Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет32/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

ӘОЖ 82 (547.4) 
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК 
ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
-
 
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
Айдосов Ж.А. 
Ғылыми жетекші: Екібаев Р.Ж., т.ғ.к
 
КеАҚ «Семей медицина университеті», 
Семей қ. Қазақстан Республикасы
 
 
Өзектілігі. 
Абай Құнанбаев 
– 
ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ 
әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, саяси қайраткер, либералды білімді исламға 
таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін 
жаңартуды көздеген реформатор. 
Өзінің
жазған еңбектерінде басты құндылықты мораль деп санаған Абай 
Құнанбаевтың шығармалары бүгінгі күнде өзекті болып отыр. Аталған қаламгердің 
еңбектеріне, әсересе өлеңдеріне көз салсақ адамның бойындағы гуманисттік 
қасиеттерді шыңдауды, өмірден өз орнын тауып еңбек ету жайлы ғибратты ойларды 
аңғарамыз. Бұған мысал ретінде 
«
Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Қараша 
желтоқсан мен сол бір
-
екі ай» сияқты өлеңдерін оқып көз жеткізе аламыз

Жоғарыда 
айтылған мәліметтерді ескерсек Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор екендігін 
түсінеміз. 
Абай Құнанбаевтың келесі жазған еңбектерінің бірі оның «Қара сөздері» болып 
табылады. «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазга жаза берейін, ақ 
қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде
-
кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, 
я оқысын...»
-
деп басталатын қара сөздері кез
-
келген адам баласын ойлануға, бұдан 
адами құндылықтарды игеруге итермелейді, ой салады. Қазіргі уақытта бұл «Қара 
сөздердің» қаншалықты өзекті екендігіне көз жеткізуге болады.
Мақсаты.
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің
қоғамға және қоғамның жеке 
мүшелеріне әсер ететін тәрбиелік мәні мен психологиялық көмегі жайлы зерттеу және 
қазіргі әлеуметтік қоғамға қаншалықты өзекті екендігін көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет