Абсентғасыр жылқысы Абсент ғасыр жылқысына арналған мүсін Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылының солтүстігінде 600 м қашықтықта, Ат спорты манежінің алдындағы алаңда орналасқан. Жылқы мүcіні арнайы мыстан жасалынып, 1976 ж. бетонды тұғырдың үcтінe opнатылған.
Абсент – ахалтеке тұқымының қара түcті айғыры 1952 жылы туылған. Луговое жылқы зауытында тәрбиеленген. Салт жүрудің жоғарғы мектебі бойынша Олимпиада ойындарының бip дүркін, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы.
Абсенттің әскесі 1935ж. Ашхабад – Москва ат жарысына қатысып, жүлдегер болған. Мәскеуде – Қызыл алаңда 1945 ж. 24 маусымында өткізілген Ұлы Отан соғысы жеңісіне арналған бас қолбасшы Г.К.Жуков мініп шыққан ақбоз айғыр еді Шешеci – Баккара eciмді бие.
Абсентті Алматы ат спорты мектебінде дайындықтан өткен және жаттықтырушысы – КСРО спорт шебеpi К.Ш.Eciмов. 1958 ж. Абсент салт жүруден Еуропа біріншілігінде eкiнші орынды (Аахен, ГФР), 1959 ж. КСРО халықтарының спартакиадасында КСРО чемпиондық атағы мен алтын медальді; Санкт-Галленада (Швейцария) олимпиаданың алдындағы жарыста екінші орынды жеңіп алды. 1960 ж. Римде өткен XVII - олимпиадалық ойындарда еңбегі сіңген спорт шебері С.И. Филатов Абсентпен (КСРО ат спорты тарихында бірінші рет) алтын медальді ұтып алып, чемпион атанды. 1964 ж. Токио Олимпиадалық ойындарында қола жүлдені, Мехикода өткен XIX - олимпиадалық ойындарда төртінші орынды жеңіп алды (Мексика, 1968).
Жылқының шын өлшемінен бip жарым есе үлкен болып келген ескерткіш аттың нәзік бейнеде берілген. Мүсіннің биіктігі – 2,7 м, тұғырынікі – 2,2 м. Абсент мүсінде жігерлі және анық аллюр жүрісімен бейнеленген. Тек спорт жылқыларына ғана тән аумақты мойыны иіліп берілген. Тұғырының бүйір жағына «Абсент – Рим Олимпиадалық ойындарыныц чемпионы» деген жазу бар гранит тақтасы орнатылған.
Әсем жүрісімен бүкіл әлемде алдына қара салмаған ақалтеке тұқымдас осы айғырдың «Абсент» деген есімі жылқы сүйер қауым арасында осы күнге дейін әлі аңыз болып келеді. Абсент тек Қазақстанның атағын шығарған жоқ, сонымен қатар ақалтеке тұқымының абыройы мен даңқын асқақтатып, бүкіл әлемге паш етті.
Атақты тұлпар Абсент 1975 ж. 2 ақпан күні мерт болып, 1976 ж. мамыр айында қабірінің дәл қасынан мәрмәр тұғыр үстіне екі жарым тонна қара қоңыр мыстан соққан ескерткіш орнатылады. Әлемді талай жыл бойы таңқалдырған «Абсент» тұлпарлар тарихына аты өшпестей болып жазылып қалады.