Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевна



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата13.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#172088
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
annotatsiya-abdykhanova-kaz



6D020500 – Филология мамандығы бойынша
философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға бағытталған 
Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевнаның 
 «Фольклорлық шығармалардың прецедентті мәтін ретіндегі 
лингвомәдени қызметі (XXI ғ. көркем шығармалары негізінде)» 
диссертациялық жұмысына
 
АННОТАЦИЯ 
 
Зерттеудің жалпы сипаттамасы. 
Жұмыста ұлттық мәдениетімізді 
танып-білудің кӛрсеткіші болып табылатын ауыз әдебиетіміздің бүгінгі 
әдебиетке ықпалы зерттелді. Осы бағыт бойынша фольклорлық мәтіндердің 
прецедентті мәтін ретінде (мұнан былай – 
ілкі мәтін
)
кӛркем 
шығармалардағы қолданысы, олардың атқаратын қызметінің әлеуеті, 
мәдениеттанудағы орны сараланды. «Фольклор мен кӛркем әдебиет» және 
«фольклорлық қолданыс» мәселелері, фольклор мен әдебиет арасындағы 
кӛркемдік ӛзара байланыс пен ӛзара ықпал ету мәселелері, оның ішінде, 
«фольклорлық қолданыс» шеңберінде талданған ілкі мәтіндердің 
лингвомәдени санат ретіндегі ерекшеліктері интертекстуалдылық тұрғыдан
ӛзектелді. Ілкі тілдік бірліктер, яғни ілкі атаулар, ілкі есімдер, ілкі жағдаяттар 
тіл мен мәдениет сабақтастығында қарастырылып, оларға семантикалық 
талдау жасалынды. Ілкі мәтіннің құрылымдық бірліктерінің сипаттамасы 
жасалынып, фольклорлық ілкі мәтіннің кӛркем шығармада атқаратын 
қызметі топтастырылды және кӛркем шығармада берілу тәсілдері анықталды.
 
Зерттеу жұмысының өзектілігі. 
Ілкі мәтін ұлттық мазмұндық 
сипатымен ерекшеленетін категория. Ілкі мәтін беретін деректің 
ұлт 
мәдениетінде ӛзіндік орны, ерекшелігі бар. 
Тәуелсіздік жылдарынан соң 
жазылған кӛркем шығармаларда кӛтерілген мәселелердің идеялық тұрғыдан 
ашылуына фольклорлық ілкі мәтіндердің әсерін, ықпалын зерттеу, оны 
қолданудағы субъективті мәністі ашу зерттеу жұмысы қарастыратын 
мәселенің бір қыры болса, осы келтірінді ілкі мәтіндер арқылы рухани 
мәдениетіміздің таралу, тасымалдану үрдісін аңдау – ол зерттеу жұмысының 
келесі бір бағыты. Бұл тұста ілкі мәтін фольклордың рухани код ретіндегі 
қызметіне баса назар аударылды. Ұлттық құндылықтарды сақтап қалу, 
ұлттық сананы қалыптастыру деңгейін арттыру ұлттық мәндегі мәдени 
ақпараттардың барынша таралып, рухани дамудың алғышарты ретінде
қызмет ете алуымен байланысты екенін ескерсек, ал оның кеңінен таралып, 
насихатталуына 
бірден-бір 
ықпал 
ететін 
тілдік 
құралдың 
интертекстуалдылық байланыс ұғымымен байланысты екендігі анықтауды 
қажет етеді. Бұл арада, ұлттық мәдениетті игерудегі негізгі құрал - кӛркем 
әдебиет екендігіне баса назар аударылып отыр. Кӛркем шығарма - әр қоғам, 
әр заман адамдарының ӛмірінен туындаған мәтін болса, осы мәтіндердегі 
интертекстуалдылық белгілер – ұрпақтар арасындағы байланысты кӛрсететін 
мәдениет феномені. Ғалымдар интертекстуалдылық байланысқа мәдени 
кодтың таратылу, тасымалдану түрлерінің бірі деген анықтама береді. Осы 
тұрғыдан алып қарағанда, ілкі мәтін фольклор мен кейінгі мәтін кӛркем 


әдебиеттің тілдік сабақтастығын зерттеу – рухани код қызметіндегі ілкі 
мәтіннің ақпараттық әлеуетін тануға, ұлттық мәдениетті жаңғыртуға тигізер 
ықпалын зерттеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет