Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Сүйіспеншілік пен достық
|
Мектеп: Н.Тұрсынбеков атындағы ШЖНОМ
|
Күні:6.11.2017 жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні: Жолдасбекова Айгүл Мейрамбековна
|
Сынып: 7
|
Қатысқан оқушылар саны: 7
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Достық дәнегі.
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;
О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Мәтіннен сұрақтар құрастыра біледі; мәтін мазмұнын түсінеді.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Мәтіндегі негізгі ойды таба отырып, сұрақтар құрастыра алады;
|
Кейбір оқушылар:
Мәтіннен өз пікірлерін дәлелдеп, проблемалық сұрақтар құрастырады, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.
|
Бағалау критерийлері
|
Мәтін мазмұнын түсінеді.
Мәтін мазмұнынан проблемалық сұрақтар құрастырады,ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Мәтін мазмұнынан нақты ақпаратты табады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Философ,афоризмдер
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Қалай ойлайсың, не себепті, сенің ойыңша.
Талқылауға арналған сұрақтар
Достықты сақтап қалу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Нағыз дос қай кезде танылады?
Дос болудың мәні неде?
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар
|
Оқушыларды азаматтық жауапкершілік арқылы достыққа баулу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өзін - өзі тану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылым,интербелсенді тақта
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Денсаулыққа зиянды әдеттер
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Басы
7 минут
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Шаттық шеңберін құрып, «тамаша тілек» білдіреді. Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.
Белсенді оқу әдісі.
«Зымыран сұрақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
Денсаулыққа зиянды әдеттерді атап беріңдер.
Бағалау: Қол шапалақтау арқылы
Сабақ тақырыбымен,оқу мақсаттары мен бағалау критериймен таныстыру
|
суреттер
А 4 парағы, .
|
Сабақтың ортасы
25 минут
5минут
10 минут
10минут
3 минут
|
Оқылым алды: (Сыныппен жұмыс)
1-тапсырма:
Белсенді оқу әдісі:”Болжау” әдісі
“Болжау” әдісі арқылы суреттерге болжам жасап, сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
«Ой қозғау» сұрақтары
1.Дос болудың мәні неде?
2.Нағыз дос қай кезде танылады?
3.Достықты сақтап қалу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
4.Достық туралы нақыл сөздерді байланыстырып айтады.
Дескриптор: Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.
Бағалау: Басбармақ арқылы
Оқылым кезі: Жұптық жұмыс
2-тапсырма. Сараланған тапсырма
Белсенді оқу әдісі
“Блум түймедағы” әдісі.Мәтінді топта оқиды.Жұп болып талқылайды.Мәтін бойынша оқушылар проблемалық сұрақтар құрастырады. Сұрақтарға өмірмен байланыстыра отырып, жауап береді.
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық, ең алдымен, адамдардың бір-біріне сенуінен басталады. Сенім артқан сайын, достық та беки түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол – жалған достық, бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым- қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. (massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/33707)
С деңгей
Жай сұрақ (фактілерге бағытталған “Кім?Не?Қайда?”)
Анықтауға бағытталған сұрақ, “... деп ойлайсыз ба?”, “деуге болады ма?”
В деңгей
Түсіндіруге бағытталған сұрақ, “неліктен?”
4. Салыстыруға бағытталған сұрақ, “сіздің...ға көзқарасыңыз қандай?”, “... дұрыс па?”
А деңгей
Шығармашылық сұрақ, “егер.. болса, ...болар еді?”
Практикалық сұрақ, бүгінгі өмірмен байланыс
|