Коучинг тақырыбы
|
Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің тиімділігі
|
Сілтеме
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық
|
Жалпы мақсаты
|
Мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.
|
Күтілетін нәтиже
|
Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлауға үйретудің түрлі әдіс-тәсілдерін біледі, оларды оқу үрдісінде тиімді пайдаланады
|
Түйінді идея
|
сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту
|
Ресурстар:
|
флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.
|
Оқыту әдістері
|
Топтық жұмыс ,Блум таксономиясы,критериалды бағалау, кері байланыс
|
Коучинг сессияның өту барысы
|
Коучинг сессияның өтілу кезеңдері
|
Уақыты
|
Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
|
Амандасу
|
2 мин
|
Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
|
Сергіту сәті
(жақсы психология лық ахуал орнату)
|
7 мин
|
«Мақалды тап» ойыны
|
Топқа бөлу
|
2 мин
|
Гүл суреттеріне қарай үш топқа бөлініп отырады.
|
БІЛУ
Сен білесің бе?»
Суреттегі кім?
Қай саланың маманы?
Сүйікті ісі (хоббиі) не деп ойлайсыздар?
|
5 мин
|
Жасырылған суретті табуда, ой-пікір айтуда белсенділік көрсету. Коуч ұсынған «көпіршелерді» тиімді пайдалану арқылы ойды шоғырландыру және жинақтау
|
Түсіну
«Ол кім?» деген сұрақ қойылады.
Екі топ ментальді карта ұсыну
|
10 мин
|
Ерболат Тоғызақов кім деген сұраққа жауап іздеу. («Шал» киносы басты кейіпкері)
Үш топ ментальді карта құру
|
Қолдану
Видеокөрсетілім арқылы диалогті жалғастыру.
«Шал» фильмінен үзінді көрсетіледі. Фильм жартысынан үзіліп,қалған бөлігін әріптестеріме өз ойларынан жалғастыруды ұсынамын.
|
10 мин
|
1-ші топ немересінің, 2-ші топ атасының,3-ші топ қызының айтқандарын өз ойларымен жалғастырады. Соңынан фильмнің үзіндісінің толық нұсқасын көріп, өз құраған диалогтарымен сәйкес тігін анықтайды.
|
Талдау
Топтарға бір-бірінен сұрақтар қоюды ұсынамын.
|
5 мин
|
«ШАЛ» фильмі жайлы топ бір –біріне сұрақтар қояды.
|
Бағалау
Ортақ критерий ұсыну.
«Бағдаршам» әдісі.
|
3 мин
|
Үш топ бірін-бірі бағалайды,өз ой-пікірімен бөліседі.
|
Теориялық білім (қорытындылау)
А) сын тұрғысынан ойлау
Ә) сын тұрғысынан ойлауды дағдылары
Б)Сын тұрғысынан ойлауға қалай үйретеміз?
|
10 мин
|
Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтініне қатысты өз сұрақтарын қояды, өз ой-пікірлерін айтады.
|
Топтық жұмыс.Постер қорғау.
|
10 мин
|
Әр топқа танысу үшін «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» деген мәтін беріледі.Бірлескен оқу арқылы топтар мәтінді оқып , талқылап шығады да,постер қорғайды.
|
«Ыстық орындық»
|
2 мин
|
Екі жұлдыз, бір тілек
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
«Қаражорға»
|
Рефлексия
|
2 мин
|
Ізгілік ағашына тілек жазып жапсырады
|