« Абайды тану адамның өзін- өзі тануы »
Рухани жаңғыру, жаңғыру деп жатамыз. Дәл осы жолда президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың « Абай және XXI-ғасырдағы Қазақстан » мақаласын оқи отырып, дән риза болдым. Жаңару жолына мән береміз деп, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымыздан қол үзу өте үлкен қателік деп білемін. Осы мәселелер президентіміздің мақаласында толығынан айтылған. Әуелі біз жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін Абай өлеңдерін оқыта отырып сіңіру керек деп білемін. Себебі казір тәрбиеміздің бір аяғы ақсаңдап тұрған жайы бар. Абай шығармасына мән беріп, үңілер болсаңыз ұл тәрбиесі де, қыз тәрбиесі де, жалпы ұлт тәрбиесі қалай болуы керек екенін әр өлең жолдарынан көре аламыз
Міндетті түрде атап өтуіміз керек жайт, биыл Абай атамыздың 175 жылдығы. Бұл мереке біз үшін мемлекеттік дәрежедегі мерейтой дәрежесінде өтілуі тиіс. Осы жайында өткізілетін іс – шаралар, олардың мақсат міндеттері мақалада тереңінен талқыланды. Абайдың «Толық адам» формуласына терең тоқталды. Әр адам« толық адам» формуласын түсіне біліп, оның ерекшелерін өз бойынан іздей білуі керек.
Мақала бөліктерінен менің жаныма жаққаны « Әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы тұруы керек» Әр қазақтың үйінің төрінде домбыра тұруы дәстүрге айналған, ал бұл айтылған сөз өте жақсы бастама.
Біз жастарды Абай шығармаларымен тәрбиелеуді мектеп жасынан бастауымыз керек. Бұл педагогтардың мойнындағы үлкен міндеті. Егер жастар Абай шығармаларымен танысып қана қоймай, оны өз ой елегінен өткізе білсе, еңбегіміздің нәтижелі болуы. Осы мақсатта президентіміз алда 500- ден астам мемлекеттік, қалалық, аудандық іс – шаралар өткізілу керек деп отыр.
Егер де біз осы бағыттан ауытқымай Абайды қараңғы түндегі темірқазығымызға
теңеп жүрер болсақ әлі- ақ ұлттық мәдениеті мен жаңашылдығы дамыған мәңгілік ел һ боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |