Жеті лақ ертегісі Мақсаты



Дата18.06.2020
өлшемі16,65 Kb.
#73847
Байланысты:
7 лақ сценарий


Жеті лақ ертегісі

Мақсаты:

Балалардың көркем шығармалар арқылы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту.

Ертегілермен таныстыру,сұраққа толық жауап бере білу, жағымды,жағымсыз

кейіпкерлерді ажырату. Ертегіні мәнерлеп, дауыс ырғағына келтіре отырып,

сөйлеу,рольге бөліп ойнау. Баланың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Әдіс-тәсілі: Ертегіні сахналау, өлең, диалогты сөйлеу.

Қажетті құрал: атрибуттар, үй, ағаш, әсем безендірілген орман ішінің

бейнесі.



Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Дөңгелене тұрайық,

Шаттық шеңбер құрайық.

Армысың асыл күн!

Армысың көк аспан!

Армысың жер ана!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос, міне менің қолым.



Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабағымыз өте қызық әрі ерекше болмақшы.Біз ертегілер

еліне саяхатқа барамыз. Балалар саяхатта бізге көптеген кедергілер кездеседі.

Солардың бәрінен біз өтуіміз керек.(осы кезде есік қағылады. Ортаға «Қызыл телпек

келеді)



Қызыл телпек: Сәлематсыңдар ма балалар?

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Қызыл телпек: Балалар сендер қайда бара жатсыңдар?

Балалар: Біз ертегілер еліне саяхатқа бара жатырмыз.

Қызыл телпек: Ой, жақсы болды ғой, мен де сендермен әжеме барып

қалайын.Әйтпесе, орманда бір өзім қорқамын.(орманда олардың алдынан көлшік

кездеседі. Көлшіктің шетінде балапанның отырғанын көреді)

Тәрбиеші: Ой, балалар, қараңдаршы мына үйрек аяғын ауыртып алған-ау, қане, балалар балапанға көмектесіп жіберейік.(балармен бірге балапанға көмектеседі)

Тәрбиеші: Балалар біз мына көлшіктен қалай өтсек екен. А,таптым, анау кішкентай көпірден өтеміз. Бірақ ол тым кішкентай екен. Қане, балалар, осы көпірден біз қазір тепе-теңдік сақтап, бір-біреуден өтейік.(Балаларды көпірден өткізеді) Балалар келе жатып, бір қоянды көреді, ол талдың түбінде қорқып отыр екен.

Тәрбиеші: Балалар, мына қоянды қараңдаршы бізден қорқып отыр-ау шамасы. Қане, қоянды ойын арқылы өзімізге шақырайықшы. Қане қоян ұзын құлағың бар екен. Өзің сондай сүйкімді екенсің. Біз сен туралы ән де білеміз. Қане, балалар бірге айтайықшы.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші: Балалар, міне біз ертегілер еліне де келіп жеттік. Қане, еске түсірейікші, қандай ертегілер білесіңдер?«Шалқан», «Бауырақ», «Маша мен аю», «Жеті лақ»



Тәрбиеші: Ой, жарайсыңдар, балалар көптеген ертегілер біледі екенсіңдер. Енді, балалар, сол «Жеті лақ» ертегісін тамашалайық.

Қызыл телпек: Ой, балалар, «Жеті лақ» ертегісін білмейді екенмін. Мен сендермен бірге тамашалағым келіп тұр.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет