Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту. Топқа бөлу.(4 мезгіл.)
Психологиялық ахуал туғызу:
Күн көзіндей күлімдеп,
Көңілді болып жүрейік.
Қазіргі болар сабаққа
Жүректен ақ жол тілейік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Жыл мезгілдері.Мәнерлеп оқу,диалогтық әңгіме құрау.
І топ—Қыс тобы(өлеңді мәнерлеп оқу)
ІІ топ—күз тобы (өлеңнің мазмұнын айту)
ІІІтоп---көктем тобы(көктем мен жаз диалог)
V топ—жаз тобы.(күз бен қыс)Үш топ 1 топты бағалайды
Бармақпен бағалау.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: сұрақ-жауап, түйінді шеш әдісі бойынша жаңа тақырыпқа ену. Әрбір дұрыс жауапқа ұяшықтың дұрыс бір әрпі ашылу керек.
1.көктем қайтеді? А
2.неліктен? л
3.Жаз қайтеді? т
4.неліктен? ы
5.күз қайтеді? н
6Неліктен? с
7.Қыс қайтеді? ө
8.Неліктен? з
ІҮ. Жаңа сабақ: Алтын сөз. Н.Айтов.
1.Оқушылардың автор туралы өзіндік ізденіс жұмысын тыңдау.
2. Дәптермен жұмыс:Н.Айтовтың өмірі туралы жазу.
Айтов Несіпбек Тұрысбекұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Қытай Халық Республикасы, Шынжаң өлкесі Шәуешек ауданы, Теректі-Қақпатас елді мекенінде дүниеге келген. Қазақ Ұлттық Университетін бітір¬ген. Семей облысы, Шұбартау ауданы, “Жаңа өмір” газетін¬де әдеби қызметкер, “Балдырған” журналында бөлім меңгерушісі, “Жалын” баспасында редактор қызметтерін атқарған.
2001 жылдан бері Еуразия Ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкер болған. Алғашқы “Балалық” деген өлеңі 1965 жылы жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев және Жамбыл атындағы сыйлықтарының лауреаты.
3.Ой қозғау. «Алтын сөз»дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылардың пікірі.
Ақ тілек,бата,мақал,мәтел,шешендік сөздерт.б.
Несіпбек Айтовтың «Алтын сөз» атты өлеңінде нені алтынға теңеген?Мұны білу үшін тыңдайық (бейнежазбадан тыңдату)
Ал,оқушылар,бұл өлеңде бата туралы айтылған екен.
Бата не үшін беріледі?
Батаны кімдер береді?
Бата туралы білетінімізді ортаға салып көрейік.
Тапсырма:
І топ ---Бата сөзіне ассосиация құру
ІІ топ---Қандай бата білеміз?
ІІІ топ---Өз ойынан бата құрау
ІVтоп----көрініс көрсету.(дастархан басындағы бата)
Әр топты қалған 3топ бағалайды.
Бағдаршам арқылы бағалау.
4. Мұғалім түсіндірмесі: Бата
«Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», – дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
Батаның негізі үш түрі бар:
Ақ бата;
Теріс бата;
Серттесу (Баталасу);
Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
өсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу.
Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып бата берген.
Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» – қарғыспен тең. Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық асиеттің белгісі деп таниды.
Бейнежазбадан «Қыз Жібек» филмінен үзінді, теріс батаны,ақ батаны, көрсету
Сергіту жаттығуын жасату.
5.Оқулықпен жұмыс.
Әр топ екі шумақтан оқу.
Ү. Сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Өлең мәтініне сүйеніп, мына сұрақтарға жауап берсең, өлеңде не туралы айтылғанын табасың.
1. Бата берген атасы көпке не тіледі? (бақыт)
2. Балаға кім бол деп тілейді? (адам)
3. Достарыңмен қандай бол дейді? (тату)
4. Ата сөзі қандай сөз? (алтын)
VI.Қорытындылау.
Бата тыңдау.(бейнежазба)
ҮІІ. Үйге тапсырма:
1. Мәнерлеп, түсініп оқу, әңгімелеу.
2. Өзіңе ұнаған бата жаттау.
ҮІІІ. Кері байланыс (рефлексия).
Достарыңызбен бөлісу: |