Абайды тану –ұлттық болмысыңды тану



Дата10.08.2023
өлшемі17,06 Kb.
#179790
Байланысты:
Абай эссе
эссе философия, Мақала, 22090958393, Сапалық және сандық әдістерге түсінік, 10 А,Ә,Б, патан 11 алия, диас фарм9

Абайды тану –ұлттық болмысыңды тану

Ғұлама ойшыл, философ ақын, ұлттық жазба әдебиеттің негізін қалаушы қайталанбас тұлға – Абай шығармаларында көрініс тапқан ұлттық болмыс пен қазақы дүниетаным, қазақ халқының рухы, тілі, діні, табиғаты бөліп-жаруға келмейтін «Абай әлемі» атты біртұтас құбылысты құрайды.


Менің ойымша, қазақ ұлты бар жерде Абай бейнесі ешқашан ескірмейді. Еліміздегі оқыту жүйесі жаңарып, білім берудің ұлттық моделі қалыптасып жатқан дәл осы кезеңде Абайға бет түзеу, оны тану, зерттеуге ұмтылу – өркениет көшіне ілесіп, әлем арнасында ұлттық болмысымызды танытудың бірден-бір жолы.
Себебі, мен оны былай түсіндіремін, «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек» деген Алаш арысы, ғалым А.Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақтың бас ақыны» атты көлемді мақала жазып, Абай тұлғасын жан-жақты танытып кетті.
Сондай-ақ, Президент Қ.К.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі», – деп, ақын мұрасына терең талдау жасап, дәл бағасын берді. Абай қазынасы қазақ жастарының санасына сілкініс жасап, ұлт сапасын арттыруға қызмет етеді. Кеңестік танымнан, таптық санадан бас тартып, Абай ілімін жаңаша танып, болмыс ретінде оның тереңіне бойлай алсақ, әр қазақтың баласына өрлік пен батылдық, қайсар рух пен білімге ұмтылыс, өмірге құштарлық, ұлттық мақтаныш сезімдерін сіңірміз.
Мен оны мына мысалдармен дәлелдей аламын, Абайдың әр сөзі, тани білген адамға даналықтың дәнегі, ақылдың кені, тұнып тұрған тәрбие көзі:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!
Мұндағы Абайдың насихаты әр нәрсенің басын бір шалатын, дәмін татып көруге тырысатын көрсеқызар дарақылық пен ешкімге зияным тимесе болды дейтін мақсатсыз әрекетке қарсы бағытталған. Адамның мақсат-мұраты айқын болғанда ғана даму болады, адамдық борышы да нақтыланады. Абайдың айтып отырғаны да осы – адам әр нәрсеге емес, бір нәрсеге әсемпаз болуы керек. Басқа қызықшылықтары ұлы мұрат жолындағы баспалдақтар ретінде қалануы тиіс. Егер адам бір-біріне кереғар құндылықтың соңынан түсіп, мағынасыз ізденіске ден қойса, тек баға жетпес уақытын жоғалтып, өзінің даралығынан айрылады.
Қорытындылай келсек, жас ұрпаққа үлгі етерлік кемелдіктің белгісін, толық адамның бейнесін Абай осылайша сипаттайды. Біреуге жасаған жақсылығыңды міндет етпей, ешқашан асылық жасамай, білгеніңмен бөліс, қоғамға, елге пайдалы тұлға бол деп насихаттайды. Әрбіріміз бойымыздағы ақыл мен қайратты әділет пен рақымға жүгіндіре білсек, қай сәтте де жол тауып, адамзаттың бәрін сүйетін өркениетті тұлғаға айналамыз. Еліміздің дамуына, ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастыруға ықпал етеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет