Абберация мутацияның әсерінен хромосоманың құрылымының зақымдануы


Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет50/101
Дата07.02.2022
өлшемі4,51 Mb.
#85632
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   101
Байланысты:
0566f4a8-dcc3-11e5-bf37-f6d299da70ee03

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Репликация дегеніміз не?

  2. ДНК- ның репликациясы қандай жолмен жүреді?

  3. Репликацияның қандай түрлері болады?

Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.7 (негізгі), 7.2.8- 7.2.16 (қосымша)
3 Модуль Ақуыз биосинтезі
9 дәріс тақырыбы. ДНҚ транскрипциясының РНҚ түзілу процесі
Дәріс жоспары:
ДНҚ транскрипциясының РНҚ түзілу процесі.
РНҚ-дағы ДНҚ транскрипциясының ұстанымдары мен механизмі. Транскрипцияның инициация, элонгация және терминациясы.
Транскрипция коды-ақпараттық РНҚ синтезі
Пайдаланатын құралдар: проектор, слайдтар
Транскрипция (лат. transcrіptіo – қайта көшіріп жазу) – тірі клеткалардағы рибонуклеин қышқылының биосинтез процесі. Ол дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) матрицасында жүреді. Транскрипция аденин, гуанин, тимин және цитозиннің қайталанбалы тізбегінен тұратын ДНҚ молекуласындағы генетикалық ақпараттың іске асуының бірінші кезеңі. Транскрипция арнайы ДНҚ және РНҚ полимераза ферменті арқылы жүреді. Транскрипция нәтижесінде РНҚ молекуласының полимерлі тізбегі түзіледі. Бұл тізбек ДНҚ молекуласының көшірілген бөлігіне комплементарлы болады.
Транскрипция процесін үш этпқа бөлуге болады. Бірінші этап-транскрипцияның инициациясы – РНҚ жіптерінің синтезделу бастамасы, нуклеотидтер арасында бірінші байланыс түзіледі. Одан кейін жіптердің ұзаруы жүреді, оның ұзаруы – элонгация, синтез аяқталған соң - терминация, синтезделген РНҚ-ның босап шығуы жүреді. Ол бірнеше белокты субъбірліктерден тұрады: екі α-субъбірліктері (бұлар кішкентай субъбірліктер), β- және β΄-субъбірліктері (үлкен субъбірліктер) және ω-субъбірліктері. Бұлардың барлығы бірігіп минимальды фермент немесе кор-фермент түзеді. Бұл кор-ферментке σ-субъбірлігі қосылады. σ-субъбірлік РНҚ синтезінің басталуына, транскрипция инициациясына қажет.
Элонгационды комплекс тұрақты, себебі ол үлкен жұмыс атқаруы тиіс. Ол ДНҚ-да секундына 50 нуклеотид жылдамдығымен қозғала алады. Бұл процесс орын ауыстыру (немесе транслокация) деп аталады. ДНҚ-ның РНҚ-полимеразасымен (кор-ферментпен) қатынасы, σ-субъбірлігімен салыстырғанда, ДНҚ-ның кезектесіп келуіне қарамайды. Және кор-фермент терминацияның белгілі бір сигналдарынан өткен кезінде ДНҚ-ның синтезін аяқтайды.
Кор-ферменттің молекулярлық құрылысын толығырақ қарастырайық. Жоғарыда айтқандай кор-фермент α- және β-субъбірліктерінен тұрады. Олар бір-бірімен байланысып «шетіне» немесе «шымшуыр» түзеді. α-субъбірліктері осы «шымшуырдың» негізінде орналасып, құрылымдық функцияны орындайды. Олар ДНҚ, РНҚ-мен еш байланыспайды. ω-субъбірлік – құрылымдық функцияны орындайтын кішігірім белок. Жұмыстың негізгі бөлігі β- және β΄-субъбірліктері орындайды. Суретте β΄-субъбірлігі жоғарыда, ал β-субъбірлігі – төменде орналасқан.
РНҚ-полимераза молекулярлық машина тәрізді жұмыс жасайды, онда әрқайсысы өз қызметін атқаратын әр түрлі детальдар бар. Мысалы, «шымшуырдың» үстіндегі β΄- субъбірліктерінің бөлігі алдыңғы ДНҚ-дуплексті ұстап тұрады. Бұл бөлік «қалқалағыш» деп аталады. ДНҚ-мен байланысқан соң қалқалағыш 30 ангстрем жол жүріп, төмен түседі де, транскрипция процесі кезінде түсіп қалмас үшін ДНҚ-ны қысып ұстайды. РНҚ-полимеразадан шыққан ДНҚ-РНҚ гибрид өрі
ліп, байланысып қалады. Бұнда «тікен» атаулы құрылым әрекеттеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет