Қайырлы күн!
Тобы: ББ-Б-19
Орындаған: Жайшылықова Ұлжан
Тапсырмалар
1-тапсырма: Нуклейн қышқылдарының құрылымдарына сәйкес сипаттаманы анықта.
НҚ құрылымдық деңгейі
|
Сипаттамасы
|
А. Бірінші реттік
|
1. Мононуклеотидтердің белгілі тәртіппен орналасуы
|
В. Екінші реттік
|
2.Макромолекулалардың кеңістікте қос шиыршық болып орналасу
|
С. Үшінші реттік
|
3.ДНҚ мен РНҚ-ның кеңістікте шумақталып орналасуы
|
2- тапсырма: Кестені толтыр.
Азоттық негіздер атауы
|
НҚ қайсысында болады?
|
Қай гетероцикл-ді негізге жатады?
|
Комплементарлық жұбы
|
Сутектік байланыс саны
|
Аденин (А)
|
+
|
|
+
|
+
|
Гуанин (Г)
|
+
|
|
+
|
+
|
Цитозин (Ц)
|
+
|
+
|
|
+
|
Тимин (Т)
|
+
|
|
|
+
|
Урацил (У)
|
+
|
+
|
|
|
3- тапсырма: Кестені толтыр.
№
|
РНҚ түрлері
|
Қызметтері
|
1
|
Тасымалдушы РНҚ (т-РНҚ)
|
Жасуша ядросындағы т-РНҚ-ның мөлшері 10%-тей болып, молекулалық салмағы 20 000—50 000-ға дейін жетеді. т — РНҚ-ның негізгі қызметі ақуыз молекуласының синтезі кезінде аминқышқылдарын рибосомаларға тасиды. Әрбір аминқышқылының өзіне тән ерекше т-РНҚ-сы болады, яғни аминқышқылының әрқайсысына бір т-РНҚ сәйкес келеді.
|
2
|
Рибосомалық РНҚ.
|
Жасушадағы РНҚ-ның 85%-ін р-РНҚ құрайды. Рибонуклейн қышқылының бұл түрі рибосома органоидында кездеседі. р — РНҚ-ның молекулалық салмағы 700 000— 3000 000-ға дейін ауытқып отырады. Ол рибосомада ақуыз синтезіне қатысады
|
3
|
а-РНҚ (ақпараттық немесе қалыптық РНҚ).
|
а-РНҚ жасушадағы рибонуклеин қышқылының 5%-ін құрайды. Молекулалық салмары 100-ден 10 000-ға дейін ауытқып отырады. Бұл -жоғары молекулалы рибонуклеин қышқылы. Қысқа мерзім ішінде өмір сүреді. Мысалы, бактерия жасушаларында 5 минут, жануарлар жасушасында 12—16 сағ, ал кейбір жасушаларда бірнеше күнге дейін тіршілік етеді. а — РНҚ, ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде РНҚ — полимераза ферментінің әсерінен синтезделеді. Сондықтан а-РНҚ, ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінің көшірмесі болып табылады. а — РНҚ, ДНК, молекуласында көшірілген тұқым қуалау ақпаратын р — РНҚ-ға береді де, осыдан кейін өзі ыдырап кетеді
|
4-тапсырма: Сұрақ-жауап
Нуклеин қышқылы деп қандай заттарды атаймыз?
Жауабы: Нуклеин қышқылдары (лат. нұцлеұс — ядро) — құрамында фосфоры бар биополемерлер. Табиғатта өте көп тараған. Молекулалары нуклеотидтерден тұрады, бір нуклеоидтік 5'-фосфор арасындағы эфирлік байланысы мен келесі нуклеотидтің углевод қалдығының 3'-гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин қышқылдары углеводты-фосфатты қаққасын калайды.
Азотты негіз,5 көміртекті қант,фосфор қышқылы қалдығы
Монокулеотид неден тұрады? Неше түрін білесіңдер?
Жауабы: Гетероциклді азотты негіздер.
Пиримидинді негіздер құрамында 2 атом азоты бар алтымүшелі гетероцикл пириминдиндінің туындылары. Олар- нуклеин қышқылдарының құрамында кетон түрінде болады:
Пуринді негіздер –құрамында 2 атом азоты бар бесмүшелі гетероцикл мен пириминдиндінің бірігуінен түзілген пуриннің туындылары.
ДНҚ мен РНҚ-ның құрылысындағы және қызметіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай?
Жауабы: ДНҚ
РНҚ
Құрылысын-
дағы айырмашылық-тар
1.Дезоксирибоза қалдықтары бар
Рибоза қалдықтары бар
2.Азотты негіздерінің қалдықтары:
А,Г,Ц,Т.
АГЦУ
3.Макромолекуласы екі тізбектен тұрады
Көп жағдайда макромолекуласы бір тізбектен тұрады
Тірі организм-дегі қызметі
Генетикалық ақпаратты сақтайды және тасымалдайды.
Генетикалықақпаратты көшіреді; белок синтезі болатын орынға жеткізіп, белок синтезі процесіне қатысады
ДНҚ мен РНҚ арасындағы ұқсастықтары
ДНҚ мен РНҚ тірі организмдердегі нуклеин қышқылдары. Олар нуклеотидті мономерлерден тұратын макромолекулалар. Сондай-ақ, екеуі де ақуыз синтезінде маңызды. Сонымен қатар, екеуі де қос немесе бір талшықты. Сонымен қатар, олардың құрамында пентозды қант молекулалары, фосфат топтары және азотты негіздер бар.
ДНҚ мен РНҚ арасындағы айырмашылықтары
ДНҚ - дезоксирибонуклеотидтерден тұратын нуклеин қышқылдарының екі негізгі түрінің бірі. Екінші жағынан, РНҚ - рибонуклеотидтерді құрайтын нуклеин қышқылының екінші түрі. Бұл ДНҚ мен РНҚ арасындағы негізгі айырмашылық. Сонымен қатар, ДНҚ көптеген ағзалардың генетикалық материалы ретінде жұмыс істейді. Осылайша, ДНҚ ата-анадан ұрпаққа мұра болады. Бірақ, РНҚ көп тірі организмдердің генетикалық материалы ретінде жұмыс істемейді, сондықтан ата-анадан ұрпаққа берілмейді. Демек, бұл ДНҚ мен РНҚ арасындағы тағы бір айырмашылық.
Құрылымдық жағынан ДНҚ-да дезоксирибоза қант болады, ал РНҚ-да рибоза қант болады. Демек, бұл ДНҚ мен РНҚ арасындағы айырмашылық. Сонымен қатар, ДНҚ мен РНҚ арасындағы тағы бір құрылымдық айырмашылық - ДНҚ құрамында тимин, ал РНҚ-да урацил бар. Бұл ғана емес, ДНҚ екі тізбекті және ұзын тізбектер, ал РНҚ бір тізбекті және қысқа тізбектер. Сонымен, бұл ДНҚ мен РНҚ арасындағы айырмашылық
ДНҚ молекуласының құрылымы қандай?
Жауабы: ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі – үш бөліктен құралған нуклеотид. Бірінші бөлігі – дезоксирибоза (бескөміртекті қант); екіншісі – пуриндік негіздер: аденин (А) менгуанин (Г) және пиримидиндік негіздер: тимин (Т) мен цитозин (Ц); үшіншісі – фосфор қышқылының қалдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |