Пассивтітәжірибе объект қызметіндегі бақылау нәтижесінде алынған таңдалу көрсеткіштерді (параметрлер, өлшемдер) жасанды араласусыз зерттеуді қарастырады. Пассивті тәжірибеге мысалдар ретінде келесілерді
жатқызуға болады: транспорттық ағындардың қарқындылығын, құрамын, қозғалыс жылдамдығын, жалпы науқастану санын немесе белгілі бір ауруды, белгілі бір адамдар тобының жұмыс жасау қабілетін, жасына байланысты өзгеретін көрсеткіштерді, жол-транспорттық апаттар санын бақылау.Мәні жағынан пассивті тәжірибе зерттеу объектісінің күйінің таңдаулы көрсеткіштерін құралдық өлшеумен ұштастыратын бақылау болып табылады.
Активтітәжірибе арнайы шығарылатын сигналды таңдаумен байланысты және зерттелетін жүйенің шығымы мен кірісін бақылайды.
Бірфакторлы тәжірибе қажетті факторларды бөліп қарастыруды, кедергі жасайтын факторларды тұрақтандыруды, зерттеушіге қажет факторлардың ретін болжайды.
Көпфакторлытәжірибе стратегиясының құрамы барлық айнымалылар біруақытта түрленеді (варияция) және әрбір эффект тәжірибенің осы сериясында жүргізілген барлық сынақтар нәтижесі бойынша бағаланады.
Технологиялық тәжірибе технологиялық үрдіс элементтерін немесе толық үрдісті (өнім, жабдық, жұмысшылардың қызметі, т.б.) зерттеуге бағытталған.
Әлеуметтіктәжірибе шағын топтағы тұлғааралық әлеуметтік- психологиялық қатынастарды, оларды кейін өзгеру мақсатымен өлшеу үшін қолданады.
Жоғарыда айтылғандай тәжірибелік зерттеудің келтірілген жіктеуі толық бола алмайды, өйткені ғылыми білімнің кеңеюімен бірге тәжірибелік әдісті қолдану аймағы да кеңеюде. Сонымен қатар, тәжірибе типтері кешенді немесе құрамдас тәжірибе түрінде бірігуі мүмкін.
Тәжірибенідайындау. Кез келген түрдегі тәжірибені жүргізу үшін мыналар қажет:
тәжірибелікжұмыстар процедураларын жүзеге асыру жағдайымен қамтамасыз ету;
тәжірибе жүрісін және нәтижелерін бекіту жолдарын және тәсілдерін өндіру;
тәжірибе саймандарын дайындау (құралдар, қондырғылар, модельдер, т.б.);
тәжірибені қажетті қызмет көрсетуші персоналмен қамсыздандыру.
Тәжірибе әдістемесі –бұл зерттеу мақсатына сәйкесінше жететіндей етіп орналасқан және ретімен анықталған, ойлау және физикалық операциялар жиынтығы.Тәжірибені жүргізу әдістемесін жасау кезінде мыналарды қарастыру керек: - зерттелетін объектінің немесе бастапқы мәнді анықтау (гипотеза, түрленетін факторларды таңдау) мақсатында құбылысты алдын ала мақсатты бақылауды жүргізу; - тәжірибелеу мүмкіндігі бар жағдай жасау (тәжірибелік әсерге объектілерді таңдау), кездейсоқ факторларды жою; - өлшеу шектерін анықтау; - зерттелетін құбылыстың даму жолын жүйелік бақылау және фактілерді дәл сипаттау; - өлшемдік және фактілер бағалауларына әртүрлі
құралдармен және тәсілдермен жүйелік тіркеу жүргізу;- қайталанатын жағдайларды жасау, шарт сипатының және айқасқан әсердің өзгеруі, бұрын алынған мәндерді растау немесе жоққа шығару мақсатымен күрделі жағдай жасау; - эмпирикалық зерттеуден логикалық жалпылауға, талдауға және алынған материалдың теориялық өңдеуіне ауысу.
Сондықтан, әдістемеге талдау жасау және анықтау өте мұқият жүргізілуі керек. Әдістемені анықтаған кезде тек қана өзіңнің сынағыңда ғана емес, жолдастарыңның және басқа коллективтің сынағын қолдану керек. Міндетті түрде әдістеменің ғылымның қазіргі деңгейіне және зерттеу орындауда қойылатын талаптарға сәйкес келуіне көз жеткізу керек.Тәжірибенің әдістемесін таңдап алып, зерттеуші оның практикалық қолданылуына көз жеткізу керек. Оны тіпті әдістеме басқа зертханалық практикада апробацияланған жағдайда да орындау керек, себебі ол климаттың өзіндік ерекшелігіне, бөлмеге, зертханалық жабдыққа, персоналға, зерттелетін объектіге байланысты күрделі немесе тиімсіз болуы мүмкін.