Абайдың этикалық көзқарасы (Орындаған: Ашимова Н)



Дата08.06.2023
өлшемі17,98 Kb.
#178477
Байланысты:
Документ (15)
пособие НАК 2 сем 2019, кмж, Менің арманымдағы Қазақстан, педагогика, орг произ перев пособие, 12345, Попкорн әдісі, Емтиханға дайындыққа арналған сұрақтары , Емтиханға дайындыққа арналған сұрақтары , Документ (11), дидак 10б 3-тапсырма 9-бет, 9-сабақ. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметін және олардың түрлерін сипаттау, Контекст Муканова Г.М, Альгология

Абайдың этикалық көзқарасы
(Орындаған:Ашимова Н)

Ойшыл ақынның негізгі ойы - материя мен сананың, кеңістік пен уақыттың арақатысы емес, «қайран елі, қазағының» келешегі, қайткен күнде қазақты ескен, өркендеген елдердің қатарына жеткізу. Осындай ұлы мақсат, игі ниет үшін ойшыл-ақын «Қыранша қарап Қырымға, Мұң мен зарды қолға алады». Абайдың этикалық көзқарасын сөз еткенде 2 нәрсеге ерекше көңіл бөлу керек. Ол ақынның гуманистік және диалектикалық түсінігі. Абайдың дүниеге, әлеуметтік өмірге деген көзқарасының, бүкіл шығармашылығының өзегі, қайнар көзі, рухани күші, осы екі ұғыммен тікелей байланысты. Абайдың этикасы - гуманистік этика. Дүние мен Жалған, Адам мен Пенде мәселелерін қамтиды.


Абай өзінің Жиырма жетінші сөзінде дін және дін мәселесі жөнінде пікір алысып, ой жарыстыратын моралист-философ Сократтың «Адам ең әуелі өзіңді-өзің таны» деген этикалық принципі Абайдың да адам, адамгершілік туралы ойлары адам тарихындағы ұлы ойшыл даналардың пікірлерімен ұштасып жатады. Абайдың арманы да «адамды (пендені) адамға айналдыру», адамды кісі ету, азамат ету. Абайдың этикалық түсінігінде «дүние» және «жалған», «адам» және «пенде» деген бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар бар. Дүние - мәңгі құбылыс, жалған - өткінші құбылыс, Адам - дүниенің, мәңгіліктің туындысы, пенде - жалғанның, күнделікті тіршіліктің туындысы. Адамның өмірі ақиқат, адалдық, әділеттілік, әдемілік деген ұғымдармен ұштасып жатса, пенденің өмірі күнделікті тұрмыстың, тек тіршіліктің, күнкөрістің қамымен байланысып жатады. Пенденің бір белгісі - ол өзінің қиялында да кішкентай, өз қиялында да шарықтай алмайды, тауық сияқты қораның шарбағынан жоғары ұша алмайды. Қыранның қиялы - биік шында болса, қораздың қиялы - қи түбінде. Пенде әрқашан да бағынғыш, құптағыш, күндегіш, затшыл, өзімшіл келеді, мырзаларының алдында құрдай жорғалайды. Адам, оның керісінше, өзін-өзі, айналасын сыйлайды, өзінің азаматтығын, адамгершілігін бағалай біледі, затқа бағынбайды, заттарды өзіне бағындырады. Пенделер заттың құлы болса - Адам заттарды өзіне құл етеді, осы тұрғыдан келіп, Абай адам деген ұғымды үлкен даналық санайды («Адам деген даңқым бар»). Тұрған мекеніне келгенде - адамның жүрген жері гүлстан да, пенденің жүрген жері - мыстан болып келеді. Абайдың арман ететіні - ақылды, жігерлі, білімді, адал, әділ адам. Ондай адам ханның тағына да, байдың бағына да қызықпайды, ойы сергек, өз қамымен халық қамын ұштастыра, жалғастыра білетін мейірімді жан.
Абай этикасында Ар, Намыс, Ұят - ең негізгі ұғымдар. Бүл ұғымдардың мәні, мазмұны, ішкі сыры тек адамның өзімен-өзі кеңескенде, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана мағынасы ашылатын, айқындалатын ұғымдар. Осындай мәнді моральдық, адамгершіліктің этикалық категорияларын - өз шығармашылығының өзегі, түйіні, тамыры етеді. «Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер» деп, ар мен ұятты негіз етіп, өмірдің түбін ойлауға шақырады.
Абайдың этикасы адам өміріндегі диалектик қайшылықтарды түсіндірудің, зерттеудің этикасы. Ақын Абай адамгершілік, мораль мәселесін сез еткенде жақсылыққа: адамшылық, адалдық, әділеттілік, берекелік, достық, білімділік, еңбеккерлік, терең ойлылық, ерлік, жомарттық, қайраттылық, кісілік, қанағатшылдық, рақымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сабырлылық, сертке беріктік, табандылық, татулық, тәуекелшілдік, шүкіршілік т. б. қасиеттерді, жамандыққа: арамдық, азғындық, айлакерлік, парақорлық, арызқойлық, тәкаппарлық, сараңдық, алдампаздық, сайқалдық, даңққұмарлық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, паңдық, әсемпаздық, бақастық, борышқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, әсемпаздық, еріншектік, әулекілік, есерлік, жалақорлық, мақтаншақтық, жарамсақтық, залымдық, жылпостық, қияңқылықты. б. жиіркенішті мінез-құлықтарды жатқызады. Абайдың негізгі этикалық, адамгершілік түсініктері әділдік пен әділетсіздіктің ұғымдық мәнін, арақатынастарын түсінуге арналған. Енді ұлы ойшылдың осындай диалектик. қайшылықтарға байланысты тұжырымдарына тоқталайық. Соның бірі - адам табиғатындағы ең күрделі қайшылық - білім мен надандықтың арасы. Этикалық теориялардың мәнін түсінуге ұмтылған көптеген ғұламалар, ағартушылар сияқты Абай да адамгершілікті, моральдық біліммен, таныммен ұштастыруды қажет деп санайды. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет