Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет25/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


14 
ӘОЖ 80
 
 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ 
 
Адылғазы А. 
Ғылыми жетекші: Абешова Н.М.
 
 
КеАҚ «Семей медицина университеті»

Семей қ. Қазақстан Республикасы
 
Ғылыми жұмыстың мақсаты: 
Қазақ
тілін латын әліпбиіне көшуде әр халықтың 
рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму тарихи деңгейлерін 
саралау. 
Зерттеу әдістері
.Cалыстыру, талдау, жинақтау 
Ғылыми жұмыстың нәтижесі: 
Латын әліпбиінің жазу тарихы арқылы өткен мен 
бүгінгі және болашақ өміріміздің сабақтастығы қарастырылды. Жазудың өзгертілуі 
халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, 
тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер ететіні аталды. 
Қортынды. 
Латын әліпбиі түркі тілдес елдерде қай жылдардан бері делінсе, 
Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. 
Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін өзбек тілі 
араб әліпбиін қолданған. 1928
-
40 жылдар аралағында жазулары латын әліпбиі негізінде 
болған. 1940
-
1992 жж. кириллица қолданылып, 1993 жылы өзбек тілі қайта латын 
тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді. Еліміздің латын әліпбиіне көшу 
ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз 
жүгіртсек, 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың 
басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері 
ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929
-
40 
жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 
1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Қазіргі таңда 
қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру 
– 
белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, 
ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, 
мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен 
білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік
-
мәдени 
құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол 
– 
ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол 
халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, 
тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді. Әлемдік интеграция, ақпарат алу 
мүмкіндігіміздің артуы. Түрік әлемі мен Қазақстанның бірігуі. Түркия, Әзербайжан, 
Өзбекстан сияқты елдердің жазуымен бір болғаны
– 
еліміз үшін тиімді. Латын 
әліпбиіне көшу 
– 
ұлтымыздың түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ 
халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта 
жаңғыруына жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет