Абайға арнау
Жүз ақын жырласа да кезекпенен
Қара сөз,әсем әуен,өзекті өлең.
Мен бүгін бір өзіңді жырға қостым,
Ұлы Абайды жырлау керек жүрекпенен.
Ұлы Абайдың ұлағатын ұмытпайтын,
Ұлы сөз ғой даналығын тік ұстайтын.
«Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек»,
Тұлға жоқ әр сөзіңе қызықпайтын.
Қазақ даңқын асқақтатқан ғаламға,
Ермек үшін өлең жазбас қалам да,
Ұлылыққа бас иемін қашанда.
Өлеңдерін сақталады санамда.
Әр өлеңге көңілім тасып толдым,
Бес нәрседен мәңгілікке қашық болдым,
Бес нәрсеге жетуге асық болдым,
Осылайша мені өмірге ғашық қылдың.
АСҚАҚ РУХТЫ КӨҢІЛІ КЕҢ САРЫАРҚАНЫҢ ТӨРІНДЕЙ
САРЫНЫНДАЙ СҰЛУ СӨЗДІҢ БОЛАР БӨЛКІМ КӨЗІНДЕЙ
СӘКЕН АҒА ЖЫРҒА ҚОСАМ МӘҢГІ СЕНІҢ АТЫҢДЫ
АТАЗ ЕТТІ ӨЛЕҢДЕРІҢ ҚАЗАҚТЫҢ КӨК БӨРІНДЕЙ
СЫР ДАЛАНЫҢ САҒЫНЫШЫ СИПАП БАСТАН САМАЛЫ
ӘЛІ КҮНГІ САҒЫНАДЫ ҰРПАҒЫҢ СЕНІ САНАЛЫ
ТОЛҚЫНДАРДАЙ ТЕБІРЕНГЕН ӨЛЕҢДЕРІҢ ӨРШЕЛІ
ЖАТТАП ӨСТІМ, МАҚТАН ЕТТІМ ОЙЛАРЫҢДЫ ДАНАЛЫ
САЛДЫҢ ПІР ҚЫП БОСТАНДЫҚТЫҢ ҰРАНЫҢ
БЕРІЛМЕДІҢ, АЙТЫП ӨТТІҢ ЕРКІНДІКТІҢ ЖЫР ӘНІҢ
ҰРПАҒЫНА ІЗ ҚАЛДЫРДЫҢ СӘУЛЕ ӨМІР ҒҰМЫР ШЫРАҒЫН
БИІКТЕРДЕН САМҒАЙ ТҮСКЕН ҰЛЫ ТЕКТІ ҚЫРАНЫМ
ДАРАЛАНҒАН ДАРА ТҰЛҒА КӨКІРЕГІ КӨМСІ ЛЙ
СӘКЕН АҒА ҚАЗАҒЫМНЫҢ ТҰНЫП ТҰРҒАН РУХЫ ҒОЙ
ҰЛЫ РУХТЫ КӨМБЕЙДІ ҚАРА ЖЕРГЕ ҚАЗАҒЫМ
РУХТЫ РУХТЫ ЖАЛҒАЙТҰҒЫН ДАНАЛЫҚТЫҢ КІЛТІ ҒОЙ
Достарыңызбен бөлісу: |