармаларының негізгі арқауы. Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде 
адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай және 
олардаң өзара қатынасына байланысты қалыптасатын «Толық адамды» (білімді, 
адамгершілігі жоғары, парасатты жан
-
жақты жетілген тұлға) тәрбиелеп жетілдіру мақсаты 
көзделеді.
Тәрбиенің негізгі
мақсаты 
– 
дені сау, ұлттық сана
-
сезімі ояу, рухани дәрежесі биік, 
мәдениетті, парасатты,ар
-
ожданы, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер 
қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбие ісі

ұзақ және күрделі үдеріс. Адамзат дамуының қай кезеңінде болсын 
тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру үдерісі 
әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады. Өйткені, мемлекет қажеттігінің 
орындалуы оның экономикалық күш
-
қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай 
болса, тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын 
қажеттікке сай тәрбиенің
мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаттарының бірі 

еліміздің 
өркениетті елдер қатарына қосылуы, оның әлемдік білім кеңістігінен орын алуы. Бұл 
ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұруды, нәтиже
мен сапаға бағыттауды, сондай
-
ақ 
бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу қажеттілігін міндеттейді.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында азаматтық пен патриотизмге, 
өз Отаны
-
Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін 
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу мемлекеттің білім саясатының 
басты ұстанымы екендігі атап көрсетіліп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет