13
ӘОЖ 82 (547.41)
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАРА СӨЗІ
Айнабаев Е, Саданов Н.
Ғылыми жетекші: Абешова Н.М.
КеАҚ «Семей медицина университеті»
,
Семей қ. Қазақстан Республикасы
Тақырыптың мақсаты:
Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзімен жан
-
жақты таныту.
Зерттеу әдісі :
талдау, сараптау.
Тақырыптың өзектелігі:
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге
көзқарастары терең білінген еңбегі
-
қара сөздері. Абайдың қара сөздері
-
ұлы ақынның
сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап
көрсететін классикалық
стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық
бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта
ғана жазылмаған, әртүрлі бағытта жазылған,мысалы: «ақыл», «білім», «өнер»,
«жақсылық пен жамандық», Оның алты
-
жеті үлгісі қысқа
болса, қайсыбіреуі мазмұн,
тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде
шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне
зор салған.
Қорытынды:
Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта
өзекті идея болған. Адам дүниеге келгеннен бастап, жан
-
жағындағы затты, нәрсені
білуі, тануы заңды құбылыс. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы
тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Адам өзін
–
өзі әрі қарай дамытуы керек. Осы пікір
Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша
сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана
туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":"Адам ата
-
анадан туғанда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы,
жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден
есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды,
сонда адам десе болады",
—
деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан
ары кеңіте отырып дамытатының көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: