Абдолла Ишан мешіті



бет3/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Айша бибі кесенесі

Айша бибі кесенесі, Тараз қаласынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Айша бибі ауылында орналасқан. Республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштер санатында.


Кесене құрылысы ХІ-ХІІ ғғ. салынған жергілікті сәулет өнерінің ерекшеліктерін сақтай отырып, ұлттық нақыштармен безендірілген. Жалпы көлемі 7,6 х 7,6 м болатын кесененің құрылысы өсімдік тектес және геометриялық пішіндегі 62 түрлі ою-өрнекпен өрнектелген қыш кесектен өрілген. Қашаумен үңгіп жасалған оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Кесененің төрт бұрышты, мұнаралы бағандармен шегенделіп, төбесі күмбезді етіп көмкерілген.
Айшы бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктіктегі бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...» деген сөздер жазылған.
Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған.
Кесенені тұрғызған шеберлер мен қайталанбас өнер туындысы саналатын ескерткіштің салыну тарихына байланысты нақты ресми мәліметтер жоқ, тек ел аузында көптеген аңыз-әңгімелер қалған.
Айша бибіге қатысты ел жадында көптеген аңыз - әңгімелер сақталған. Бір деректерде, Айша XI ғ. танымал ғалым, әрі ақын Хәкім Сүлеймен Бақырғанидің қызы болған делінсе, келесі бір аңызда Шығыс әулиелерінің бірі, сахабалар әулетінен шыққан киелі Зеңгі баба мен Ануар бегімнің қызы делінеді. Барлық аңыздардың негізгі желісіне назар аударсақ, Айша сұлу сол кездегі әлеуетті Қарахан мемлекетінің билеушісі Шах Махмуд Қараханмен кездесу үшін іңкәрлік сапарына шығып Таразға келе жатады. Қос қорғанды, құдіретті қалаға таяу қалғанда Айша ару аяқ суытып, жуынып – шайыну үшін қала іргесіндегі Аса өзеніне аялдайды. Сол жерде қапыдан жеткен қауіптің тырнағына ілініп, улы жылан шағып, бақиға аттанғандығы айтылады.
Азалы сәттің ауыр салмағынан жан-дүниесі жаралы болған жас баһадүр Қарахан Айшаны сол маңға арулап жерлеп, жас қабірдің басына адалдық белгісі ретінде махаббат күмбезі ретінде әсем кесенені тұрғызған.
Бүгінде Айша бибі кесенесі жергілікті халық ұғымында адалдық пен тектіліктің белгісіне айналған қасиетті мекен. Отандық және шетелдік туристер мен махаббаттың символы ретінде отбасылық өмірге жаңа қадам басқан жас отау иелері келіп тәу ететін көпшілік орынға айналған.


Әдебиеттер

  1. Маргулан А., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. Алма-Ата, 1959. С. 99-102.

  2. Труды Се­миреченской археологической экспедиции 1936-1938 гг. Талас­ская долина. Алма-Ата, 1949. С. 75-81;

  3. Материалы обследова­ния памятников архитектуры Жамбылской области. 1984-1989, 2000; паспорт памятника (архив НИПИ ПМК).

  4. Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы Жамбыл ауданы – Алматы, 2010 ж., 63-64 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет