Сабақтың тақырыбы: Мәтін Мақсаты: Оқушыларға мәтін тақырыбын ұғындыру, сөздік қорын байыту



Дата25.12.2016
өлшемі87,57 Kb.
#4332
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта білім беретін мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі.

Раймкулова Дилмира Омирбеккызы

Қазақ тілі пәні бойынша 3-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Мақсаты: Оқушыларға мәтін тақырыбын ұғындыру, сөздік қорын байыту.

Күтілетін нәтижесі: Оқушылар дайын мәтінге ат қойып,талдайды негізгі ойды таба алады.

Әдістер: миға шабуыл, «Постер қорғау» , «Стоп-кадр», «Екі жұлдыз, бір тілек»

Ресурстар:суреттер, оқулық,жазу дәптері, интербелсенді тақта, түрлі-түсті қағаздар.


Блум

таксономиясы


Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

І. Білу-түсіну

7 мин.


Миға шабуыл.

–Дыбыстар нешеге бөлінеді?

–Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауыссыз дыбыстар ше?

–Дыбыстардан не құралады?

–Сөздерден не құралады?

Мәтін неден тұрады? Мәтін дегеніміз не?



Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, тақырыпты өздері ашады.

ІІІ. Қолдану

12 мин.


Салыстыр. Қайсысы мәтін?

Біз үшінші сыныпта оқимыз. Інжугүл-хош иісті өсімдік. Мирас ұшқыш болғысы келеді.

Інжугүлдің гүл шоғының пішіні қоңырауға ұқсас. Оның гүлі аппақ. Тұқымы жануарлар арқылы таралады.

Мәтінді қандай белгісі арқылы анықтадыңдар? –Мәтінге атты қалай қояды.?

«Мозайка» әдісі бойынша топқа бөлу.


Оқушылар берілген берілген сөйлемдердің қайсысы мәтін екенін табады.

«Постер қорғау»


І- топ. «Күз» тақырыбына мәтін құрастырады.

ІІ-топ. «Жаз» тақырыбына өлең құрастырады.

ІІІ-топ. «Көктем» тақырыбына сурет салады.


IV.Талдау

10мин.


Дәптермен жұмыс.

Мәтіндегі сөйлемдердің соңына тыныс белгісін

қойып, ажыратып жазуға тапсырма береді.


Оқушылар мәтіндегі сөйлемдерді ажыратып жазады

V.Жинақтау

8мин.


Оқулықпен жұмыс.
«Ас атасы нан» мәтінін стоп-кадр әдісі бойынша айтады.

Оқушылар мәтінді оқиды,айтады.




VI.Бағалау.

5 мин.


3 мин

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау


Сабақ барысында алған смайликтері бойынша бағалау.



Қазақ тілі пәні бойынша 3-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Әңгімелеу мәтіні
Мақсаты:Не? Сұрағына жауап беретін әңгімелеу мәтінін ұғындыру

Күтілеті нәтижесі: Әңгімелеу мәтіні туралы біледі, сурет арқылы өз бетімен әңгіме құрай алады. Дұрыс сұрақ қоя біледі.

Әдістер: Миға шабуыл, «Айналмалы бекет» стратегиясы, «Ыстық орындық» стратегиясы

Ресурстар:Оқулық, маркер, стикер, жұлдызшалар, суреттер, мәтіндер, интербелсенді тақта, түрлі-түсті қағаздар.





Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті


І. Білу.

4 мин.


Мұғалім мәтіннің қандай белгілері бар екенін сұрайды.(сұрақ-жауап)

Мәтін туралы не білдік?



Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, мәтінге тән белгілерді айтады.


ІІ. Түсіну.

5 мин.


Оқулықпен жұмыс. Берілген мәтінді оқытып, сұрақ қоя отырып, мәтіннің қай түріне жататынын ұғындырамын.


Оқушылар мәтінді оқып, мәтінің қай түрі екенін анықтайды.

ІІІ. Қолдану

10 мин.


«Айналмалы бекет» стратегиясы Берілген ертегіні сурет ретімен жазғызамын.

Оқушылар ертегіні сурет ретімен жазады.

Әр топ жазған ертегілерін бір-біріне ауыстырып дұрысын тексереді.



ІV.Талдау

8мин.


Мәтінді талдату арқылы әңгімелеу мәтініне жататынын дәлелдетемін.

Әңгімелеу мәтініндегі не істеді? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазып, себебін талдап түсіндіреді


V.Жинақтау

8мин.


Оқулықтан ертегіні жеке оқу.

Жұпта талдау.




Оқушылар жұпта талдайды.

VI.Бағалау.

10мин.


Шығармашылық тапсырма беремін
Кері байланыс.
«Ыстық орындық»

Оқушылар өздерінің басынан өткен бір қызық оқиғасын айтып, әңгімелеу мәтінін жазады. Сабақ бойынша қалай қатысқанын айтып,бірін-бірі бағалайды.


Қазақ тілі пәні бойынша 3-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар



Сабақтың тақырыбы: Сипаттау мәтіні

Мақсаты: Оқушыларға қандай? сұрағына жауап беретін сипаттау мәтінін ұғындыру

Күтілеті нәтижесі: Оқушылар сипаттау мәтінін ажырата біледі,тірек сөздерден толық мәтін шығара алады

Әдістер: «Қарлы кесек» стратегиясы, «Жұптасып-ойлан бөліс» стратегиясы, АКТ.

Ресурстар: Оқулық, постер қағазы, стикер, суреттер, мәтіндер, интербелсенді тақта.


Блум

таксономиясы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І. Білу.

8 мин.


Ұранымыз:

Оқып, үйрен, талаптан

Күліп, ойлан, шаттан

Тапсырма беріп,сұрақ арқылы сипаттау мәтінін түсіндіремін.



Мәтіндегі көп нүктенің орнына керек сөздерді қойып, оқып, мәтінге ат қояды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп,мәтіннің түрін анықтайды.

ІІ. Түсіну.

5мин.


Сипаттау мәтінін түсіну үшін екі түрлі зат сипатталған жұмбақты шешуді тапсырамын.


Екі жұмбақты оқып, шешуін тауып, себебін түсіндіреді


ІІІ. Қолдану

10 мин.


«Қарлы кесек « стратегиясы

3 топқа суретті сипаттамын.

1. «Түлкі»

2. «Арыстан»

3. «Бүркіт»


3 топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, келесі топтың орнына ауысып, мәтінді толықтырып, келесі топты толықтырып өз орындарына келеді. Оқушылар топпен қорғайды.


IV.Талдау

5мин.


Әңгімелеу және сипаттау мәтінін айыра білуге тапсырма беремін.

Сергіту сәті



Оқулықтағы екі жаттығуды оқып, айырмашылығын тауып, қай мәтінге жататынын түсіндіріп жазады.


V.Жинақтау

10мин.


«Жұптасып-ойлан бөліс» стратегиясы. Берілген тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрастырып жұпта талдатамын.

Берілген тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін жұппен талдайды.


VI.Бағалау.

7 мин.


Кері байланыс

«Алақан» әдісі.

Бағалау

Жұлдызшалар арқылы бағалау.




Қазақ тілі пәні бойынша 3-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Пайымдау мәтіні

Мақсаты : Оқушыларға не үшін? Сұрағына жауап беретін пайымдау мәтінін меңгерту

Күтілеті нәтижесі: Оқушылар пайымдау мәтінін анықтай алады.Сұрағы бойынша басқа мәтіннен ажырата алады. Алған білімдерін жинақтай алады

Әдістер: толықтыру стратегиясы

Ресурстар: Оқулық, маркер, стикер, суреттер, мәтіндер, интербелсенді тақта, түрлі-түсті қағаздар, топтастыру.

Блум

таксономиясы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І. Білу.

5 мин.


Сұрақтар қою арқылы мәтін түрлерін анықтамын.

Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, мәтін түрлерін ажыратып айтады


ІІ. Түсіну.

8 мин.


Иньербелсенді тақтадан суреттер

көрсетемін.




І топ. Сипаттайды

ІІ топ. Әңгімелейді

ІІІ топ. Пайымдайды


ІІІ. Қолдану

12мин.


«Дана үкі» стратегиясы

І топ. «Менің сүйікті ауылым» Сурет салдырамын.

ІІ топ. «Мен демалысымды ауылымда қалай өткіздім?» әңгімелетемін.

ІІІ топ «Мен ауылымды неліктен жақсы көрем» зерттетемін.


Оқушылар сурет салады, әңгімелейді, зерттейді.



IV.Талдау

5мин.


Мәтіндегі сөйлемдердің соңына тыныс белгісін қойып, ажыратып жазуға тапсырма беремін.

Оқушылар мәтіндегі сөйлемдерді ажыратып жазады


V.Жинақтау

10


Топтастыру.

Мәтін туралы білетіндерін топтастырады.



Мәтін және оның түрлері туралы білетіндерін жинақтап топтастырып жазады.


VI.Бағалау.

5 мин.


Кері байланыс

«Өрмекші торы»

Бағалау.


Жүрекшелер мен бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет